В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
mashenka204
mashenka204
05.04.2020 15:26 •  Қазақ тiлi

О, Ақтан жас, Ақтан жас, Сенде жетер ме екенсің?

Жетімдіктің белінен

Асып өтер ме екенсің?

Жарық сәуле көре алмай,

Ел шаңына ере алмай,

Сол бойы кетер ме екенсің?

Жапанға біткен жапырақ

Жамылсан тонар ма екенсің?

Жазғы шыққан бүлдірген

Сұғыңсаң тояр ма екенсің?

Күрек тісін қасқайтып

Сұлу сүйер ме екенсің?

Бадана көз, тоғыз тор

Сауыт киер ме екенсің?

Білтеліні тұтатып,

Түтінін үзбей оқ атып,

Жау қашырар ма екенсің?

Тұлпар атты жаратып,

Құйрық - жалын таратып,

Бежін ерді ерлетіп,

Жорыққа жортып, терлетіп

Сырты қырлы, жүзі алмас,

Салған дағы жоғалмас

Сапы асынар ма екенсің?

Босағасын борлатқан,

Таңдайға дәмі татымас

Керегесін торлатқан,

Тегерішін манаттан,

Жібектен ызып бау таққан

Үйге кірер ме екенсің?

Тең құрбыңмен теңеліп,

Шаруа жиып кенеліп,

Бала сүйіп, мал жиып,

Керсеніңе бал құйып,

Өмір де сүрер ме екенсің?

Жетімдіктен өтерсің,

Шаң бермей әлі кетерсің.

Қажыма, Ақтан, қажыма,

Жетерсің, әлі жетерсің.

1. Автордың өлеңді жеткізуде қолданған тәсілі [1]

A) Психологиялық параллелизм

B) Екі нәрсені шендестіру

C) Екі нәрсені салыстыру

D) Өлең басындағы қайталаулар

E) Риторикалық сұрау

2. Өлең жолдарындағы эпитетті тіркестер [1]

A) Құйрық-жал

B) Шаң бермес

C) Керсеңге құйып

D) Жарық сәуле

E) Шаруа жиып

2- тапсырма [3 ]

Өлеңдегі: «Бадана көз, тоғыз тор, Сауыт киер ме екенсің?» деген ақын ойын өз сөзіңмен түсіндіріп 2-3 сөйлеммен жазыңыз

3- тапсырма [4]

Ы.Алтынсариннің «Қыпшақ Сейтқұл» әңгімесіндегі басты кейіпкер Сейтқұлдың портреті мен іс-әрекеттерін сәйкестендіріңіз

Портретін ашатын ерекше қасиеттері Іс-әрекеті

Ел қамқоры Жер тегістеп, егін егіп, шығыр тартады

Ел ағасы 5-6 жылда Сейтқұлдың елі 400- ге жетті

Асқан еңбекқор Шымнан қорған салдырып, қарауылды көбейтті

Ел қауіпсіздігін сақтаушы Отыз үйлі тобырына жайлы мекен іздейді

4- тапсырма

«Дүние қалай етсең табылады?» әңгімесіндегі тіленші Антонның қайыр сұрауын тоқтатуға негіз болған оқиғаға өз көзқарасыңызды 2- 3 сөйлеммен жеткізіңіз [3]

5- тапсырма [8]

Ы.Алтынсариннің «Атымтай Жомарт» әңгімесіндегі Жомарт өзінің басты құндылығы: қайырымдылығымен, асқан жомарттығымен ел ішіне аңыз болып тараған. Сіздің ойыңызша, «Қазіргі кездің Атымтайлары» деп қандай адамдарды айтуға болады? Ойыңызды жүйелеп, нақты дәлелдемелер келтіріп, әдеби эссе жазыңыз. Көлемі 80-100 сөз

Показать ответ
Ответ:
kartil
kartil
12.02.2021 21:35

1)Е риторикалық сұрақ

2)Д жарық сауле

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота