Оқылым. 2-тапсырма Мәтінді түсініп оқыңыз. Негізгі ойды анықтаңыз. Сын есімдерді теріп жазып, шырай түрлеріне ажыратыңыз. Уақыт - алтыннан қымбат. Адам өміріндегі өлшеусіз өте қымбат байлық , ол – уақыт. Уақыт - біздің өміріміздегі ең маңызды баға жетпес құндылықтарымыздың бірі, адамның өмірлік капиталы. Бұл бағалы ресурсты кері қайтарып алуға немесе қалпына келтіруге болмайды. Ақшамызды жоғалтып алсақ, оны күндердің бір күнінде қайтадан табуға болады. Бірақ уақыт бір орнында тұрмайды, өз ағымымен жүріп жатады. Көп жағдайда адамдар өткен өмірлеріне кері бұрылып қарағанда, қаншама жылдарының босқа өтіп кеткенін енді ғана аңғарып жатады. Адам уақытты сезінгенде ғана өзін-өзі қадағалап отырады. Себебі, уақыт біздің ойымыздан да жүйріктеу. Ісіңнің алға басуы өзіңе ғана байланысты. Өз уақытын тиімдірек пайдалана білген адам бір істі жоспарлауға үйренеді. Уақытты дұрыс жоспарламау –шығын. Жалқау адамға іскерлік әлемінде орын жоқ. Уақыттың бағасын біл. Жалқаулықтан бойыңды аулақ ұстау керек. Уақыт біреуге өте ұзақ, біреуге тым қысқа болып көрінуі мүмкін. Негізгі ой Салыстырмалы шырай Күшейтпелі шырай ВЫРУЧАЙТЕ У МЕНЯ СОР
Құлынның туған күнінде.
Менің атам мен әжемнің ауылында көптеген үй жануарлары бар.Солардың ішінде бір көргеннен жақсы көріп кеткен жануарым - Cұңқар есімді құлыным болды.Міне,оны туылғаннан бері бағып,өсіріп келе жатқаныма көп уақыт болыпты.Бұл бүгін Сұңқардың бір жасқа толғандығын білдіреді.Қарап тұрсам,құлыным әсем боп өсіпті. Отбасыммен ақылдасып бұл күнді атап өтуге келістік.Үй іші қызу дайындықта.Анам ертеден дәмді тағамдарын дайындау үстінде болды.Ал атам мен әкем құлыным өскен соң мінуге арналған кішкентай ертұрман дайындап жатты.Мен күні бойы ауылдағы жалғыз үлкен базарды аралаумен болдым.Неге дейсіздер ғой?Ата-анам аздап берген ақшаларды жинап жүрген болатынмын.Енді сол қаржыға құлынымның жалын,кекілін тарайтын әдемі әрі ыңғайлы тарақ алмақшы болдым.Түске қарай іздегенімді тапқанымда қалай қуандым десеңізші.Үйге келсем,анам сәкі үстіне дастархан жайып қойыпты.Құлынды жақын жерге байлап,алма,қант секілді тәтті тамақтар мен өз сыйлықтарымызды сыйладық.Біз ғана емес,оның туған күніне алыстан келген достары бота гүл шоғын сыйласа,бұзау құлынның сүйікті жемісі,алма толы себет сыйлады.Ол қуанғандай ойнақшып,секіре жөнелді.Міне,осылайша құлынымның алғашқы туған күнін атап өттік.