Оқылым Энергетикалық дағдарыс
Қытай ғалымдарының айтуынша, Айдан табылған Гелий-3 элементі Жердегі энергетикалық дағдарыстың алдын алуға көмектеседі. Егер а Айдан бұл элементті өндіріп алатын болса, одан алынатын энергия он мың жылға жетеді, - деп хабарлайды Huffington Post.
Қытай ғалымдары осылай әлемге жар салудан бұрын Айды мұқият зерттеген. Жер серігінің беткі қатпарында термоядролық реакторға шикі өнім бола алатын пайдалы қазбалардың көп екендігі белгілі болды. Гелий-3 – Жерде өте сирек кездесетін элемент, себебі Күн сәулесінің атмосфера қабаттарынан өтуі кезінде аталған элементтің изотоптары тыста қалып қояды. Ал Айда ешқандай ауа қабаты болмағандықтан, Гелий-3 ол жақта өте көп. Қытай ғалымдары Гелий-3 элементін Ай бетін 600 градусқа ысыту арқылы бөліп алуды жоспарлап отыр. Содан соң шикі материалдар Жерге жіберілетін болады. Mail Online газетінің сараптамалық жұмысында небары 40 тонна Гелий-3 элементі бүкіл АҚШ территориясын бір жыл энергиямен қамтамасыз ете алады делінген. Ал Айда бұл элементтің 10 миллион тонна қоры бар екені анықталды.
Әзірге Қытай Айдағы табиғи байлықты игеру мақсатындағы қазба жұмыстарын бастау уақыты туралы ештеңе айтқан жоқ. Ал америкалық зерттеушілер бұл жобаның қанша қаржыны қажет етеніні туралы сараптамалық талдау жасауда. Huffington Post газеті Айдан қазып алынған әрбір тонна Гелий-3 элементінің құны орташа есеппен 3 миллиард АҚШ долларына тең болатынын жазады. Бұл – Жердегі мұнайды қолданғаннан әлдеқайда арзан әрі Жер үшін өте пайдалы болады.
1. Сөйлемдердің «шын, жалған» екенін белгілеңіз.
Тұжырымды сөйлемдер
Шын/Жалған
Аталған элемент біздің планетамызда өте аз кездеседі.
Қытай ғалымдары Айдан Гелий-3 элементін тапқандығын айтып, дүние
жүзіне жар салған.
[1]
2. Мәтіннен мына сөздің синонимін табыңыз.
Жария ету - [1]
3. Мәтіннен мына сөздің антонимін табыңыз.
Қымбат - [1]
Берілген сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз (перифраза).
тонна Гелий-3 элементі бүкіл АҚШ-ты бір жыл энергиямен қамтамасыз етеді.
АҚШ[1]
5. Берілген сұраққа өз ойыңызды білдіріп, жауап беріңіз.
Гелий-3 элементінің артықшылығы неде?
[1]
Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің айырмашылығы.
Ауыз әдебиеті (фольклор) мен жазба әдебиет айтылу, таралу ерекшеліктері және идеялық-көркемдік өрнегі бойынша бір-бірінен бөлек дүниелер. Бұл өзгешелік көркем шығарманың жаратылысындағы мезгілдік және мекендік өлшемдерден айқын көрінеді. Ауыз әдебиеті табан астынан тыңдаушыға арналып айтылатындықтан (немесе орындалатындықтан) және суырып салып шығарылатындықтан мезгіл жағынан шектеулі болады, яғни әр жолды, әрбір шумақты, бейнелі тіркестерді айтушының ұзақ уақыт ойланып-толғанып отыруына мүмкіндік жоқ. Сондықтан көркем шығарманы алғаш шығарып отырған мезгіл де, оны ауызша орындау уақыты да бұл арада бірдей. Себебі ауызша шығарма тыңдаушы алдында қолма-қол шығарылатындықтан оны жазба әдебиетіндегідей үздік-создық, бірде жылдамдатып, бірде үзіліс жасап, ұзақ ойланып шығаруға мүмкіндік жоқ. Сөйте тұра табан астында шығарылған өлең-жырдың эстетикалық қуаты, нысанаға дөп тиіп жатқан әсерлілігі, өнер ретіндегі өзгешелігі тыңдаушысын қашанда тәнті еткен. Бұл жағынан жазба әдебиеттен оның қызметі бір де кем емес. Дегенмен, ауыз әдебиетінің импровизаторлық сипаты оның көркемдік табиғатының өзгешелігін көрсетеді. Атап айтқанда, ауыз әдебиеті шығармаларында ортақ сюжеттер, сарындар, тұтас шумақтар, бейнелі тіркестер, өлеңнің даяр үлгілері мен ұйқастары жиі кездеседі. Әрі мұндай қайталаулар мен ортақ белгілер ауызша жырлаудың белгілі бір дәрежедегі “қалыптық” сипатымен байланысты, яғни ауызша айту қалыптасқан үлгілер арқылы жүзеге асырылады. Ал жазба әдебиет табиғаты бұл жағынан мүлде бөлек. Жазбаша шығарманың жазылу процесінде тыңдаушыға тәуелді уақыт шектеушілігі мұнда болмайды. Жазушы мен жазба ақынның көркем шығарманы жарату кезіндегі уақыт еркіндігі мол. Осыған орай даяр үлгімен шығару, шығарманың түрлі деңгейлеріндегі қайталаушылық пен біркелкілік жазба әдебиетке жат. Бұл өзгешелік сөз өнерінің осы екі түрінің көп нұсқалы болу-болмау сипатына да тікелей қатысты. Ауыз әдебиеті ауызша шығарылып, ауызша тарайтындықтан шығарманың үнемі өзгеріс үстінде болатындығы заңды құбылыс. Себебі ауызша айту, бұрын шығарылған тексті орындау — ешбір өзгеріссіз қайталап шығу емес, керісінше, ол — шығармашылық процесс. Онсыз шығарманың заман ағымына лайық қайта түлеп отыруы мүмкін болмайды. Әсіресе, ірі жанрларға тән осы ерекшелік шығарманың бір айтушыдан екінші айтушыға, бір дәуірден екінші дәуірге ауысу барысында айрықша көрінеді. Ауыз әдебиетінің көпнұсқалы болуына ықпал ететін жағдайлардың бірі — тыңдаушылар ортасының өзгеріп отыратын әлеуметтік талап-тілектері мен көркемдік сұраныстары.
Моя мечта быть врачом,Врачи отдают все силы,всю душу чтобы человека от болезней,А чтоб стать врачом нужно прочитать стоьлео мед,литературы,столько энциклопедий,А для этого нужно все свои силы и стремления отдать учебе,Достижение своей мечты это главное стремление моей учебы И мама тоже мечтает чтобы я стала врачом.Посмотрим покажет время!
ДУМАЮ