Оқылым.1-тапсырма Мәтінді оқып, мазмұнын түсіну.Мәтін мазмұны бойынша диалог
кұрындар.
Костанай, Акмола, Солтүстік Қазақстан облыстары астығымен атакты. Бұл аймактардың жері қара топырақты, құнарлы. Астық жаксы өседі. Астық дақылдарынан: жаздық бидай, күзгі кара бидай, жаздық арпа, сұлы және баска да дәнді дақыл өсіріледі. Бұл облыстар Қазақстанның құтты аймактары. Жауын мол жауса, егін жаксы еседі. Еліміздін жалпы астық көлемінің төрттен бір бөлігін Ақмола облысы есіреді. Дикандар алтын дәнді
составьте диалог по тексту
Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/shygarma/5193-er.html
© www.ZHARAR.com
"Кенесары-Наурызбай"-батырлық эпос үлгісімен жазылған тарихи-реалистік жыр.
Қазақ тарихындағы ұлт-азаттық көтерілістерді бастаған көсемдер, хандар, батырлар, туралы ақындардың әуезе жыр-дастандары әдебиет тарихында маңызды. Ақындық поэзиядағы көрнекті ақындарымыздың бірі Доскей Әлімбайұлының «Кенесары, Наурызбай» атты әуезелік жыр-дастаны да тарихилығымен ерекшеленеді.
Дастанның тақырыбы – Кенесары, Наурызбай бастаған – ұлт-азаттық көтерілісінің тарихи сипатын таныту, идеясы – ұлт-азаттық көтерілісі кезіндегі халықтың жанқиярлық күресін, қол бастаған батырлардың (Кенесары, Наурызбай, Ағыбай, Бұқарбай, т.б.) ерлік істерін даралау, мінездеу.
Дастанның композициясы мынадай бөліктерден құралған: біріншісі – Ресей патшалығының отарлау ықпалына түскен қазақ халқының мүшкіл хал-ахуалына автордың эпикалық баяндауы мен лирикалық толғаныстармен баға бергені; екіншісі – екі жақтан епкіндеп торлай бастаған отарлау құрсауына қарсы Кенесары, Наурызбай бастаған әскердің жиналуы; үшіншісі – Наурызбай, Ағыбай батырлардың Кене хан әскері үшін тұлпарлар жинауы, Жолды аяқ сынды тілеулес батырлар шоғырының құралуы; төртіншісі – Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтерілісі жауынгерлерінің орыс жазалаушыларымен шайқасып, Қызылжарды, Көкшетауды, Бурабайды, Атбасарды, Қараөткелді және т.б. мекендердi отаршылдардан азат еткенi; бесiншiсi – Ресей патшалығынан азат болу жорығына қырғыз елін де қосу жолындағы әрекеттің қырғыз манаптарының және кейбір қазақ руларының опасыздығының кесірінен сәтсіздікке ұшырағаны; алтыншысы – дастанның тұтас желісіндегі азаттыққа, тәуелсіздікке құштар қаһарман халықтың көркем жинақталған тұлғасының сомдалуы. Қазақтардың жеңілген себебі - Кенесары қолында алауыздық туады, барымтаны олжалауға таласуы еді.
Қорытындылай келе айтарым, "Кенесары-Наурызбай"- тарихи-реалистік жыр. Аталмыш туынды арқылы сан қатпарлы тарихымыздың бір тарауын біле аламыз, батырларымыздың ерлігіне, халықтың жағдайына куә боламыз.