ОҚЫЛЫМ 4 -тапсырма. «Бәрін білгім келеді!» ойыны Екі топқа бөлініп, төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңімпаз болады (интербелсенді тақтаны қолдануға болады). 1. Қайрош неге шешесімен бірге ауылға кетпей, балалар үйінде қалды? 2. Қайрош - кімнің прототипі? 3. Шеген - қандай бала? 4. Қайрош - қандай бала? 5. Бораш - қандай бала? 6. Шеген Қайроштың аяғы ауырғанда не істеді? 7. Борашты өгей шешесі неден құлатып жіберді? 8. Бораштың аяғын не кесіп кетті? 9. Олар - қандай дос? Это и вопросы, и ответы.
Осы шақ істің сөйлеп тұрған уақытта болып жатқанын көрсетеді. Мағынасына қарай осы шақ екі түрге бөлінеді: 1) нақ осы шақ және
ауыспалы осы шақ.
Нақ осы шақ іс-әрекеттің сөйлеуші сөзімен бір мезгілде орындалып жатқанын көрсетеді. Нақ осы шақ көбінесе отыр, тұр, жатыр, жүр қалып етістіктері арқылы жасалады. Мысалы, оқып отыр, күліп тұр, ойнап жүр, ұйықтап жатыр.
Ауыспалы осы шақ істің, қимылдың дағдылы түрде болып тұруын көрсетеді. Ауыспалы осы шақ түбірге көсемшенің -а, -е, -й жұрнақтары мен жіктік жалғауының жалғануынан жасалады. Мысалы, жаңбыр жау-а-ды, күн күркіре-й-ді, мен айт-а-мын, сен кел-е-сің, менкеліспе-й-мін, орында-й-мын, тапсыр-а-мын, т.б.
Ол өзі туралы ешқашан ойламайды, өзгенің көңілін табуға дайын тұрады. Заманымыздың өзге қалталыларындай тапқан таянғанын қара басының игілігіне ғана жұмсамайды. Ойлайтыны әл- ахуалы төмен, от басында науқас жандары бар от басыларына көмек көрсету. Жетім балаларға қатты жаны ашиды. Бүгінгі таңда өз балаларынан басқа 8 сәбидің әкесі, барлығын жетім балалар үйінен алып, тәрбиелеуде. Ол Ақтөбе қаласының тумасы, ол туралы көпшілік біле бермейді, тек көмегі тиген жанұялар оның амандығын тілеп, алғысын айтады. Рахмет, саған мейірімді адам.