Оқылым 1-тапсырма . Мәтінді оқыңыз. 22 наурыз - Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр ата аралайды. Бұл күн қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бірбірімен қос қолдасып, төс қағыстырады, әйелдер құшақтасып, бір-біріне жақсы тілектер айтады. Ренжіскен адамдар татуласады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді. Осы күні адамдар арам пиғыл, жаман ниеттен тазарады. Алтыбақан басында ән айтылып, би биленеді, күй тартылады. Дәстүрлі ұлттық ойындар (көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, алтыбақан, т.б.) ойналады. Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады. Бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы — тазаланған арықтарға су жібереді, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін жасайды. Наурыздан кейінгі 2-күні жұрт жаппай көктемгі егіске кіріседі. А) Мәтін бойынша сұрақтар құрап жазыңыз. 1.? [1]
2.? [1] 3.? [1]
Б) Мәтінге тірек болатын етістіктерді теріп жазыңыз. 1. [1]
2. [1]
3. [1]
2-тапсырма. Жазғы демалыста бауырыңмен бірге жайлаудағы/ауылдағы ата-әжеңе қыдырып бардыңыз. Ол жерде қызықты оқиғалар болды. Төмендегі суреттермен сұрақтарды қатыстырып, әңгіме құрастырыңыз.
Қаланың атауы қашан өзгертілді? Елбасымыздың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы болып өзгертілді.
Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қашан қабылданды? Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады.
Астананы ресми көшіру қашан жүзеге асты? Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты.
Астана қаласы қай өзен бойында орналасқан? Есіл өзенінің бойында.
Астана «әлем қаласы» атағын қай жылы алды? 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша "әлем қаласы" атағын алды.
Елордамызда Халықаралық EXPO көрмесі қашан өткізілді? Халықаралық EXPO көрмесі 2017 жылы өткізілді.
Дыбыс үндестігі Түбір мен қосымшаның жігіндегі, сөз бен сөздің арасындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың көршілес дауыссыз дыбыстарға ілгерінді-кейінді ықпал етіп өзгертуін дыбыс үндестігі (ассимиляция) дейді. Қазақ тілінде дыбыс үндестігінің үш түрі бар: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал және тоғыспалы ықпал. ІЛГЕРІНДІ ЫҚПАЛ Сөз ішінде немесе сөздер аралығында алғашқы дыбыстың өзінен кейінгі дыбысқа әсерін тигізіп тұруын ілгерінді ықпал дейміз. а) Сөздің соңғы дыбысы дауысты, я үнді, я ұяң дауыссыз дыбыстардың бірі болса, дауыссыздан басталатын қосымшаның бірінші дыбысы не үнді, не ұяң болады. Мысалы: бала-лар (бала-дар не бала-тар емес), күздік (күз-тік емес), қар-лы (қар-ды, қар-ты емес). ә) Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса, не сөз б, в, г, д дыбыстарының біріне аяқталса, оған қатаң дыбыстан басталатын қосымша жалғанады. Мысалы: от-пен (от-бен я от-мен емес), космос-қа (космос-ға я космос-да емес), Ленинград-қа (Ленинград-ға емес). б) Біріккен сөздердің, сөз тіркесінің алғашқы сыңары қатаң болып, соңғы сыңары ұяңнан басталса да ол қатаңға айналады, бірақ жазғанда түбірі сақталады. Мысалы: айтылуы: жазылуы: Қоныспек Қонысбек Тыныспек Тынысбек тас пер тас бер в) Біріккен сөздердін, сөз тіркесінің алғашқы сыңары дауыстыға, я үндіге, я ұяңға аяқталып, екінші сыңары қатаң дыбыстан басталса, айтылуда қатаң дыбыс ұяңданып естіледі, бірақ жазғанда түбірі сақталады. Мысалы: айтылуы: жазылуы: Жаңағорған Жаңақорған кім гелді? кім келді? КЕЙІНДІ ЫҚПАЛ Сөз ішінде немесе сөздер аралығында кейінгі дыбыстың өзінен бұрынғы дыбысқа әсер етіп өзгертуін кейінді ықпал дейміз. Сөздің соңғы дыбысы қатаң п, қ, к болып, жалғанатын қосымша дауыстыдан басталса, олар ұяң сыңарларына (п-б, к-г, қ-ғ болып) айналады, кейде п дыбысы у-ға айналады. Мысалы:- күрек — күрегі, доп — добы, тарақ — тарағы, тап — таба, тауып — (тапып емес). Кейінді ықпалдың жазуда ескерілмейтін түрі де бар: а) Сөздің соңғы дыбысы н болса, жалғанатын қосымшалар қ, ғ, г, б, п дыбыстарынан басталғанда, н өзгеріп ң не м болып айтылады, бірақ жазғанда түбірі сақталады. Осылайша дауыссыздардың үндесуі біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің арасыңца да болады. Мысалы: айтылуы: жазылуы: Жампейіс Жанпейіс Ермағамбет Ермағанбет ә) Түбірдің соңғы с, з дыбыстарының бірі ш дыбысының алдынан келсе, олар айтылуда ш дыбысы болып естіледі. Мысалы: айтылуы: жазылуы: ашшы асшы колхошшы колхозшы б) Түбірдің соңгы дыбысы з болып, одан кейін с, ж дыбыстарының бірі келсе, з дыбысы с дыбысына не ж дыбысына айналады. Мысалы:айтылуы:жазылуы түс салтұз сал жассажазса божжігітбозжігіт ТОҒЫСПАЛЫ ЫҚПАЛ. Сөз тіркестерінің, біріккен сөз сыңарларының аралығындагы көршілес дыбыстардың бір-біріне қатар ілгерінді де, кейінді де әсер етіп, екеуінің де басқа дыбысқа ауысуын тоғыспалы ықпал дейміз. Бірақ жазуда бұл дыбыстық өзгеріс ескерілмейді. Мысалы: айтылуы: жазылуы: Дошшан Досжан Жаңгожа Жанқожа
Астана туралы сұрақтар құрастыру (жауаптарымен).
Еліміздің бас қаласы? Астана қаласы.
Астананың бұрынғы атауы? Ақмола қаласы.
Қаланың атауы қашан өзгертілді? Елбасымыздың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы болып өзгертілді.
Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім қашан қабылданды? Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады.
Астананы ресми көшіру қашан жүзеге асты? Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты.
Астана қаласы қай өзен бойында орналасқан? Есіл өзенінің бойында.
Астана «әлем қаласы» атағын қай жылы алды? 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша "әлем қаласы" атағын алды.
Елордамызда Халықаралық EXPO көрмесі қашан өткізілді? Халықаралық EXPO көрмесі 2017 жылы өткізілді.