Ана жайлы ойыңды, айтып тауса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді. Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана — әрбір а үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. А алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана
Көкшетау– Ақмола облысының әкімшілік орталығы. Көкшетау Қопа көлінің жағасында орналасқан, Көкшетау үстіртін алып жатыр, оны геологтар Көкшетау үйіндісі деп атайды және оның «Қазақ Швейцариясы» деген ақындық аты бар.Көкшетау– таза, әдемі қала. Егер қаланың оңтүстік батыс жағында орналасқан төбеге шықсақ, көз алдымызға керемет бейне көрінеді: батыста көлдің су айдыны мен жағажай алқабы, солтүстік шығыста жазықтық, ал оңтүстікте төбелер бар.Демалыс пен туризмҚаланың оңтүстік шығыс жағында Бурабай көлі бар, оның жағасында келушілерге ыңғайлы көптеген сауықтыру және туристік объектілер бар. Бұл жерде сізге ұлттық тағамның түр түрін және атпен серуендеуді ұсынады. Таудың енсіз жолдарымен Бурабай көлінен Шабақты көліне түсуге болады, бұл жерде турист жабайы табиғат жағдайында ұмытылмас демалыс жасауына болады: шатырда ұйықтау, тау бұлағына жуыну, отта өзіне тамақ әзірлеу.Бүгінгі қалаҚазір қалада 2 мыңнан астам түрлі меншіктегі әртүрлі өнеркәсіп жұмыс жасайды. Олардың кейбіреулері белсенді қызмет атқарады және қала ішінде, сонымен қатар Қазақстанның сыртында үлкен беделге ие. Қалада жекеменшік кафе, дүкен, шаштараз, бөлімшелер жұмыс жасайды. Қазақстанның ірі банкілерінің филиалдары қызмет атқарады.1996 жылдың маусымында үш ЖОО негізінде – педагогикалық, ауыл шаруашылық және политехникалық – ғалым-энциклопедист Ш.Уәлиханов атындағы университет ашылды.Қаланы көгалдандыру қала тұрғындарының қамқорлығында. Келешекте жалпы қолданыстағы жасыл көшеттердің ауданы бір тұрғынға шаққанда 21 шаршы метрге дейін жеткізу жоспарланған (қазіргісі 7,7 шаршы метр). Мамандар жасанды тәлімбақты құру мәселесін қарастыруда.Пайдалы сілтемелер (дерекнама)
Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана — әрбір а үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. А алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана