Қоғам дамуына орай мамандарға деген сұраныс әрқашан өзгеріп тұрады. Болашақтың мамандығы-бұл келешекте ең қажетті, ең табысты деп саналатын мамандықтар. Төменде көрсетілген мамандықтар Ұлы Британияның атақты Fast Future компаниясының зерттелуімен жүргізілген. Зерттеушілердің болжамы бойынша, жақын болашақта IT-технолог, бағдарламашылар, инженерлер және нанотехнологиямен байланысты мамандар болады. Нанотехнология ғылымның барлық саласын қамтиды: медицина, тамақ өнеркәсібі, мәшине жасау, ғарыш технологиясы және т.б..
IT-технолог, бағдарламашылар –кез келген мекеме мен кәсіпорынның жеке сайттарын жасап, олардың жүмыстарын, есептерін, байланыстарын және т.б. істерін жүргізетін мамандар.
Нано дәрігерлер - бұл мамандық иегерлері дәрігерлердің бөлігі. Бұл дәрігерлер адамды тек қана емдемей, оларға қажетті жаңа күштер қоса алады.
Виртуалды ұстаз - бұл мамандық иегерлері қазіргі уақытта да кездеседі. Келешекте біздің түсінігіміздегі университеттер, мектептер жоғалып, оның орнына виртуалды яғни, компьютермен жұмыс істеу.
Климат менеджері - бұл мамандық иегерлері аты айтып тұрғандай ауа-райымен жұмыс жасайды. Олар ауа-райын табиғи емес, жасанды түрде зерттейді.
Метеорг-полицейлер - бұл мамандар келешектегі нашар ауа-райына байланысты түрлі қылмыс болады деп есептелінеді. Сол себепті олар климатпен қатар, тәртіпті де бақылайды.
1. Мәтінге тақырып қойыңыз.
Байқап қарасақ, бүгінде ғаламтор жастар өмірінің айнымас бір бөлігіне айналғандай. Өйткені, жолда, жұмыста, тіпті ас ішіп отырса да ұялы телефонға немесе агентке телмірген жастарды көретін болдық. Басым көпшілігін сыртқы орта, айналасы, ата-анасы, достары, оқу мәселесі қызықтырмайтыны соншалық, ғаламторға сүйеніп, кітап оқуды, ізденуді қойды десек те болады. Өйткені, ғаламторға кіріп, керекті мағлұматтың атын жазсаңыз болғаны, түрлі рефераттар, зерттеулерді тауып, дайын нәрсені шығарып, мұғалімге өткізе салады. Бұрындары бесік жырын, әжесінің ертегісін тыңдайтын бала қазір компьютердің ойындарын, ғаламтордың мағлұматтарын тыңдайды.
Сонымен қатар, сүйегі енді қатып келе жатқан баланың компьютер алдында ұзақ отырғаннан көзі талып, жотасы сыздап, тәй-тәйлап қадам басқаннан-ақ көзілдіріктің көмегіне жүгініп жатқаны. Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәуле көзге кері әсерін тигізіп қана қоймай, баланың ұдайы отырғанынан түрлі ауруларға шалдықтырады. Онымен қоса, компьютерге енгізілген ойындар атыс-шабыс, қан төгу және жауыздыққа бағытталған болып келеді. Осы ойындарды бала ойнағаннан, оның психологиясына жаман әсер беретінін өздеріңіз де білесіздер.