Оқылым 12-тапсырма.
-тапсырма.
Жұптық жұмыс. Мәтінді оқыңдар.
Диаграмманы толтырыңдар.
Сақтар мен сарматтардың өнерінде аң
стилі деген өзіндік бейнелеу өнері болған.
Б.з.б. VII — VI ғасырларда шыққан аң стилінде
жасалған бұйымдар Орта Азия, Қазақстан,
Сібір, Оңтүстік-шығыс Еуропа аумағында
табылды. Көшпелілер алғашқы боп
күнделікті тұрмыста қолданылатын заттар
мен тұтыну бұйымдарын жасаған. Үзеңгіні
алғаш рет көшпелілер қолданған. Ауыр, түзу
семсердің орнына қайқы қылышты алғаш
жасаған. Ерлердің шалбарын көшпелілер
өте ерте кезде ойлап тауып, бірінші болып
киген. Алғашқы боп алтын киім киген,
алғашқы боп ат әбзелдерін алтынмен аптап,
күміспен күптеген. Алғаш рет тағы жылқыны
қолға үйреткен.
Құрметті достар!
Қазіргі жастар өз денсаулығына қарамайды. Оның дәлелі- жастардың темек шегуі, ішімдік ішуі. Оның бәрі адамның денсаулығына әсер етеді. Қазіргі жастар көп спортпен шұғылдану керек. Сондықтан сіздің назарыңызға біз жаңа ашылған спортзалды ұсынамыз. Спортзал екі қабаттан тұрады. Өте ыңғайлы жерде орналасқан. Жұмыс уақыты таңғы сағат 8 – ден бастап кешкі сағат 11-ге дейін. Денсаулық спортзалының есікі сізге әр уақытта ашық! Достар біз сендерді куана-куана күтеміз!
«Денсаулық» спортзалының администрациясы.
Жаңа жыл басталысымен мен өз - өзіме «дәл бүгіннен бастап спортпен шұғылданамын» деп уәде бердім. Себебі, «еріншектің ертеңі бітпес» дегендей, спортпен шұғылдануды ертеңге қалдыруға болмайды. Спорт денсаулық кепілі болғандықтан, өз денсаулығымызға немқұрайлы қарамауымыз керек және әрбір адам жасы мен жұмысына қарамастан денсаулығына көңіл бөліп, спортпен шұғылдану керек деп ойлаймын.
Өз басым күнделікті спортпен айналысуды күн тәртібіме кірістіріп қойдым, таңертең бір мезгіл жүгіріп, кешке арнайы жаттығулар жасамақпын.
Спортпен шұғылданудың арқасында денім сау, ал өзім шымыр боламын.
Біраз уақыт жаттығып алғаннан соң мәнерлеп сырғанау үйірмесіне жазылғым келеді. Себебі, менің сүйікті спорт түрім – мәнерлеп сырғанау. Бұл спорт түрінде спортшы конькимен сырғанап, музыка сазына сәйкес әсем қимыл жасайды. Мәнерлеп сырғанаудың жекелей, жұптасып, топтасып сырғанау және мұздағы би түрлері бар. Мен жекелеп сырғанау бағытын таңдағым келеді, сонымен қатар музыкаға икемім де бар, жаттығу маған қиын болмайды деп ойлаймын.
Мәнерлеп сырғанау адам бойында кербездік пен сұлулықты дамытып, адамды шыңдай түседі. Бірақ өте әдемі спорт түрі болғанымен қиындығы да қатар жүреді. Мысалға, айтатын болсақ, бұл спорт түрінде ауыр жарақаттар жиі кездеседі, екіншіден, жаттығу жұмыстары күнделікті бірнеше сағаттан болып отырады, көп қаражат пен уақытты талап етеді. Дегенмен, осы қиыншылықтардың бәрінен бас тартпай, осыншама әсем спорт түрімен айналысатын спортшылардың алдында бас игім келеді.
Мен болашақта үлкен спортшы болуды армандаймын. Еңбегімнің жемісін көріп, көк байрағымызды желбіретіп, дүбірлі жарыстарда озып шыққым келеді. Осы арманыма жету үшін бар күш - жігерімді саламын.
Объяснение: