. нужно выписать 3 прилагательных слова из текста! Нужно до ! Жанар! Атың қандай әдемі! Сендердің бұл қызбен танысып қоюларың керек. Осы повестің бас кейіпкерінің бірі болуға Жанар - татитын қыз. Екеуіміз бірге оқимыз. Жанар – біріншіден, кластағы ең ақылды қыз. Екіншіден, сұлу. Әсіресе қызыл береткасын киіп жүргенде, сон- дай құлпырып, жайнап кетеді. Даусы қандай шіркіннің, ән салғанда тыңдасаң!. Басына үкілі тақия киіп, мың бұралып «Қамажайға» билегенін көрсең!. Барып тұрған өнерлі қыз!. Кластағы бірінші үздік оқушы. Жанарды ойыма алсам, мен қатты қуанып кетемін. Шіркін-ай, былай болса, адам әуелі үлкен болып жаралса, өмірдегі өзіне тиісті қызмет-мамандығын атқарып болғаннан кейін барып балаға айналса. Сонда маған Майқанова қалай қарар еді? «Үлкен кезінде ол әйгілі жазушы болған, оның есімі бүкіл дүниежүзіне мәлім. Олай болса, менің оған ұрса бергенім жарамас, жазушыны сыйлау керек!» - деп ойлар еді.. Жанардың үйі көшенің басына таман, өзенге таяу. Әкесі — Балабек бригадир болып істейді. Мамасы Қырымға курортқа кеткен... Жанардың үйде жалғыз екенін білгенде қуанып кеттім. «Не де болса, сөйлесейін» деп ойладым, - Кеш жарық, Жанар! Жанардың таңданған жүзі дереу күлімсіреді. Қасыма жүгіріп кеп, шарбақтың үшкіл басынан ұстап, бетпе-бет тұра қалды. - Кеш жарық, Қожа! Неғып жүрсің? – деп сұрады ол. - Мен түнделетіп жайлауға кетем Мамаңа барасың ба? - Иә. Сен неге лагерьге бармадың? - - Мамам келгенше үйде болып, əжеме көмектесем. Майқанова апай: «Лагерьге келесі кезекке жолдама берем», - деді. Жанар осыны айтты да: - Қожа, менің әжем үйде жоқ. Жүр, дойбы ойнайық!, - деді. (Б. Соқпақбаев)
Сол сұрапыл сұм соғысқа менің атам Сәрсенов Жеңсікбай Аманұлы 1943 жылы аттанған екен. Менің атам Сәрсенов Жеңсікбай 1926 жылы қаңтар айының бірінші жұлдызында Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қарашоқат бекетінде дүниеге келген. Ата - анасы шаруа адамдары болған. 17 жасқа толғанда әскерге алыныпты. Алғашында 2 ай бойы Орынбор қаласында мылтық атуды үйреніп, жаттығудан өткен. Осы жылы Минск қаласында шайқасқа қатысыпты. Ол кісі көзінің тірісінде балаларына бар білгенін, ақылын аямай санасына сіңіруге тырысатын. Бізге ертегі боп көрінетін соғыс жайында сұрағанымда жанарына бір мұң ұялап, терең күрсініспен сөзін іркіп - іркіп бастайтын. «Балам - ау, соғыс жақсы емес қой, әскерге 1943 жылы аттандым. Екі айдан соң 95 – ші полкке жіберді, оған екі жүзге жуық бала болып бардық, бәрі де өте жас болатын. Москвадан кетіп Воронеж деген қалаға жақындағанда немістің алты самолеті составты атқылап көп адамымыз шығынға ұшырады. Қалған жүзге жуық жаралысы бар, сауы бар жауынгерді қалың тоғай арасымен жаяулатып екі күн дегенде 127 - ші полкке әкеп қосты. Үш күн өткеннен кейін мені командиріміз дивизияға жіберді. Онда мен пулеметчик қылды. Соғыс зардабы кім - кімге де ес жиғызған жоқ. 1945 жылы соғыс аяқталса да, соғыстан кейінгі уақыт ең қиын кезеңдердің бірі болды. Қаншама жауынгерлер жаралы оралса, қаншама адамдардың үйіне күн сайын қара қағаздар жіберіліп жатты...» Атам жанарын бір нүктеге қадағандай қатты да қалды. Бейне бір майданды кино лентасынан көріп тұрғандай... көз алдына елестеп те кеткен болар.
