О. Бөкей «Апамның астауы» әңгімесінен үзінді.
1-тапсырма: Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Кейіпкерді кім тәрбиелеген?
2. Апаның ағаштан жасаған ыдысы?
3. Әпкемнің жасауын кім жасады?
4. Астау деген не?
1-тапсырма. Үзінді тыңдаңдар.
Апам менің
Менің апам – қолы алтын, құдіретті әйел еді. Қазақта осындай мықты, ақылды ұлы әйелдер болғаны қандай жақсы! Ертеректе қазақ әйелі не істеу керек болса, түгел апамның қолынан келетін.
Үлкен әпкем – Шолпан тұрмысқа шықты. Әпкемнің жасауын апам өзі дайындады. Тұскиіз бен құрақкөрпе тікті.
Апам менің ...
Жаз өтіп, қылышын сүйретіп қыс келді. Орман – тоғай, тау – тас аппақ. Қызыл тонымды киіп, ойнауға шығамын. Қолыма былғары қолғабымды, ақ пимамды киемін. Шанамды сүйреп шығамын.
• Мәтінді ойбөліктерге бөл.
• Әр ойбөлікте не туралы?
• Өз апаңды сипаттап бер.
Аудармасы.
- Сәлем, Әсем!
- Сәлем, Арман!
- Не істеп жатырсың?
- Өзімнің Отаным жайлы жазып отырмын.
- Өте қызықты, өзіңнің Отанын жайды айтып берші?
- Менің Отаным Қазақстан Еуразияның ортасында орналасқан. Елордамыз - Астана қаласы.
- Қазақстан қандай елдермен шекаралас?
- Қазақстан Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркменстанмен шекаралас.
- Қазақстанның қандай байлығы бар?
- Қазақстан көптеген пайдалы қазбаларға бай. Мысалға: мыс, мырыш, калий, темір т.б.
- Ал Қазақстанның табиғаты қандай?
- Қазақстанның табиғаты алуан түрлі. Еліміздің жартысы далалы болса, жартысы - орманды. Қазақстанда көрікті жерлер көп. Солардың бірі - Бурабай - еліміздің інжу - маржаны, екінші Швейцария атанып кеткен.
- Ал көлдер мен өзендер ше?
- Әрине, өзен мен өклдер де бар. Қазақстанда 8500 өзен мен 48 мыңнан астам көл бар, сонымен қатар Қазақстан Каспий теңізіне шыға алады.
- Бәрекелді, Отаның керемет екен!