Аққу өзінің тұлғасымен, күшімен, сұлулығымен барлық су және суда жүзетін құстардың патшасы. Өзі аппақ қардай, үлкен емес жалтылдаған мөлдір көзді, қара мұрынды, қара аяқты, ұзын майысқақ және әдемі мойынды, судың тегіс бетінде, жасыл қамыстардың арасында тыныш жүзіп жүргенде ол керемет. Аққулар қолға тез үйренеді. Жазда олар тоғанда жүзеді. Қызда жылы жерге оларды көшіреді. Аққулар балықпен, нанмен, астықпен қоректенеді. Орыс халқы аққулар туралы көп ән шығарды. Оларды еркелетіп, аққуым, қуым деп атайды.
«Отбасы» сөзінің фонетикалық талдауы.
Отбасы – 3 буын: от – тұйық, ба – ашық, сы – ашық.
О - дауысты, жуан, ашық, еріндік;
Т - дауыссыз, қатаң;
Б – дауыссыз, ұяң;
А - дауысты, жуан, ашык, езулік;
С - дауыссыз, қатаң;
Ы - дауысты, жуан, қысаң, езулік;
Сөзде 6 әріп, 6 дыбыс бар.
«Татулық» сөзінің фонетикалық талдауы.
Татулық – 3 буын: та – ашық, ту – ашық, лық – бітеу.
Т - дауыссыз, қатаң;
А - дауысты, жуан, ашык, езулік;
Т - дауыссыз, қатаң;
У дауысты, жуан, қысаң, еріндік;
Л - дауыссыз, үнді;
Ы - дауысты, жуан, қысаң, езулік;
Қ – дауыссыз, қатаң.
Сөзде 7 әріп, 7 дыбыс бар.
«Тәрбие» сөзінің фонетикалық талдауы.
Тәрбие: тәр – бітеу, би – ашық, е – ашық.
Т – дауыссыз, қатаң;
Ә – дауысты, жіңішке, ашық, езулік;
Р – дауыссыз, үнді;
Б – дауыссыз, ұяң;
И – дауысты, жіңішке, қысаң, езулік;
Е – дауысты, жіңішке, ашық, езулік.
Сөзде 6 әріп, 6 дыбыс бар.