Қазақтың ұлттық ойындары Көкпар - көкпарда «Дода және жеке тартыс» аталатын екі түрлі әдіс қазақ арасында көп қолданылады. Екеуінде де ат пен жігіт сынға түседі. Қазір көп жерде дода тартыс қана ойналып жүр. Жеке тартыс әдісі ұмытылған не іске қосылмаған. Көкпардың бұл түрі көреременді қызыққа бөлейтін әдіс. Жеке тартыстың шарты бойынша қарсылыстар өз тобынан екі-екіден тартыскерлер шығарады. Сайланған төрт жігіт өздерінің қайрат-күшін елге танытады. Тартылатын серкені бір бала өңгеріп алып, алдын ала сарапшылар белгілеген бір жарым шақырымдай жерге апарып тастайды.Тартысқа шыққан жігіттер серкеге барғаннан кейін таласа-тармаса тұрып, жерден іліп алу амалын жасайды. Қайсысы бұрын іліп алса, тақымына басып, қарсыласына ырық бермеуге тырысады. Ол да жармасып, бос сирақты тақымға басып, тартыса бастайды. Серіктері жолдастарын жебейді. Қайсысы көкпарды жұлып алса, серігіне береді. Ол топқа қарай ала қашады. Қарсыласы қуалайды. Жетіп ұстаса, қайта тартысады. Сөйте-сөйте көрерменге жақындайды. Осы арада көкпарды жұлып алған жігіт тез қимылдап, қарсылас топқа апарып тастайды. Ал аты ұшқыр , жүйрік жігіттер түптегі тартыста-ақ лақ қолына тисе, жеткізбей кетуі мүмкін. Көкпар тартуға араласа алмайтын қартттар, балалар көкпаршы жігіттердің осы ойынынан ләззат алады. Жүйрік атпен мықты жігіттің қайратына сүйсінеді. Біраздан кейін серкенің терісі жыртылып, сүйегі сөгіле бастайдыда, ел жапа-тармағай тартысқа кіріседі. Бұл дода деп аталады. Мұнда да мықты жігіттермен жақсы ат көзге түседі. Мықты жігіттер жүйрік атты жігіттерге топтан көкпарды шығарып береді. Олар ала қашып, ерекше бір жақсылығы бар үйге апарып тастайды. Салт бойынша ол үй жаңа көкпар береді. Осыдан арғы көкпардың бәрі дода әдісімен өтеді. Аударыспақ – салт аттылардың бірін-бірі ер үстінен аударып алу сайысы. Бұл ойынға қайрат-күші мол, батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат құлағында ойнай білетін жігіттер қатысады. Ежелгі заманнан келе жатқан бұл ойын жаугершілік кезінде найза ұстап, қылыш шабатын жауынгерге қажетті қасиеттерді қалыптастырған. Аударыспақ кәзіргі кезде де шопандар тойында, мерекелерде спорт ойынның бір түрі ретінде көрсетіліп жүр. Қыз қуу ойыны бір тегіс, жұмсақ топрақты жазық жерде өткізіледі. Мәренің қашықтығы 300 метрдей, ені 30-40 метрдей жер болуы шарт. Ойын өтетеін алаңнан қарама-қарсы жағында, бұрылыста жалауша қадалған бақылау пункті болады. Қызбен жігіттен екі-екіден жұптар жасақталады. Сөре желісінде қыз жігіттен 15 метрдей алда тұрады. Төрешінің белгісі бойынша ойыншылыр бір мезетте сөреден шаба жөнеледі. Ойының шарты бойынша қыз бұрылысқа бірінші болып жетуі керек. Егер жігіт бұрылысқа дейін қызды қуып жетсе, жеңімпаз ретінде қызды құшақтап, сүюге міндетті. Ал жігіт оған үлгермей қалса, бұрылыстан қайта шапқанда қыз көрермендердің гулеп қостауы үстінде шабандоз жігітті қамшының астына алады. Екеуі де осы жарыс үстінде өздерінің тапқырлыған, сынаптай сырғыған ептілікті, шабандоздық шеберлікті таныты білулері керек. Теңге ілу – бозбалалар мен жігіттердің атпен ойнайтын ойыны. Көбіне қыз ұзатылатын және сүндет тойларының думанында ойналады. Жігіттің атқа мықтылығы, ат үстіндегі самдағай әрекеті, денесін игеріп, билеп алған ептілігі сынға салынады. Теңгені іліп ала алмай, аттан ауып қалып жататындар да көп болады. Кейде бір ауылға келін ұзағырақ жылдардан кейін түсіп, беті ашылғаннан кейінгі сайранда ырым үшін де ойналады. Сонда жас келін өзінің шолпысын не алқа күмістерін орамалға түйіп, бір қарыстай терең қазылған,қолдың басы ғана сиятын шұңқырға салып қояды. Сәйгүлік мінген жігіттер жүз, жүз елу метрдей жерден екпіндете шауып келіп, сол ағынымен шұңқырдағы орамалды іліп әкетуге тиіс. Шұңқыр тұсында іркіліп, тоқтауға не аттың шабысын бәсеңдетуге болмайды. Кімде-кім орамалды іліп әкетсе, оны өзіне тартылған жас келіннің тарту сыйы деп біледі.Оны өзі алып қалмайды, қалаған адамына сыйлайды.
