Нужно составить 7 вопросов на казахском из текста. желательно переделать предложения под вопрос. әкесі достарының шынайы дос еместіктерін қанша айтып жүрсе де, онымен келіспей «сіз оларды білмейсіз – олар менің шын достарым» деп үнемі қарсылық көрсетеді. бір күні әкесі: «олай болса достарыңды сынап көрелік. бір қойды сойып, оны бөлшекте дағы, қан-қан күйінше етті бір қапқа салып кел» – дейді. айтқанды жасайды. «енді», – дейді әкесі – «осы қапты алып достарыңа бар да «біреуді өлтірдім, сүйегі мына қапта… маған көмектес», – деп сұра. достарыңның саған адал болғанын, болмағанын сонда көресің», – дейді. бір досының үйіне барады да, біреуді өлтіріп қойдым деп, одан өлікті тығуға көмектесуін сұрайды. бірақ досы келіспейді. «менен алыс жүр! » бәледен аулақ деп есігі алдынан қуып жібереді. тағы бір досына барса, ол да көмектеспей қайтарып жібереді. басқалары да солай. көңілі түсіп әкесінің алдына келеді. «айтқаныңыз рас екен. шын дос емес екен олар маған. ешбірі көмектескісі келмеді», – дейді ол мұңая. әкесі «айттым ғой, саған», – деп, енді пәлен жерде тұратын, пәленше деген кісіге сәлемімді айтып бар да, достарыңнан сұрағанды одан да сұра дейді. айтылған жерге барып, әкесінің досына жолығады. әкесінің сәлемін айтып, «біреуді өлтіріп қойдым, әкем сізді маған көмектеседі деп айтқан», – дейді. әкесінің досы дереу оны үйге кіргізіп, өзі үйдің артқы бақшасынан бір ор қазады. қапты сол орға көміп, үстінен қызғалдақтарды егіп тастайды. үйге қайтып келіп әкесіне досының көмектескенін, қапты бақшасына көміп, үстінен қызғалдақ еккенін айтып береді. бұл жолы әкесі: «енді сол досыма қайтып бар да, ел-жұрттың алдында бүлік шығарып, оны мазала», – дейді. таң қалады, бірақ әкесінің айтқанын орындайды. қайтып барып әкенің досына түрлі жаман сөз айтып, ел-жұрттың алдында бүлік шығарады. сонда да ол кісі ға: «әкеңе сәлем айт. мен бір боғауыз сөз үшін қызғалдақтары бар бақшамды қопаратын емеспін», – дейді.