О. Бөкей «Апамның астауы» әңгімесінен (үзінді), Ф.Оңғарсынова «Оюлар» өлеңі (үзінді) үзіндіде үлкен кісінің бата беруі, жасы кішілерге өсиет айтуы туралы айтылған
үзіндіде әжейдің жасы келгенімен әлі де тың, қолы шебер екендігі айтылады
қарияның денсаулығының жақсы екендігі, әлі де ұзақ ғұмыр кешетіндігі туралы айтылады
Фантастика - ең ескі жанр. Қазақ ертегілерінің ғажайып кейіпкерлері: таусоғар, желаяқ, саққұлақ, жалғыз көзді дәу, жалмауыз кемпірлер - өз заманындағы фантастикалық бейнелер. Аталмыш жанрдың түп атасы - ауыз әдебиеті. Ал біздің заманымыздың еншісі - ғылыми фантастика. Кезінде фантаст жазушыларымыздың қаламынан туған «робот» есімді темір адамдар жеті қат көктегі жұлдыздар әлеміне қадам басып, жер астына дейін сапар шекті. Кеңес дәуірінде осындай қиял-ғажайыпқа толы романдар, повестер, хикаяттар, әңгімелер жетіп артылатын. Олардың бәрі келешек пен өткен заманның құпияларын барлап, хал-қадерінше әдебиеттің, мәдениеттің дамуына ықпал етті.
Ал қазір ше? Қазіргі оқырман ондай қиял-ғажайыптарға сенуден қалып барады.