В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Maksander
Maksander
12.03.2023 16:04 •  Қазақ тiлi

Оқушылар сұрақтарды талқылап болған соң, Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, құттықтау хат жазады. Дескриптор:

• Құттықтау хат жазады;

• белгілі бір аудиторияға бағыттайды;

• мерекенің маңыздылығына тоқталады;

• тілек білдіреді;

• құрылымын сақтап жазады;

• тірек сөздерді пайдаланады;

• сауатты жазады.​

Показать ответ
Ответ:
ajamshid1976p042ct
ajamshid1976p042ct
26.10.2020 13:20

Құрметті қазақстандықтар!!

Баршаңызды осынау қасиетті мереке – Ұлттық домбыра күнімен» құттықтаймын. Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанда жыл сайын домбыра күнін атап өту туралы шешіміне шын жүректен қуаныштымын. Бүгін осы мерекені атап өту үшін үлкен-кіші қалаларда қасиетті домбыраны қолына алған халық әр алаңды күймен көмкерді. Домбыра – ұлттық аспап қана емес, қазақтың жаны мен қаны, ары мен бары, қасиеті мен киесі. Домбыра – халықтың қайғы мен мұңын, қуаныш пен шаттығын жеткізген сенімді серігі. Ұрпақтан-ұрпаққа бабалардың үнін жеткізіп, Ұлы Даланың сазды сарынын жырлаған да домбыра. Астананың өзінде 2000 домбырашы бір мезгілде бірнеше шығарма орындаған таңғажайып мерекені Елбасының өзі де тамашалады. Жылдар өте бүкіл қазақ халқы осы мерекеге домбыра ұстап шығып, шаттық күйін шертеді деп сенемін! Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 12 маусымдағы Жарлығымен шілде айының бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып айқындалды. Бұл біздің ұлттық құндылықтарымызды ардақтау, терең тамырымызға ой салу, рухани жаңғыруымызға қомақты үлес қосар шуақты да, шаттықты бір мереке болмақ. Өйткені, шанағынан шамырқанған күй төгер көне домбыра күмбірлегенде елең етпейтініміз жоқ. Домбыра үні қанымызда бар, санамызда сақталған, ұлттық кодымызда таңбаланған. Ғасырлар бойы қазағымыздың серігі болып, қиындықта сүйеу, қуанышта көңілінің қанаты болған домбыраға арнайы күн белгіленіп, мадақталуы үлкен қуаныш. Осындай мазмұнға толы мақсатты мереке құтты болсын! Биыл алғаш рет 1 шілде күні тойланғалы отырған Ұлттық домбыра күніне атсалысыңыз. Жұртымыздың қатпар-қатпар тарихынан, асу-асу кезеңдерінен сыр шерткен күй-толғауларға, сыңғырлы сұлу ән-әуендерге құлақ түріп, ойға бөгіңіз, көңіл сергітіңіз. Баршаңызға Ұлттық домбыра күні мерекесі құтты болсын!

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота