Оқиық - 2. Мәтінді оқы. Қарамен берілген сөздердің мағынасын сөздіктен тап. Сөздіктің көмегімен аударып, түсініп ал. А. Құнанбайұлы – ұлы ақын. Ол – қазақ халқының мақтанышы. Абай атаның қолжазбалары - бізге жеткен мол байлық және маңызды мәдени мұра. Абай атамыз адамгершілік, достық, ме- йірімділік, білім, табиғат туралы көп жаз- ды. Біз бұл туралы музейде сақталған құ- жаттардан білеміз. Біз Абай атаның өлең, әндерін ата- әжелерімізден көп естиміз. Олар бала кезден Абай атаның өлең, әндерін жаттап өскен. 119
Мен осы жырдан керемет әсер алдым. Туған елге жерге деген махаббатым оянды десем де болады. Қобыланды Батыр жыры—қазақ халқының қаһармандық жыры. Негізгі мазмұны—шет ел басқыншыларынан елді қорғау, осы жолда асқан ерлік көрсеткен ер азаматтардың батырлық істерін көрсету. Көркемдік биік қасиеттері жағынан дүниежүзі халықтарының белгілі батырлық эпостарының қатарында тұрған шығарма.«Қобыланды батыр»жырының ең көне түрі бізге жетпеген,өйткені жырды жырлаған ақын,жырау-жыршылар өзі өмір сүрген дәуір тұрғысынан толықтырып,өңдеп отырған. Сондықтан «Қобыланды батыр» жыры көп вариантты жыр болып саналады.