Оқылым Ұлы Жібек жолы Байырғы заманда жердің түкпір-түкпірінде тұратын адамдар бір-бірімен сауда жүргізген. Алғашында ол қажетті заттармен айырбас ретінде жүзеге аскан. Мысалы, асыл тастар, алтын, күміс, тұз, шипалы өсімдіктер мен хош иіс сулары, азық-түлік және баска да тауарлармен алмасқан. Кейіннен акшаға сауда-саттық басталып, базар, жәрмеңке, сауда жолдары ашылды. Ұлы Жібек жолының Қазақстан жерінен өткен жолы Сауран қаласы болды. Қазақстан жеріндегі орта ғасырдағы ірі қалалардың бірі. Жібек жолындағы тағы бір тарихи кала – Иасы, кейіннен Түркістан атанған. Түркістан ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. Қожа Ахмет Иассауидің кесене ғимараты — бүкіл Орта Азиядағы сәулет өнерінің керемет үлгісі болып табылады. Жібек жолындағы даңқты қалалардың бірі Отырар еді. Бүкіл Шығысқа аты әйгілі қала ең алғаш Фараб деп аталды. Әл Фараби атанған ұлы ғалым Әбу Насыр Ибн Мұхаммед шыққан қала. Ұлы Жібек жолында тарихи қалалардың қатарына Испиджап, яғни, Сайрам да жатады. Сайрам ұзақ жылдар бойы Жібек жолы бойындағы саяси жағынан да, экономикалық жағынан да, мәдени жағынан да еңсесі биік қалалардың бірі болып қалған. Сол тұстағы аса ірі сауда орталығы Тараз болды. Елдер оны саудагерлер қаласы деп атаған. Тараздың жүрегі - мешіттері, керуен сарайлары болса, базардың айналасында түрлі шеберханалар, наубайханалар орналасқан. Ертеде Тараз қаласындағы сауда базарын көргендер «Тараз базары – әлем айнасы» дейтін. Себебі, бұл жақта кез келген дүниені айырбастауға, сату мен сатып алуға болатын. 1.Берілген сөйлемге сұрақ қой. 1б Түркістан ертеден «екінші Мекке» деп аталып кеткен. 2.Сұраққа жауап бер.1б Байырғы заманда адамдар қандай тауармен алмасқан? 3.Мәтін бойынша Тараздың жүрегі болып табылатын нұсқаларды тап.1б А)Мешіттер, керуен сарайлары Б) шеберханалар, наубайханалар В)демалас орындары Г) хамамдар 4.Қожа Ахмет Иассауидың кесене ғимараты не болып табылады? 1б А)Бүкіл орталық Европаның саулет өнері Б) Бүкіл орта Азия саулет өнері В) Бүкіл орталық Азиянының театр өнері Г) Бүкіл орталық Азиянының музыка өнер 5. «Ұлы Жібек жолы» туралы диалог құра. 10б
Жеңге
Жеңге деген – ол менің ағамның сүйген жары. «Жақсы жеңгең - жарты анаң» дегендей, менің жеңгем өте асыл жан. Біздің үйге келін болып түскелі екеуміз апалы - сіңілі адамдардай болып кеттік, менің бүкіл сырларымды білетін, маған үнемі ақылын айтып, білмейтінімді үйрететін – осы жеңгем. Жақсы жеңге ғана болып қоймай, қайынжұртына инабатты келін, балаларына сүйікті ана.
Қазақ халқының сан ғасырлардан бергі тәлім – тәрбиесінде жеңгенін орны ерекше. Қашанда өзінен кіші қайындары мен қайынсіңілдеріне әзілі мен қалжыңы араласа жүретін сыйлы, әрі сүйкімді адам болған. «Қызы бар үйдің жеңгесі сүйкімді» деп айтылғандай, әсіресе қайынсіңілсінің тәрбиесінде ерекше орын алатын, сырласатын осы жеңге болған. Жақсы жеңге кенжелерді атймын атамай, оларды еркелетіп қайындарына «төре бала», «ерке бала», «төрем», «еркем», «кенже бала», «мырза жігіт», «төре жігіт», «мырзатай», ал қайынсіңілдеріне «шырайлым», «кекілдім», «арайлым», «сырғалым», «шашбаулым», «күлімкөз», «шашбаулым», «еркем», «ерке қыз» деп ат қояды. Менің жеңгем мені еркелетіп «Сырғалым» деп атайды.
Бұл дәстүр бүгінгі күні де жалғасын тауып келеді. Бұл сыйластық пен құрметтің ерекше белгісі. Ер адамдар ақсақалдар мен өзінен үлкенді «ата», «әке», «ереке», «жәке» деп құрмет көрсету осы дәстүрден туындаған. Осы бір әдет — ғұрыптан жасы үлкен адамды сыйлаудың озық мәдениетін көруге болады.