О Оқиық
5. Мәтінді тыңда. Жүргізіп оқы.
Бауыржан, сен не қарап отырсың?
Мен сүңгуірлер туралы бейнефильм қарап отырмын.
Теңіздің асты құрлыққа қарағанда әлдеқайда қы-
зықтау. Былтыр жазғы демалыста сүңгуір спортшымен
таныстым. Ол маған ұлудың сүйегін сыйлады.
Қандай керемет!
Мен теңіз туралы көп білемін. Теңіздің беті жылы бо-
лады. 200 метр тереңдікте де күннің жарығы түсіп тұрады.
Бұл жерді жарық белдеу деп атайды. Одан әрі 1000 метрге
төмен жерде бұлыңғыр белдеу басталады. Көп нәрсе анық
көрінбейді. Одан әрі 4000 метр тереңдікте ортаңғы бел-
деумен салыстырғанда қараңғылау белдеу басталады,
Ол жерге жарық мүлде түспейді. Одан әрі 6000 метрге
тереңдесеңіз, теңіздің түбі жақын болады. Ол жер, әрине
теңіздің ортасына қарағанда суықтау.
Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай - ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзінің “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында халықты салауатты өмір салтына ынталандыруды басым бағыттың бірі ретінде атап көрсетті. Сондай - ақ Президентіміздің қолдауымен 2003 жыл – денсаулық жылы болып жарияланған. Расында да, бүгінгі таңда еліміздің ақсақалдарынан кішкентай баласына дейін дене тәрбиесіне ерекше мән беруде.