Оқыңыз. Негізгі, қосымша ақпаратты анықтаңыз. 2 нақтылау сұрағын құрастырыңыз. (Дәптерді 3-ке бөліңіз: 1.негізгі ақпарат, 2.қосымша ақпарат, 3.нақтылау сұрағы) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасы 1934 жылы университет ашылысымен жұмыс істей
бастады. Ғылыми кітапхана – студенттер мен магистранттар,оқытушы-профессорлар құрамы мен қосымша оқытушы персоналдарға арналған мәдени және рухани орталық. Кітапхана қорында оқулықтар, монографиялар, классикалық көркем әдебиеттер, сирек кітаптар мен XVI–XIX ғасырлардағы қолжазбалар, 250 мың данадан астам мерзімді басылым жинақталған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасы – Қазақстандағы ең көне әрі Қазақстан Республикасы бойынша ең ірі жоғары оқу орындары кітапханаларының бірі. Кітап қорында 2 млн-нан астам басылым сақталған. Жыл сайын 50–60 мың данадан астам басылыммен толықтырылады. Оқырман саны 20 мыңнан асады.
(ҚР Ғылыми энциклопедиясы)
Дескриптор:
негізі ақпаратты анықтайды;
қосымша ақпаратты анықтайды;
негізгі, қосымша ақпаратты пайдаланып, нақтылау сұрағын құрастырады.
Оқылым мәтіні бойынша негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктей отырып, жинақы мәтін жазыңыз.
Дескриптор:
Мәтіннен негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді іріктейді;
Синоним сөздерді орынды қолданады;
Мәтінді ықшамдайды.
Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз.
Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 25 жыл. Жиырма бес жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.