Оқушының аты-жөні: Оқылым
І. Берілген мәтінді оқып, тақырып қойыңыз және жоспар құрастырыңыз.
20 ғасырдың басында әдебиет көгінде жарқырай жанған жарық жұлдыздардың
бірі Мағжан Жұмабаев 1893 жылы 25 маусымда қазіргі Солтүстік Қазақстан
облысы Булаев ауданында орта дәулетті үлкен отбасында дүниеге келген. Әкесінің
есімі Бекен, анасы – Гүлсім. Бекен мен Гүлсімнің отбасында 7 ұл бала мен 2 қыз
тәрбиеленді. Әділдігімен, адамгершілігімен өз ортасының алды, беделдісі болған
Бекеннің Мүсілім, Қахарман, Мағжан, Мұхаметжан, Салтай, Қалижан, Сабыржан,
Гүләндан, Гүлбарам есімді балалары болды. Әке қамқорлығының арқасында
барлық балалар қажетті бастауыш білім алды. Олардың ішінде Мағжан, Қалижан
және Сабыржан жоғары білім алады.
Мағжан төрт жасынан бастап шығыс тілдері мен әдебиетін оқуға кіріседі.
Алайда, Мағжанның жастайынан шығарған өлеңдері сақталмаған. Қызылжардағы
Бегішев медресесінде мұсылмандық орта білім алып жүріп араб, парсы және түрік
тілдерін меңгеруін жалғастырады. 1910 жылы Мағжан Уфа қаласындағы жоғарғы
мұсылман мекемесі Ғалия медресесіне оқуға түседі. Бірақ, татар әдебиетінің
класигіне айналған ұстаз Ғалымжан Ибрагимовтың ұсынысы бойынша, Мағжан
білімін жетілдірудің басқа жолдарын іздейді. 1912 жылы Қазан қаласында
Ибрагимовтың көмегімен жас Мағжанның шығармалары алғаш рет жарық көрді.
Сол кезеңде Міржақып Дулатов пен Ахмет Байтұрсыновтың басшылығымен
Мағжан орыс тілін үйренеді. Осылайша, орыс және еуропа әдебиетімен танысады,
«Қазақ» газетімен жұмыс істейді. 1913 жылы Мағжан Омбы мұғалімдер
семинариясына түседі. Омбыда өткен жылдарында Мағжан «Бірлік» қоғамын
құруға белсенді қатысады, оның «Балапан» атты қолжазба журналын
редакциялайды.
Тақырыбы:
Жоспар:
1.
2.
3.
Алты алаштың ардақтысы болған би-шешендеріміздің берген баталары ел аузында сақталып халық мұрасына айналып, қазақ фольклорының дербес, шағын жанры ретінде қалыптасты. Ұйқасты, ырғақты болып келетін, тұрақты образдарға негізделетін бата халқымыздың жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық, обал-сауап тұрғысындағы моральдық-этикалық түсініктерінің айғағы іспетті. Киелі сөзге айналған бата екі түрге бөлінеді: ақ бата, теріс бата. Ақ бата игі ниеттен туғандықтан ел аузында сақталып, жаңғырып дамып отырды да, жақсылыққа ғана құштар халқымыз теріс батаны ұмытуға тырысты. Сондықтан ақ батаның – нәрестеге бата, асқа бата, ұлға бата, қызға бата, келінге бата, жолаушыға бата, жастарға бата, сүндет той батасы, наурыз батасы, ораза айт батасы, жарапазан батасы ас қайыру батасы сияқты түрлері көп. Бата үлгілеріне В.Радлов, Ш.Уәлиханов, А. Васильев, Г. Потанин, сияқты көптеген зерттеушілер назар аударып, жинастырды.