Мен Қарағанды, Талдықорған, Қызылорда облыстарында болдым.
Ол облыстардың қайсысы ерекше ұнады? Әр қайсысы өзінше ерекше, біреуі сәулетімен, бірі ауа-райымен дегендей. Қызылорда облысында күріш өсірілетінін білетін бе едің? Оны білмеппін, бірақ Илья Ильин сол облыстан ғой, соны білемін. Қарағанды көмірлі аймақ па? Дұрыс айтасың.
Наурыз - діни мереке ме? Жоқ, халықтар мерекесі емес пе? Ия, солай болуы мүмкін. Сенің анаң наурыз көже пісіре алады ма? Үйренді, бұрын білмейтін Сенде ұлттық киім бар ма, Наурыз мерекесіне киюге? Өзіме арнап тіктірдік.
Қазақстан Республикасының мерекелерінде демалыс береді ме? Демалыс беріледі. Конституция күні, Республика күні, Наурыз мерекесі, Жаңа жыл күндері демалдық. Жаңа жылда қайда болдың? Астанаға бардық. Наурызда ше? Онда достарыммен болдым.
Қазақстанның ұлттық ойындарына не жатады? Ат жарыстары Ал, ат жарыстарына не жатады? Бәйге, көкпары, қыз қуу. Қазақша күресте жатады ма? Әрине, аты айтып тұрған жоқ па? Арқан тарту спорт түрі ме? Білмедім, олай емес шығар.
Қазақтың әншілері туралы айтсақ Әміре Қашаубаев есіме түседі
Ол кім, мен естімеппін Ол кісі Францияда ән шырқапты. Күләш Бәйсейтова жезтаңдай ән болған Ия, жақында ол кісі туралы кино көргенмін Бибігүл Төлегенова да атақты әнші емес пе? Ия, әлі даусы өзгермеген
Мемлекетіміздің рәміздерін айтшы Ел таңба, Ту, Ән ұран. Ән ұранды жатқа білесің бе? Білемін, мектепте жаттағанбыз Спортсмендер шет елде жарыстарда жеңіске жеткенде, туымыз желбіреп, ән ұранымыз шырқалады емес пе? Сонда бізде қуанышқа бөленіп, толқуда боламыз Рахмет оларға, еліміздің рәміздерін әлемге танытқан.
Қазақстанның атақты журналистерін мен біле бермеймін? Мен де олар туралы ешнәрсе білмеймін Теледидардағы жүргізушілер журналистер ме? Кімдерді айтасың? Мысалы: Дана Нұржігіт, Андрей Платонов, Ардақ Байғабыл Мүмкін, білмедім. Жарайды, енді ізденіп, білейік, әйтпесе ұят екен.
Мамандықтар түрлі-түрлі қайсысын таңдарымды білмей жүрмін. Мен таңдап қойдым Қойшы, шын ба, кім болмақшысың? Заңгер боламын. Оның орынды, заңды білсең қор болмайсың, халықтың да құқығын қорғайсың. Сенде ойлан, жүре берме, уақыт күтпейді. Ойланамын, бір шешімі табылар
Қазақ спортында осы бокстен жеңімпаздар көп, ия? Оның рас. Ал футболдан ойдан шыға алмай жүрміз бе? Мен футболға қызықпаймын, сондықтан білмеймін. Осы олимпиада жүлдегері болған қыздар қайда? Майя ма? Ия, сол Жүрген болу керек, білмедім
Қазақстан табиғаты тамаша, жанға жайлы, қаншама ақын жазушылардың туындыларына себепкер болды десеңші? Әсіресе, Көкшетау туралы көп айтылады емес пе? Жұмбақтас, Оқжетпес табиғаттың тамаша өнері. Сенің туған жеріңнің табиғаты қандай? Бізде орман жоқ. Көбіне ашық дала. Қыста қар аз, бірақ жел қатты. Жаз өте ыстық. Бұл Қызылорда ма? Бірден таптың.
Қазақта қолөнері дамыған. Ағаштан түйін түйетін ұсталар болған Домбыраны қолдан жасаған ба? Домбыраны, киіз үйлерді ағаштан жасаған Әжелер текемет басып, өрнек, кілем, алаша тоқыған. Біздің үйде әдемі тоқылған кілем бар Ал, бізде жазда тігеміз, қараша үй бар Бізде домбыра бар.
