Оңғы ұнын
19. Мәтінді қатесіз көшіріп жаз.
Ғалам осыдан 10-20 миллиард жыл бұрын ғарыштық
жарылыс нәтижесінде пайда болған. Бұл ғарыштық жары-
лысты «Үлкен жарылыс» деп атап кеткен.
Жер мен Күн жүйесінің басқа ғаламшарлары осы шаң
мен газдан пайда болған.
«Ғалам» энциклопедиясынан
• Етістіктерді не істеді? сұрағына жауап беретіндей етіп өзгерт.
• Не істеген? Не істеді? деген сұрақтарға жауап беретін етістіктерді
өзара салыстыр.
Қыстырма сөздерді қатыстырып, асық тақырыбына әңгіме құрау.
Әрине, әрбір мектеп оқушысы жазғы демалысын асыға күтеді. Менің ойымша, оның өзіндік себебі де бар – күні бойы алаңсыз аулада достармен ойнау. Сонымен, жазғы демалыс та басталып кетті. Біздің ауланың ер балалары топтасып, асық ойнағанды жақсы көреміз. Меніңше, бұл ұлттық ойынды әрбір қазақ баласы ұнатады. Демалыстың кезекті күні Самат, Еркебұлан, Аспандияр және мен асық ойнамақшы болдық. Ауланың ортасында төртбұрыш сызып, бір жағына асықтарды тізіп қойдық. Әрқайсымыз екі асықтан шығаратын болып келістік. Біздің ауламыздың ойын ережелері бойынша кімнің сақасы табанмен түссе, сол ойынды бірінші бастайды. Сөйтіп, кім бірінші бастайды деп тұрғанда, Аспандияр екеуміздің сақамыз табандап түсіп, екеуміз тағы да асық аттық. Қысқасы, менің жолым болып, мен бірінші жүріске ие болдым. Уақыттың қалай зулап өткенін де байқамай қалыппыз, сірә, ойынның қызығына кіріп кеткенбіз ғой. Бір атқанда асығымыз алшысынан түсіп жатса, енді келесі жүрісіміз сәтсіз аяқталып жатты. Сөз жоқ, өте тартысты ойын болды. Дегенмен, осы жолы Еркебұланның жолы болып, тігілген асықтардың барлығын қанжығасына байлады. Түскі асымызды ішіп алып, тағы да ойнауға келісіп, үйімізге тарадық.
Алтын адамның бас киімі туралы мәлімет.
«Алтын адамның» бас киімі сақтардың ғарыш туралы танымының мысалы. Бұл үш әлемнің өзіндік үйлесімділігінен құралған модель: жерасты, ортасы – жер, жоғарғы жағы – аспан. Әлемнің төрт бұрышы бар – оң, сол, алды және арты.
Алдыңғы бөлігі – шығыс жақ, артқы бөлігі – батыс жақ. Бас киімдегі оюлар көлденең үш бөлікке бөлінген. Алтын таулар мен ағаш тізбесімен жиектелген. Тау етегінде «қыс аңдары» – жолбарыстар мен ешкілер бейнелеген. Ал шыңында – құстар, қанатты жолбарыстар (тигрогрифондар).
Ою-өрнектің жиегі әлемдік тау жотасын білдіреді, сақтардың көзқарасы бойынша, әлемді барлық жағынан қоршап тұр деген сөз. Ою әлемнің үш бөліктен құралғанының символы іспеттес: жерасты әлемі, жер, аспан.
Сақиналы фриздердің төрт айқас секілді орналасқан төрт жақтағы нүктеде аңдардың (барыс, тауешкі) бейнесі орналасқан.
Бас киімнің алдыңғы бөлігінде барлық ғарыштың символы – күн эмблемасы жайғасқан: төрт қанатты ат пен төрт алтын жебе. Бұл барлық үш әлемнің үстіндегі билік пен күн жолындағы әлемнің төрт бөлігінің белгісі.
Адамға мұндай тәжді кидіру – барлық ғарыш туралы аңызға билік ету. Көсем мен басындағы, үстіндегі киімдер әлемнің өсін, яғни орталығын білдіреді – бұл әлемнің құрылымы туралы сақтардың мифологиялық көріністері.
Объяснение: