Қар барысы немесе ірбіс - аулауға тыйым салынған, санының азайып кетуіне байланысты халықаралық және 1996 жылы ұлттық «Қызыл кітапқа» енгізілген жануар.
Мекендейтін жерлері: Орталық Азиядағы таулар, Солтүстік Үндістан, Пәкістан, Байкал, Тибет өңірлері.
Қазіргі таңда барыстың саны өте аз, ал таралу аймағы тарылып, барыстың саны кемуде.
Барыстар көбінесе басын мәңгі қар басқан тасты тік беткейлер мен қияларда көп жүреді. Қыста қар қалың түскенде, барыс таудың орманды белдеуіне дейін төменге түседі.
Олар архар, тау теке, тау ешкі, елік, ұлар мен кекілік секілді жануарлар мен құстармен қоректенеді.
Барыстың дене тұрқы 125 – 135 см, биіктігі 60 см, құйрығы 90 – 100 см, салмағы отыз – қырық килограмдай. Түсі көк сұр, теңбіл шұбар, сақина тәрізді дөңгелек қара дақтары бар, жүні ұзын әрі қалың.
ұрақты сөз тіркесі, фразеологиялық тіркес – екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуінен жасалып, бір ұғымды білдіретін бейнелі сөздер тобы.
Тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы сөздер өздерінің дербес мағыналарынан ажырап, жеке-дара сөздерге балама ретінде жұмсалады, олардың тіркестегі мағынасы жеке тұрғандағы мағынасына сай келе бермейді (көре алмау – қызғану; іші күю – өкіну, т.б.) тұрақты сөз тіркесі бірнеше топқа жіктеледі: идиомалық тіркестер немесе идиома (қабырғаңмен кеңес, ешкімнің ала жібін аттама); мақал-мәтел (Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар; Өнерлінің өзегі талмас).
Тұрақты сөз тіркесі қатарына бұлардан басқа екі кейде одан да көп сөздердің қатар жұмсалуынан жасалып, бастапқы мағынасын сақтай отырып, бір ұғымды білдіретін тіркестер (лексикалық тіркестер) де кіреді. Мысалы, қол қою, көз салу, қол ұшын беру, т.б.
Қар барысы.