Оқушыларға мәтіндегі көтерілген мәселелерге байланысты сұрақтар қойыла отырып, өз ойларын білдіруге, мәселелерді талқылауға мүмкіндік беріледі. Сұрақтарға жауап беру арқылы мәтінде көтерілген мәселелерге қатысты өз ойларыңызды білдіріңіздер. «Жүрек жұтқан жандар» айналысатын спорт түрі біздің елімізде қаншалықты дамуда? Аталған спорт түрлерінің ішінде қайсысына қазақ жастары аз қызығушылық танытады? Осының салдарынан қандай мәселе орын алуда? Мәтінде қай спорт түрі Қазақстанда дамымаған деп айтылды? Бұл спортты қалай дамытуға болады деп ойлайсыздар? Конькимен жылдамдыққа жүгіру туралы қандай мәселе айтылды? Бұл мәселенің алдын алуға болады ма заранее
Жеті жұт. 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну).
Жеті жоқ. 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ.
Жеті қазына. Ол жөнінде пікір талас көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық.
Жеті жетім.
Тыңдамаған сөз жетім.
Киюсіз тозған бөз жетім.
Иесіз қалған жер жетім.
Басшысы жоқ ел жетім.
Аққу, қазсыз көл жетім.
Жерінен айырылған ер жетім.
Замандасы қалмаса –
Бәрінен де сол жетім.
Жеті ғашық. 1.Ләйлі – Мәжнүн, 2.Жүсіп – Зылиха, 3.Фархад – Шырын, 4.Тахир – Зухра, 5.Арзу – Қамбар, 6.Уәлик – Ғарра, 7.Уәки – Күлшаһ.