Оңай әрі қиын сұрақтар кестесі толтыр.Кестенің сол жағына оңай,оң жағына қиын сұрақтарды жаз.Көршіңе қиын сұрақтар көршінің өзі ойланып жауап беретін сұрақтардан тұрыу тиіс.
Толағай" - халық аңызы. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданындағы тау атауына байланысты аңызда бұрынғы өткен заманда, үлкен өзен бойында Саржан деген аңшы өмір сүргендігі, жылдар жылжып, күндер өткенде оның әйелі Айсұлу өмірге ұл әкелгендігі, қуанған әкешеше дүбірлетіп той өткізіп, балаға Толағай деген ат қойғандығы айтылады. Ертегі желісіндегідей сюжеттер бой көрсетіп, Толағай ай санап емес, күн санап өседі. Төрт жасында нағыз батырға айналып, жетіге келгенде белдесуге шақ адам табылмайды. Әкесімен бірге аңға шығып, атақты аңшыға айналады. Бірде олардың мекеніне жұт келеді. Жауын жаумай, қуаңшылық болады. Шөлден мал қырылып, адам өледі. Күннің ыстығынан киіз үй- ді паналап, анасымен әңгімелесіп, Толағай одан жаңбырлы жерді сұрайды. Анасы қиыр шетте өткен жастығын еске алып, ешқашанқұрғақшылықты білмейтін, шөбі шүйгін мекеннің бар екенін айтады, таулары аспан тіреген жер жаннатыТарбағатай жайлы ұзақ әңгімелейді. Ол көп жүріп шыңдарын қар басқан асқар тауларды тауып алады, оған биік тоғайлы, құстары сайрап, төбесін бұлт жапқан бір ғана тау ұнайды. Ол осы тауды құшағына алып, қатты ырғайды да арқасына салып, кері еліне қарай қайтады. Ол шаршамай ұзақ жүреді. Халық жылжып келе жатқан үлкен тауды көреді. Оны көтеріп келе жатқан Толағай екенін біледі. Найзағай ойнап, күн күркіреп, жауын селде- теді. Халық "Толағай" деп ұрандап, қуанышпен қарсы алады. Қуарған шөп көтеріліп, жан-жануар мөңіреп- азынап шулайды.
Кітап "Гарри Поттер және философиялық кітап". Оның авторы - Джоан Роулинг. Бұл кітапта озінің тәтесінің отбасысымен тұратын жетім бала Гарри Поттер туралы айтылады. Ол өзінің нағыз сиқыршы екенін білмейді. Ол 11 жасқа толған күні ол сиқыр мектебіне түскенін біледі. Мектепте оның достары (Гермиона Грейнджер, Рон және Невилл) және дұшпандары пайда болады. Квиддич ойынына бірінші курстағыларды алмайтын болса да, Гарриді квиддич ойнайтын командаға алды. Гарридың арқасында оның командасы квиддич матчында жеңеді. Өзінің әуесқойлығынын кесірінен ол әртүрлі жағдайларға түсіп жүрді, оны мектептен шығара жыздады. Профессор Маг-Гонагалл оған сыпырғыш сыйлады, ал профессор Дамблдор Гарридің әкесіне тиесілі болған көзге көрінбейтін мантия сыйлады. Соңында ол өзінің ата-аналарының жұмбақ өлімдері туралы біледі, өзінің достарымен бірге философиялық тастын сырын ашады және жаман сыйқыршының оны тартып алуна кедергі жасайды. Кейде Гаррида оқуда қиындықтар болушы еді. Жақсы сиқыршы болу оңай емес.