ОҚЫЛЫМ 7-тапсырма. Мәтінді оқы. А.П. Чехов «Үйде» деген әңгімесінде аса ұтымды эпизод енгізген. Шылым шегіп әдеттенген жеті жасар балаға ешбір сөз әсер етпей қойған. Бірде әкесі оның қиялына әсер етуді ой- лайды. Ол баласына мынадай әңгіме айтады: «Кәрі патшаның патшалыққа мұрагер болатын жалғыз ғана ұлы болыпты. Өзі дәл сен сияқты кішкентай бала екен. Өзі жақсы бала екен. Еш уақытта өкпелемейді, ерте жатады, үстелдегі нәрселерге тимейді екен... өзі ақылды болыпты... Оның бір ғана кемшілігі: шылым тартады екен. Патшаның баласы шылымнан көкірек ауру болып жиырма жасында өліпті. Қаусаған ауру шал ешбір қолғанатсыз қалыпты. Мемлекетті басқарып, сарайды қорғайтын ешкім бол- мапты. Жау келіп, шалды өлтіріп, сарайды қиратып тастап- ты, сонымен, енді бақша да, шие де, құстар да, қоңыраулар да қалмаған...» Эмоциялы әсерге толы осы әрекеттің күшті әсер еткендігі сонша, бала «қараңғы терезеге ойланып сәл қарап оты- рып, селк етті де, мұңайған дауыспен: Мен енді шылым тарт- паймын... - деді». му (Өнер. Балалар энциклопедиясынан)
7- тапсырмада Дара күрделі Негізгі туынды Жалқы есім жалпы есім Деп жіктеу керек
Абай өз заманындағы жас ұрпаққа, «көкірегі сезімді, кеңілі ойлы» адамдарға үміт артып, олардың жүрегін оятып, оларды өзінің озат мақсат-мұраттарына тартуға ұмтылды. Жастардың өнімді еңбек етіп, ғылым мен білімге ұмтылуы, алға қойған мақсатқа жетуде табандылық көрсетуі, міне, осындай асыл қасиеттерді уағыздау Абайдың бүкіл шығармашылық жолының негізгі идеялық-тақырыптық үзілмес желісінің біріне айналды. Ақын талантты, өнер іздеген жандар туралы айрықша зор сүйіспеншілікпен айта отырып, олардың алға қойған зор мақсатқа жету жолындағы күресте табандылық, жігерлілік көрсететініне үлкен сенім білдіреді. Абайдың бүл өлеңінен ғылымды үйренетін жастар өзінің алдына қандай мақсат қоюға тиісті екені туралы мәселе оны аса қатты толғандырғанын көреміз.
Фольклор — халық шығармашылығы, яғни аңыздар, қиссалар, ертектер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар және т.б.Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде пайда болған фольклор дамыған қоғамның этностарында да сақталған. [1] Ол нақты тарихи фактілер мен тұлғаларды бейнелеуге ғана арналмай, өткен тарихтың басты-басты мән - мазмұнын көркемдік-бейнесі тұрғыдан білдіруге саяды. Фольклор рухани мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі, халық бұқарасының, этностардың көркемдік ой-толғамының неғұрлым пәрменді нысаны, олардың эстетикалық дарыны мен талғамының, адамгершілік ереже - қағидаларының шоғырлы көрінісі мен топтамасы болып табылады. Фольклордағы көркемдік жинақтама бейнелер арқылы халық қоғамдық өмірдің әр түрлі құбылыстарына көзқарас тұрғысын білдірген