О.Бөкей «Тортай мінер ақбоз ат». 3-сабақ Қажетті сөздерді қойып, сөйлемдерді толықтыр. Жазды күндері үнемі сезіміңді сергітер майда леп есіп тұрар еді. Ал шоқылар өркеш-өркеш болып, көк күмбезіне кіріп ұшпалана қол бұлғайтын. Қыздың жиған тай-тай, тең-тең жақпар тастың ара арасына тас сарымсақ өседі. Бұл тұстан таудың балағы көрінеді. Сонау шатқалда Алтайдың мың бұралып, ағараң қағып Бұқтырма өзені күмістене ағады.
Ерлан Жүніс (7 қараша 1984 жыл Алматы облысы, Жамбыл ауданы) - ақын.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының лауреаты.
М. Х. Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің «Әлем тілдері» факультетін «әдебиетші, филолог» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
2001 жылы «Абай оқуларынан» Бас жүлде алған
2006 жылы Халықаралық «Шабыт» фестивалінде Президент Кубогі және Гран-При иеленген.
2009 жылы Баянауыл тақырыбында жазған «Үздік журанлист» Алтын белгісін алған.
2012-2013 жылдардағы Мемлекеттік Стипендия иегері.
2001 жылы «Жыр-Перзент», 2011 жылы «Киелі түндердің дұғасы», 2013 жылы «Хауас», 2014 жылы «Ғаусар», 2015 жылы «Үміт жырлары» жыр кітаптары жарық көрген.
Жамбыл облыстық «Ақ жол», «Ар-Ай» газетінде, Республикалық «Қазақ әдебиеті», «Айқын» газеттерінде, Қазақстан Жазушылар одағында әдеби консультант қызметтерін атқарған. Қазір ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы жанынан құрылған «ТӘЖ» (Тәуелсіздік. Әдебиет. Жастар) әдеби-интеллектуалды клубының жетекшісі.