Атам 1950 жылы елге аман - сау оралып, үй іші қуанышқа кенеліпті. Ауылға келген соң қызу еңбектің ортасы теміржолда еңбек етіп жұмыс жасапты. 1952 жылы Жеңсікбай атам Шүкен әжеммен бас қосып, үлгілі жанұялардың бірі атаныпты. Үш ер бала мен екі қыз бала тәрбиелеп, оларды оқытып, елге сыйлы азаматтар болуына үлесін қосыпты. Кейінгі жылдарда Қарашоқат бекетінің кезекшісі қызметін атқарып, 1979 жылы жол жөндеуші болып жұмыс жасапты. Кәсібінен нәсібін теріп еңбегімен еленген атам осы қызметінен зейнеткерлікке 1985 жылы шығыпты. Ауылдағы үлкен жанұяға айналған отбасыдан балалары тарап, тамыры терең жайылыпты. Әр баласы бөлек - бөлек шаңырақ көтеріпті. 21 немересі, 13 шөбересі бар бүгінде. Жыл сайын көктеммен бірге келетін Жеңіс тойына омырау толы медалін тағынып жиындарға қатысып жас жеткіншектерге өз батасын беруші еді. Шіркін, өмірдің зулап, зымырап өтуін қарашы. Ол кез оралмасқа кетті.
Ақыл - кеңестің таусылмас қазынасындай боп үйдің төрінде отыратын тау тұлғалы атам 84 жасқа жеткен кезінде, 2010 жылы бұл дүниеден мәңгілік сапарға аттанды. Бұл қаза менің жаныма қатты батты. Амал не, әр күн сайын атамды еске алып сағынышымды басамын.
Қазір біз болашағы жарқын, бағыты айқын тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз. Бүгінгі ұрпақ бұл азаттықтың қалай келгенін әрине біледі. Қазіргі таңда қаншама елдің бірлігінің бұзылған уақытында тату - тәтті ғұмыр кешіп жатқан біздер, шынымен де бақыттымыз. Бұл тәуелсіздік менің Отаныма берілген тәңірдің сыйы. Аналар да, балалар да жыламасын, даламыз жұтамасын. Ұланғайыр кең даламды соғыс өрті шарпымасын. Бұл әрине барлық а ң арман - тілегі. Бейбітшілік жасасын!
Объяснение:
Атам деген жерді көршім немесе жақыным деп алсаң болады
Ұлттық киім-кешектеріміз – біздің құндылықтарымыздың бірі.Қазақ халқының киім үлгілері ертеден ешбір халықтан кем болған жоқ.Себебі,ол сан алуандығымен,ыңғайлылығымен ерекшеленеді.Біздің ұлттық киімдерді сый ретінде жақындарына сайласа,бірде ырым ретінде де киетін болған.Киіміздің өн-бойында,ою-өрнектерінде байтақ даламыздың тарихы жатыр десек те болады.Халқымыздың ұлттық киімдерін ерлер киімдері және әйелдер киімдері деп екіге бөлеміз.Ерлер киімдеріне: айыр қалпақ, зерленген тақия, шапан, шалбар, тымақ және тағы да басқалары жатады.Ал әйелдер киімдеріне:көйлек, сәукеле, кимешек, кебіс-мәсі, тақия, бөрікті жатқызуға болады.Қазақ халқының ұлттық киімдерінің осынша әдемі болуы – елімізде қол өнердің дамығандығының белгісі.Дана халқымыз “терек – жапырағымен,
денең шүберегімен сұлу” деп айтып кеткендей,қазақтар жиындарда,той-думанда,тіпті соғысқа аттанарда да киім киістеріне мән берген.Мысалы:әйелдер қысқа көйлек кимесе,сал-серілер болса айшықты да сымбатты киіне білген.Олардың бөрік,тақияларында үкілері болған.Міне,осылайша қандай нәубет болса да қазақ халқы өз ұлттық құндылықтарын күні бүгінге шейін сақтап келді.

Қазақтың ұлттық киімдері.