Оқылым. 1. Мәтінді мукият окы. Сұрақтарға жауап бер. Айжан мен Әлия бір сыныпта оқиды. Олар мектепке бірге барады. үй тапсырмасын бірге орындайды. Бос уақыттарын да бірге өткізеді. Айжан – қарапайым, сабырлы қыз. Ал Олия көңілді, ашық мінезді. Олардың мінездері әртүрлі, бірак екеуі нағыз достар. Бір күні өнер сабағында оқушылар ағаштың суретін салды. Сабақтың соңында балалар өздерінің суреттерін көрсетті. Әлия жасыл жапырақтары бар әдемі гүлдің суретін салды. Сурет балаларға да, мұғалімге де ұнады. Кезек Айжанға келді. Ол да ағаш пен гүлдердің суретін салыпты. Бірақ Айжан ағаштың жапырақтарын көк түспен бояған екен. Айжан, сенің жапырақтарын неге көк түсті. Жапырақтардың жасыл түсті болатынын білмейсін бе? – деп сұрады мұғалім Білемін. Бірақ менде жасыл түсті қарындаш болған жоқ, - деп жауап берді Айжан. Олияда бар ғой. Неге досыңнан алмадың? – деп сұрады мұғалімі. Айжан үндемеді. Әлия да кызарып төмен карады. Сұрақтарға жауап бер. 1) Екі достың мінездері қандай? 2) Онер сабағында қандай оқиға болды? 3) Әлия нағыз дос па? Неліктен? Неліктен? не үшін? сұрақтарын пайдаланып, мәтін бойынша 2 сұрақ құрастыр. Жұптас окушының сұрақтарына жауап бер
компьютерді іске қосқанда ең алдымен бағдарламалық жасақтама жұмысқа кіріседі. бұл компьютерге өндіріс орнынан орнатылған бағдарламалық жасақтама енгізу-шығару базалық жүйесі (віоs) деп аталады және ол компьютердің тұрақты жадысында сақталады. ол компьютерді қосқан сайын оның қызметтерін тексереді, содан кейін операциялық жүйенің алғашқы жүктемесін қамтамасыз етеді.
операциялық жүйе - ол бағдарламалық өнім. оның көмегімен осы ортада қолданатын қосымшаларды іске қосуға болады.
орнатылған операциялық жүйені дұрыс жүктеу үшін мынадай әрекеттер жасау керек:
· диск-жетекте дискінің жоқтығына көз жеткізу.
· мониторды қосып, компьютердің алдыңғы тақтадағы қоректенуді ажыратқышын қосу. алдымен компьютер 10 секундтан 30 секундқа дейін болатын power-on-self-test (роst) өзіндік тестілеуін орындайды. тестілеу үрдісінде қате айқындалса, экранда осыған орай хабар пайда болады. < del> пернесін басып, жүйені баптауын өзгерту және қатені жою үшін bios конфигурациялау смоs setup post бағдарламасын таңдап «мәселелерді шешу» тарауын пайдалануға болады. post - өзіндік тестілеу сәтті аяқталған кезде компьютер қысқа дыбыстық сигнал беріп, экранда компьютердің конфигурациясы бар кесте пайда болады. осыдан кейін компьютер қатқыл дискіден операциялық жүйенің жүктелуін бастайды.
· алғаш компьютерді қосқанда операциялық жүйе көшірмесінің сериялық нөмірін енгізуді сұрайды. нөмір операциялық жүйеге қосып берілген жапсырмада көрсетіледі. сондай-ақ қолданушының аты-жөні көрсетілуі керек.
· егер сериялық нөмірі дұрыс енгізілсе, windows стандарттық терезені - «жұмыс үстелін» көреміз. экранның сол жақ төменгі шетінен «іске қосу» (пуск) батырмасын қоса аламыз.
· енді пернетақтаны және «тінтуір» тетігін ыңғайлы орынға қойып, мониторды дұрыс орналастырып, бейненің параметрлерін баптау керек. мониторды баптау құрылғымен бірге берілетін пайдалану нұсқауында сипатталған.
· алдымен операциялық жүйемен жұмысты игергеннен кейін ғана бағдарламаларды орнатуды бастауға болады.