Оқылым
Денсаулық саяхат кезінде ерекше күтімді қажет етеді. Адам ағзасына демалыс кезінде жол ауыртпалығын көтере алмау, жаңа ортаның климаты, тамағы, уақыттың ауысуы әсер етеді. Сондай-ақ, халық көп шоғырланған жерде түрлі бактериялар мен инфекциялар көп болады. Сол себептен де саяхат кезінде денсаулығыңызға салғырт қарамаңыз. Жолға шықпас бұрын дәрігерге барып, тексеріліп алыңыз. Саяхат кезінде денсаулығыңыз сыр бермесін десеңіз, дәрігер кеңесіне ескеріп, өзіңізді күтіңіз.
Саяхатқа шықпас бұрын барар мекеннің климаты, салты, тамағы жайлы алдын ала ғаламтордан біліп алыңыз. Қандай егу шараларын жасау керектігін сұрап, ақыл-кеңес алу өте пайдалы. Жолға жиналғанда қажетті заттармен бірге дәрі-дәрмек салынған қобдишаны алуды ұмытпаңыз.
Саяхат кезінде беті-қолыңызды жиі-жиі жуып тұрыңыз. Өзіңізбен бірге орамал алып жүрген абзал. Су болмаған жағдайда ылғалды сүлгілерді пайдаланыңыз. Дәріханадан антибактериалды сабын я сұйықтық сатып алыңыз. Тек қана таза су, кофе, көк немесе қара шәй ғана ішіңіз. Газдалған сусындарды пайдаланбаңыз. Жеміс-жидектер мен көкөністерді жуып жеңіз. Ет, балық, тауық, нан, сүт өнімдерін тек қана дүкендерден ғана алыңыз. Көшеден, базардан тамақ сатып алмаңыз.
1.Мәтінді оқып, мазмұны бойынша 6 сұрақ жаз. ( )
II. Тапсырма
1. Қазақ ұлттық қолөнері. Эссе жаз.
Қазіргі кезде көпшілік қазақ ұлттық қолөнер бұйымдарына қызығушылық танытуда. Қазақ ұлттық қолөнеріне нелер жатады?
( )
III. Тапсырма
1. Шоқан Уәлиханов туралы оқығаныңды пайдаланып, қысқаша мәтін құра. ( 10-12 сөйлем
Әрбір жанға өзінің отбасы, туған - туыстары , жолдастары ыстық болса, Отан да а солай да ыстық. «Отан» десе адамның жүрегі езіліп, жүрекке жылы болып есептелінеді. Кез келген ұлт өкілдерінің өз Отаны бар екені айдан анық. «Отан үшін отқа түс - күймейсін» - деген мақал бар. Расында да егер Отан үшін жанынды қисаң, ол үлкен абырой. Отан үшін өлген адамның өзі өлгенімен, аты ешқашанда өлмейді. Тарихта мәңгі қалады.
Отан деген – сенің туып өскен, кіндік қанын тамған жер, ата – анаң, досың Отанға деген махаббат, сыйластықпен ұласса – ол адамның рухани деңгейінің биіктігі. Дегенмен де Отанға деген махаббат пен сүйіспеншілік, анаға деген махаббатпен тең.
Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстанда дүниеге келіп, осында өсіп жатырмын. Қазақстандай елім болғанына, қандай елдерде, мемлекеттерде жүрсем де мақтана аламын. Қазақстан жер көлемі жағынан Дүниежүзі бойынша тоғызыншы орында. Кең байтақ жеріміз біз үшін мақтанышқа тұрарлық. Қазақ елінде 16 млн-ға жуық халық тұрады. Әрине, бұл өзге мемлекеттерге қарағанда орташа көрсеткіш. Қазақстанда 150-ге жуық өзге ұлт өкілдері өмір сүреді. Бұл нәтижеге жүгіне отырсақ, Қазақ елі өзінің жері сияқты кең пейілді, қонақжай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ел екеніне көз жеткізуге болады. Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Сондықтан да оның өз әнұраны, президенті, рәміздері бар.Қазақстан Тәуелсіз мемлекет болғандықтан өзінің ұлттық валютасы да бар. Ол «теңге» 1993 ж 15 қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық Валютасы «теңге» болып қабылданды. Қазақ елі өте дамыған мемлекет.
