І. ОҚЫЛЫМ. 1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға мәтін мазмұны бойынша жауап беріңіз. Биоалуантүрлілік генетикаға, экологияға, ланшафтыққа байланысты. Әр адамның жан- жануарлардың, өсімдіктердің генетикалық ерекшелігі бар. Ол көптеген факторларға тәуелді. Жануарлардың генетикасын зерттеуден үй жануарларының жасанды тұқымдары пайда болды. Ол гендік инженериямен байланысты. Экологиялық – әр тіршілік иесі белгілі бір аймақта өмір сүреді. Тіршілік иесі өмір сүретін аймағымен бірлікте экожүйені құрайды. Ланшафтық — қоршаған ортаның жер бедері. Биоалуантүрлілікті сақтаудың бір жолы — «Қызыл кітап». Оған саны кеміп бара жатқан аң-құстар, өсімдіктер кіреді. 1. Генетикалық қасиеттер неге байланысты?
2. Белгілі бір мекенде өмір сүру қалай атайды?
3. Азайып кеткен аң-құстар, өсімдіктер қалай қорғалады?
4. Төрт түлік малдың жасанды түрі қалай пайда болды?
1)Сақтардың жазуы қанша әріптен тұрады?
2)Есік қаласының маңында қай жерде, не деген жазу бар?
3)Алтын Бекзада біздің заманымызға дейін қай ғасырларда өмір сүргені анықталды?
4)Сақ, ғұн дәуірінен келе жатқан қай батырлар жайында аңыз-жырлар бар? 5)Орта Азия мен Қазақстанның кең-байтақ даласында кімдер өмір сүрген?6)Сақ,ғұн,үйсін-дер алғашқы қауымдық құрылыс тұсында немен айналысқан?
7)Көне түркі жазуы бертін келе қалай аталды?
8) Руна жазуындағы ескерткіштер тілі YI-X ғасырлары қай тайпалардың жазбаша әдеби тілі болды?
9)Сақ,ғұн, үйсін-дерді Y ғасырға дейін кімдер деп атаған?10)Мәтіннің идеясы қандай
1-билет
Дауыссыздар 3 ке жіктеледі:қатаң, ұяң, үнді
Дауыстылар тілдің қатысына қарай:жуан, жіңішке.
Жақтың қатысына қарай:ашық, қысаң.
Ерін мен езудің қатысына қарай:еріндік, езулік.
Фонетикалық талдау:
Хабар- 5 әріп, 5 дыбыс, 3 дауыссыз, 2 дауысты
Х-д-сыз, қатаң
А-Д-ты, жуан, ашық, езулік
Б-д-сыз, ұяң
А-Д-ты, жуан, ашық, езулік
Р-д-сыз, үнді
Жаңалық- 7 әріп, 7 дыбыс, 4 дауыссыз, 3 дауысты
Ж-д-сыз, ұяң
А-Д-ты, жуан, ашық, езулік
Ң-д-сыз, үнді
А-Д-ты, жуан, ашық, езулік
Л-д-сыз, үнді
Ы-д-ты, жуан, қысаң, езулік
Қ-д-сыз, қатаң
2-билет
Үндестік заңы 2-ге бөлінеді: буын үндестігі, дыбыс үндестігі. Буын үндестігі сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып келуін айтады. мысалы: Әже, инелік. Ата, инабат, уақыт.
Дыбыс үндестігі сөз ішіндегі қатар келген 2 дыбыстың бір-біріне ықпал етуі. Дыбыс үндестігі 3-ке бөлінеді: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал.
Берілген сөздерге жалғау жаса:суретші-ні, көрме-ні, өнертанушы-ны, көрермен-ді, шығарма-ны.
3-билет
Түбір – сөздің әрі қарай бөлшектеуге келмейтін, лексикалық мағынасын сақтаған негізгі бөлігі.
Қосымша – түбірге жалғанып, оның лексикалық немесе грамматикалық мағынасын өзгертетін, сөздерді өзара байланысқа түсіретін морфема.
Сөз құрамына талда: мұражайлардан- мұражай-түбір, лар, дан-жалғау, суретшілердің- сурет-түбір, ші-жұрнақ, лер, дің-жалғау, құндылықтарын--құнды-түбір, лық, тар, ын-жалғау.