Оқулық.5-тапсырма.110-бет. Сұрақтарға жауап бер! ответьте на во по тексту 1,2-абзац.
1. Ата қандай шебер? _ағаш шебері__
2. Атада не бар?
3. Ата ағаштан не жасады?
4. Атаның жанында кімдер бар?
5. Олар былтыр не жасады?
6. Қандай өрнек салды?
7. Бұйымдарды қайда қойды?
8. Көрме қалай аталады?
Кестені толтыр. Заполните таблицу по тексту
Төле би туралы шығарма.
Төле Әлібекұлы - қазақ халқының бірлігін нығайтуға зор үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі, XVIII ғасырдағы ұлы тұлғаның бірі, Әз Тәукенің тұсында «Жеті жарғы» атты заң жобасын жасаған қоғам қайраткері, ел ағасы. Төле би 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысының Шу өңіріндегі Жайсаң жайлауында дүниеге келген. Әкесі Әлібек беделді би болған, Төле би бала кезінен әкесінің жанына еріп жүріп, ақындық, шешендік өнерге жақын болған. Он бес жасынан бастап ел билеу ісіне араласып, өзінің әділдігі мен шешендік өнері, ақыл-парасаттылығы, әділ шешімімен көзге түсіп, таныла бастайды.
Қазыбек және Әйтеке бимен бірлесіп, қазақ хандығын нығайтуға, үш жүздің басын қосуға, қазақ халқының дәстүрлі әдет - ғұрып заңдарының жинағы болып табылатын «Жеті жарғының» қабылдануына атсалысқан.
Хандық пен мемлекет тұтастығын, тәуелсіздігін діттеп, жаугершілікте дұшпан қолында қалған қалалар мен жерлерді қайтаруға күш салған. Сонымен бірге, Төле би Ұлы жүз бен Ресей арасында байланыс орнатып, дамытуға көп еңбек сіңірді.
Сонымен қатар ол артына аталы сөз, үлгілі өнеге-өсиет қалдырған, өзінің даналық, тапқырлық әділ биліктерімен, шебер, көркем сөздерімен халық әдебиетін дамытқан, байытқан дарынды шешен, кемеңгер ойшыл.
Берілген тыйым сөздерді қолданып диалог құру:
– Анашым!
– Тәйт,үйге жүгіріп кірме деп едім ғой саған!
– Неге үйге жүгеріп кіруге болмайды?
– Болмайды деген соң болмайды,балам!
– Жоқ,анашым.Маған осындай қазақ халқының тыйымдарын түсіндіріп беріңізші.Мен кішкентай емеспін ғой.
– Жарайды,онда табалдырыққа тұрмай үйге кір.
– Жақсы.
– Халқымыз тыйымдардың көбін үйге,үй тұрмысына байланысты шығарған.Ертеде ауылға адамның жүгіріп келуі жаман хабарды білдірген
– Ал сіз кейде мен кішкентай інімді байқаусызда жылатып алсам,"сәбиді ұрма,теппе!"дейсіз.Оның мағынасы неде?
– Халқымыз үшін сәби – болашақ,ең үлкен бақыт.Сол себепті,сәбиге,бесікке қатысты тыйымдар да баршылық.Ол дегеніміз сәбидің періштесін қағып,үркітіп аласың деген тыйым.
– Кірдің суын баспау ше?
– Су – адамзат үшін тіршілік көзі.Судың да қасиеті,киесі бар деп санаған.Сондықтан да кір су басу судың киесін таптаумен бірдей.
– Рахмет,анашым!Мен көп нәрсені түсіндім.
– Балам,саған айтарым бар.Ешқашан да өсекке жақын болса,өтірік айтпа.Ішімдікке әуес болма.Бұл адам бойындағы жаман қасиеттер.Сен олармен өз өміріңе балта шабасың,құлыным.
– Жарайды,анашым!Мен кеттім.