Объяснение:
Вот тебе лучше ответ!
Арғы тарихқа көз жіберсек, француз философы Дени Дидроның: «Кітап оқуды қойған адам ойлауды да қояды», деген сөзі алдымыздан шығады. Белгілі Виктор Гюго да отандасынан қалыспайды. Оның жазуынша, нағыз интеллигент болып қалыптасу үшін адам жылына кемінде бір мың кітап оқуы керек екен. Ал өзіміз жаққа ойыссақ, алдымен қазақтың ұлы ғалымы Әлкей Марғұланның сөзі еске түседі. Академик ағамыз бір әңгіменің орайында: «Ғалым боламын деп он мың кітап оқыдым», депті. Әлекең бұл ретте кітаптың санына салмақ салып тұрмағаны белгілі, айтайын дегені кітап оқу арқылы білімдарлықты арттыру жайы болса керек. Сондай-ақ Әбекең, Әбіш Кекілбаевтың: «Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана», деген қанатты сөзі бар. Ғұламалардың бұл пікірлерін сөз ләміне салғанымыз тегін емес. Осы арқылы кітап атты құдіретті біз де өзімізше өрнектеп, бағалағымыз келіп отыр. Өйткені дүниеде кітапты ештеңе ауыстыра алмайды. Қай заманда да кітап оқылады, оқылмай тұрмайды. Ақпараттық технология дәуіріндегі білімнің байсалды бұлағы да сол баяғы «киіз» кітаптарымыз болып қала беретіні сөзсіз. Кітапты құрметтеудің өнегелі үлгілері көп. Назарымызға іліккен соның біреуіне тоқтала өтейік. Мысалы, қазір Мәскеудегі Ресей мемлекеттік көпшілік тарихи кітапханасының босағасында «Оқырманға арналған он өсиет» көрнекі жерде ілулі тұр. Бұл 1919 жылы Украинадағы революциялық әскери комиссариат саяси басқармасы шығарған үгіт-насихат парақшасы екен. Оқып көрсеңіз ХХІ ғасырдың адамы үшін тым артық ақыл тәрізді... Бірақ кітапты құрметтей білетін елдер бұлай деп санамайды. Олар кітап туралы бір ауыз лебіздің қашан, қай жерде және қалай айтылса да ешқашан қадірі кетпейді деп біледі. Осыдан 92 жыл бұрын тасқа басылған «он өсиеттің» Мәскеудің іргелі кітапханасының ғимаратында көзге түсу себебі осында болса керек. Біз мұны кітапқа деген көзқарастың қай ғасырда да, қай дәуірде де өзгермейтіндігінің айғағы деп ұқтық. Осы «өсиеттердің» мазмұнын білу кім кімге де артық болмас деген ниетпен бұларды қазақша былай қалыптаған едік. Соларды оқып көріңіздер: «Кітапты ұстар алдында қолыңа қара, сенің саусағыңның ізінің кітапқа керегі бар ма? Кітапты оқып отырғанда түбін жоғары қаратып тастай салма, қайырып оқыма, бетіне шынтағыңды батырма, ол – барша жұрт пайдаланатын аса қымбат қазына; кітаптың ішіне газет, дәптер салма, кітап – зат салатын қалта емес; тамақ ішіп отырып не төсекте жатып кітап оқыма, кітап айрықша назар аударуды талап етеді;
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.egemen.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на egemen.kz: https://egemen.kz/article/14524-bukkrossing-bibliobus
© egemen.kz