ОҚЫЛЫМ АЙТЫЛЫМ 1-тапсырма. Пікірді оқы. Онда не туралы айтылғанын анықта. Автордың тұжырымын өз ойыңмен байланыстырып айт. Қазіргі таңда ғалымдар арасында қазақ тілінің жазу таңбасын реформалау туралы сан алуан пікірлер айтылып жүр. Бірі: «Кирилл қарпін өзгертпеу ке- рек», - десе, бірі: «Латын жазуын алған тиімді», деп санайды, ал енді бірі «Сонау көне дәуірде қалған төл жазуды тірілту қажет» деген ұсыныстарын ай- тады. Ол пікірлердің қайсысы жеңіп шығарын уақыт көрсетеді. ОҚЫЛЫМ 2-тапсырма. Әлем ғалымдарының төмендегі пікірлерін оқы. Бір пікірді өз ойыңмен сабақтастырып, таратып айт. Зерттеушілеріміздің барлығы да бірауыздан қазақ тілін «ең бай, ең таза түркі тілдерінің бірі» деп таниды. Қазақтар шешен әрі әдемі сөйлеудің үлкен шебері... (П. М. Мелиоранский).
Источник: http://e-history.kz/kz/publications/view/899
© e-history.kz
1.Күрделі зат есімнің жасалуыБірігу арқылыҚосарлану арқылыТіркесу арқылыҚысқару арқылыТемірқазықТүйетабанКөкшетауЕңбеккүнКөрпе-жастықЖігіт-желеңАта-анаДәрі-дәрмекАбай даңғылыТау сілеміАлма шырыныҚамар сұлуҰжымшарБҰҰПединститутМедбике17 билет1.Шақ – етістіктің негізгі категорияларының бірі. Шақ қимылдың жасалып жатқанын, келешекте жасалатынын, жасалып болғанын білдіреді. Іс-әрекеттің мезгілге, уақытқа байланысын көрсететін етістікке тән категория шақ деп аталады. Шақтың үш түрі бар: 1) осы шақ, 2) өткен шақ, 3) келер шақ.Осы шақ істің сөйлеп тұрған уақытта болып жатқанын көрсетеді. Мағынасына қарай осы шақ екі түрге бөлінеді: 1) нақ осы шақ және ауыспалы осы шақ.Келер шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған мезгілден кейін орындалатынын білдіреді. Келер шақтың үш түрі бар: 1) болжалды келер шақ, 2) мақсатты келер шақ, 3) ауыспалы келер шақ.Өткен шақ істің сөйлеп тұрған уақыттан бұрын орындалғанын көрсетеді. Өткен шақ мағынасына және тұлғалық белгілеріне қарай үшке бөлінеді: 1) жедел өткен шақ, 2) бұрынғы өткен шақ және3) ауыспалы өткен шақ.2.тілші-зат есім дара туын жалпы дереітіқолжазба-зат есім күрделі нег жалпы деректі18билет1.Зат есім – заттың, құбылыстың атауы болатын, заттың атын білдіретін сөздер. Сұрақтары: кім? не? кімдер?нелер?
Мысалы, кім? – ана, ақын, етікші, жазушы, елші, оқушы, аспаз, кәсіпкер, зейнеткер, арбакеш, ұстаз, ақылгөй,жәрдемші, т.б.
Не? – ауыл, қағаз, жылқы, перде, теледидар, қарындаш, нөсер, нәтиже, өзен, жапырақ, торғай, кітап, дәптер, т.б.
Кімдер? – балалар, спортшылар, жүлдегерлер, әншілер, немерелер, аналар, орманшылар, ақсақалдар, әжелер, оқушылар, т.б.
Нелер? – журналдар, көгершіндер, орындықтар, бүркіттер, жылқылар, көлдер, таулар, дәптерлер, қаламдар, гүлдер, көліктер, т.б.
2.қимыл-сын бағ сабақтас
19билет
1.Көмекші есімдер — негізгі сөздерге телене жұмсалып, олардың кеңістікке (мекенге), уақытқа (мезгілге) қатысын толықтырып, нақтылап тұратын сөздер. Оған алд, арт, аст, қас, маң, жан, іш, туп, сырт, бас, бет, шет, түс, бой сияқты толық лексикалық мағынасы жоқ сөздер жатады.
2.кең-тар мейірбан-мейірімсіз
20 билет
1.Сын есім заттың сындық, сапалық қасиеттерін білдіретін, сындық ұғым атауы болатын сөздер. Сұрағы – қандай? қай?
Сын есімнің түрленуі – оның шырай формасына енуі.Шырай – тек сын есімге тән форма. Бір тектес заттардың сапалық белгісінің не артық, не кемдігін, сапа белгісінің әртүрлі дәрежеде болу қасиетін білдіреді.Сын есімнің екі түрлі шырайы бар:
1. Салыстырмалы шырай біркелкі сындық белгінің бірінен екіншісінің артық немесе кемдігін салыстыру арқылы көрсетеді.
2. Күшейтпелі шырай біркелкі сындық белгінің бір-бірінен не өте артық, не өте кем екенін көрсетеді.
Күшейтпелі шырайдың жасалуы:1) Сапалық сын есімнің алдына күшейтпелі буындардың үстелуінен жасалады: әп-әдемі, жып-жылы, сеп-семіз, тап-таза, үп-үлкен, көкпеңбек, аппақ, т.б.Күшейтпелі шырай жасаушы буындар дефис (-) арқылы жазылады, тек аппақ, көкпеңбексөздері бірге жазылады.
2) Күшейтпелі шырай сапалық сын есімдерге өте, тым, аса, ең, тіпті, нағыз, орасан, өңшең, кіл, кілең күшейткіш үстеулерінің тіркесуі арқылы жасалады. Бұл күшейткіш үстеулер сапалық сын есімнің алдынан бөлек жазылады. Өте әдемі, тым биік, аса терең, ең мықты, тіпті ұзақ, нағыз шешен, орасан шыдамды, өңшең жүйрік, кілең күшті, т.б.