Жас нәресте туған кезде ата-анасы ең алдымен ат қояды. Кейде олар келісе отырып, бала есімін өздері таңдайды. Егерде әке-шешесі, ата-әжесі тірі болса, өз немере, шөберелерінің есімдерін солар қояды. Мұндайда үлкен кісілердің айтқаны – заң.
"Балаға қандай ат қойылса, оның болашақ тағдыры соған байланысты бо-лады», - деген наным-сенім бар. Есім бала өміріне айтарлықтай әсер етеді, сәбилерді неғұрлым көркем есімдермен атаған сайын, баланың тұла бойы соған сәйкес көркемделе түседі.
Кейде жаңа туған нәрестеге көз тимесін, өмірі ұзақ болсын деген ниетпен әдейі түпкі мағынасы сиықысыз есімдерді де қойған. Мұндай дәстүр қазақтарда ғана емес, орыстарда да бар. Орыс халқында: Клавдия (ақсақ), Ардалион (лас), қазақ халқында: Жаман, Қиқым, Шоқпыт, Сасық секілді есімдер сондай ырыммен қойылған.
Тек қазіргі заманда бұрынғыдай мағынасы сиықсыз есімдерді балаға қоюды қойды.
Көк дауылмен жағаласып кемеміз, Көк мұхитта қақпақыл боп келеміз. О, Жасаған! Өстіп жүріп бір күні Өлеміз-ау, Өлеміз-ау, Өлеміз! Кейбіреулер соны неге ұқпайды, Қадалады жүрегіме мұң-қайғы. Мен де өлемін, Менің бірақ есімім Жазушылар тізімінен шықпайды! Пендемін ғой, тау болсам да шөгер ем, Гүлдей солам, Бірақ қайта көгерем: Тірілердің көзіне оттай басылар, Талай-талай немерем мен шөберем. Өліп-өшкен ғашық жігіт Күніне Мендік көзбен қарар сүйген гүліне. Мен болмаспын, Бірақ сөзім оралар Сайрап тұрған шешендердің тіліне. Жүрек неге, Өкпе неге алқынды? Қимайды ма өте шыққан бал күнді? Әдемі әзіл бір кездері мен айтқан, Әлі талай ду күлдірер халқымды. Амал қанша! Татар дәмім таусылды. Қабірстан құшағымен қаусырды… Жоқ! Өлмеймін! Елім талай естиді Лентаға жазып алған даусымды! Кейбір жырым дән ұшырып қырманда, Кейбір жырым бақташы боп жүр маңда. Жоқ! Өлмеймін! Правом жоқ өлуге, Сөз сыйлайтын халқым аман тұрғанда!
Второй:
Бабамыздың шоқ басқан табанымен Бірдей екен жақсысы жаманымен: Бір жаманы – тынымсыз көше берген, Бір жақсысы – қимаған даланы кең.
Бір жаманы – жел сөзге ерген екен, Бір жақсысы – тілге ерік берген екен. Бір жаманы – кетпенге орашолақ, Бір жақсысы – найзагер, мерген екен.
Бір жаманы – кешігіп әліппе ашқан, Бір жақсысы – күйлері көбік шашқан. Бір жаманы – қыздарын малға сатып, Бір жақсысы – сүйгенін алып қашқан.
Бір жаманы – шаруасын маңдытпаған, Бір жақсысы –қулықпен жанды ұтпаған. Бір жаманы –үйленіп жеңгесіне, Бір жақсысы –жесірін қаңғытпаған.
Тату-тәтті көршілер шыр бұзбаған, Бірге тоңып суықта, бір мұздаған. Бір жаманы –сонда да үй салмаған, Бір жақсысы –абақты тұрғызбаған.
Жас нәресте туған кезде ата-анасы ең алдымен ат қояды. Кейде олар келісе отырып, бала есімін өздері таңдайды. Егерде әке-шешесі, ата-әжесі тірі болса, өз немере, шөберелерінің есімдерін солар қояды. Мұндайда үлкен кісілердің айтқаны – заң.
"Балаға қандай ат қойылса, оның болашақ тағдыры соған байланысты бо-лады», - деген наным-сенім бар. Есім бала өміріне айтарлықтай әсер етеді, сәбилерді неғұрлым көркем есімдермен атаған сайын, баланың тұла бойы соған сәйкес көркемделе түседі.
Кейде жаңа туған нәрестеге көз тимесін, өмірі ұзақ болсын деген ниетпен әдейі түпкі мағынасы сиықысыз есімдерді де қойған. Мұндай дәстүр қазақтарда ғана емес, орыстарда да бар. Орыс халқында: Клавдия (ақсақ), Ардалион (лас), қазақ халқында: Жаман, Қиқым, Шоқпыт, Сасық секілді есімдер сондай ырыммен қойылған.
Тек қазіргі заманда бұрынғыдай мағынасы сиықсыз есімдерді балаға қоюды қойды.
Жоқ, өлмеймін!
Көк дауылмен жағаласып кемеміз,
Көк мұхитта қақпақыл боп келеміз.
О, Жасаған!
Өстіп жүріп бір күні
Өлеміз-ау,
Өлеміз-ау,
Өлеміз!
Кейбіреулер соны неге ұқпайды,
Қадалады жүрегіме мұң-қайғы.
Мен де өлемін,
Менің бірақ есімім
Жазушылар тізімінен шықпайды!
Пендемін ғой, тау болсам да шөгер ем,
Гүлдей солам,
Бірақ қайта көгерем:
Тірілердің көзіне оттай басылар,
Талай-талай немерем мен шөберем.
Өліп-өшкен ғашық жігіт
Күніне
Мендік көзбен қарар сүйген гүліне.
Мен болмаспын,
Бірақ сөзім оралар
Сайрап тұрған шешендердің тіліне.
Жүрек неге,
Өкпе неге алқынды?
Қимайды ма өте шыққан бал күнді?
Әдемі әзіл бір кездері мен айтқан,
Әлі талай ду күлдірер халқымды.
Амал қанша!
Татар дәмім таусылды.
Қабірстан құшағымен қаусырды…
Жоқ! Өлмеймін!
Елім талай естиді
Лентаға жазып алған даусымды!
Кейбір жырым дән ұшырып қырманда,
Кейбір жырым бақташы боп жүр маңда.
Жоқ! Өлмеймін!
Правом жоқ өлуге,
Сөз сыйлайтын халқым аман тұрғанда!
Второй:
Бабамыздың шоқ басқан табанымен
Бірдей екен жақсысы жаманымен:
Бір жаманы – тынымсыз көше берген,
Бір жақсысы – қимаған даланы кең.
Бір жаманы – жел сөзге ерген екен,
Бір жақсысы – тілге ерік берген екен.
Бір жаманы – кетпенге орашолақ,
Бір жақсысы – найзагер, мерген екен.
Бір жаманы – кешігіп әліппе ашқан,
Бір жақсысы – күйлері көбік шашқан.
Бір жаманы – қыздарын малға сатып,
Бір жақсысы – сүйгенін алып қашқан.
Бір жаманы – шаруасын маңдытпаған,
Бір жақсысы –қулықпен жанды ұтпаған.
Бір жаманы –үйленіп жеңгесіне,
Бір жақсысы –жесірін қаңғытпаған.
Тату-тәтті көршілер шыр бұзбаған,
Бірге тоңып суықта, бір мұздаған.
Бір жаманы –сонда да үй салмаған,
Бір жақсысы –абақты тұрғызбаған.