ОҚЫЛЫМ АЙТЫЛЫМ
-тапсырма. Абайдың «Күз» өлеңінің орысша аудармасын қазақ ТІЛІНД
нұсқасымен сәйкестендір.
Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, Ползет ненастье. Зябко и уныло
Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. Сырая зависает мгла сутра.
Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма?
ИграюT КОНИ В поле, ржут кобылы,
Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан. И годовалых взнуздывать Пора.
В работе и заботах день недолог:
Выделывают шкуры, КОЖИ МНут,
Плетут ремни, латают дряхлый Полог скарб и шерсть пряду.
(Перевод Л. Нечая)
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай, Bздыхают старики, и зябнут дети...
Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай. И, коротая долгие часы,
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Я по холмам брожу, где веет ветер,
Жапырағынан айрылған ағаш, қурай. Где бегают некормленые псы,
Біреу малма сапсиды, салып иін,
Откуда виден весь наш быт убогий
Салбыраңқы тартыпты жыртық киім.
В осенней МГле темнеющего ДНЯ,
Енесіне иіртіп шуда жібін,
Потертый войлок юрт, тоска дороги
Жас қатындар жыртылған жамайды үйін. И степи без единого огня.
(Перевод Л. Нечая)
9ь
12-тақырып
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың сан қырлы және әртүрлі жанрлы бай мұрасы – XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің ерекше құбылысы, қазақ халқының рухани мәдениетінің маңызды бөлшегі.
Сұлтанмахмұт Торайғыров қысқа өмірінде көптеген маңызды шығармалар жазғаны соншалық, ол ұлттық мәдениет тарихында құрметті орынға ие болды. Өмірлік жолында кездескен қиындықтарға төтеп беріп, Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің қайсар мінезін көрсетті. Ақынның өмірде ұстанған ұраны, оның білімге, ғылымға, өнерге деген талпынысы бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан емес.
Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ әдебиетінің тарихында өшпестей із қалдырған Абайдан кейінгі қазақ ақыны, екінші ағартушы.
Ол қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен бірден-бір ақын. Сол уақытта жаңа, белгісіз жанрда өлең жазған ақынның әртүрлі шығармалары бар, атап айтсақ: екі роман, бес поэма, көптеген өлеңдер, мақалалар, очерктер және публицистикалық шығармалар.
С. Торайғыровтың шығармашылық мұрасын әдеби тұрғыдан зерттеу XX ғасырдың 30-жылдарынан басталды. Сұлтанмахмұт жайлы алғашқы мақалалардың авторлары І.Жансүгіров, С.Мұқанов, С.Сейфуллин, А.Адалис, И.Маслова, Қ.Дәукенов, С.Айтмұқанов және т.б. болды.
Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ поэзиясына айтарлықтай үлес қосты, оның өлеңдері қазақ әдебиетінің асыл қазынасы енді, бірнеше ұрпақтың игілігіне айналды.