Жамбыл Жабаев атамыз ақын ба? Өте танымал ақын Қазіргі Жамбыл облысы Жамбыл Жабаев құрметіне аталған ба? Жамбыл атамыздың құрметіне аталған Соғыс кезінде Ленинградтық өрендерім деген өлең шығарған ба? Сол өлеңі көп адамға қуат берген Жамбыл атамыз көп жасаған ба? Көп жасаған.
Отбасылық дәстүр сендерде бар ма? Ол халықтық дәстүрдің негізінде барлық отбасында бар шығар? Соның бірі әкем қызға қырық үйден тыю деп кешке бізді қыдыруға жібермейді Тағы қандай дәстүр бар? Қысқа көйлек кигізбейді. Дастархан басында асты жеуді үлкендер бастайды. Ал, біздің от басында астан кейін атам әрдайым бата береді.
Ұлы Отан Соғысының Батырлары қазір қалмаған шығар? Біздің облысымызда қалмады Бізде де қалған жоқ Бізде Ұлы Отан соғысы Батырларына көше берілген, сендерде ше? Әрине, бізде де берілген, Мәңгілік от алаңы бар. Бізде де, батыр қалалар мен Батырлар аты жазылған алаң бар
Павлодар солтүстік облыстарының бірі ме? Ия, ол менің туған қалам Ол жақ өте суық болар? Ия, сендер шыдамайтын суық Қалаларың әдемі ме? Өте әдемі
Мен Қарағанды, Талдықорған, Қызылорда облыстарында болдым.
Ол облыстардың қайсысы ерекше ұнады?
Әр қайсысы өзінше ерекше, біреуі сәулетімен, бірі ауа-райымен дегендей.
Қызылорда облысында күріш өсірілетінін білетін бе едің?
Оны білмеппін, бірақ Илья Ильин сол облыстан ғой, соны білемін.
Қарағанды көмірлі аймақ па?
Дұрыс айтасың.
Наурыз - діни мереке ме?
Жоқ, халықтар мерекесі емес пе?
Ия, солай болуы мүмкін.
Сенің анаң наурыз көже пісіре алады ма?
Үйренді, бұрын білмейтін
Сенде ұлттық киім бар ма, Наурыз мерекесіне киюге?
Өзіме арнап тіктірдік.
Қазақстан Республикасының мерекелерінде демалыс береді ме?
Демалыс беріледі.
Конституция күні, Республика күні, Наурыз мерекесі, Жаңа жыл күндері демалдық.
Жаңа жылда қайда болдың?
Астанаға бардық.
Наурызда ше?
Онда достарыммен болдым.
Қазақстанның ұлттық ойындарына не жатады?
Ат жарыстары
Ал, ат жарыстарына не жатады?
Бәйге, көкпары, қыз қуу.
Қазақша күресте жатады ма?
Әрине, аты айтып тұрған жоқ па?
Арқан тарту спорт түрі ме?
Білмедім, олай емес шығар.
Қазақтың әншілері туралы айтсақ Әміре Қашаубаев есіме түседі
Ол кім, мен естімеппін
Ол кісі Францияда ән шырқапты.
Күләш Бәйсейтова жезтаңдай ән болған
Ия, жақында ол кісі туралы кино көргенмін
Бибігүл Төлегенова да атақты әнші емес пе?
Ия, әлі даусы өзгермеген
Мемлекетіміздің рәміздерін айтшы
Ел таңба, Ту, Ән ұран.
Ән ұранды жатқа білесің бе?
Білемін, мектепте жаттағанбыз
Спортсмендер шет елде жарыстарда жеңіске жеткенде, туымыз желбіреп, ән ұранымыз шырқалады емес пе?
Сонда бізде қуанышқа бөленіп, толқуда боламыз
Рахмет оларға, еліміздің рәміздерін әлемге танытқан.
Қазақстанның атақты журналистерін мен біле бермеймін?
Мен де олар туралы ешнәрсе білмеймін
Теледидардағы жүргізушілер журналистер ме?
Кімдерді айтасың?
Мысалы: Дана Нұржігіт, Андрей Платонов, Ардақ Байғабыл
Мүмкін, білмедім.
Жарайды, енді ізденіп, білейік, әйтпесе ұят екен.
Мамандықтар түрлі-түрлі қайсысын таңдарымды білмей жүрмін.
Мен таңдап қойдым
Қойшы, шын ба, кім болмақшысың?
Заңгер боламын.
Оның орынды, заңды білсең қор болмайсың, халықтың да құқығын қорғайсың.
Сенде ойлан, жүре берме, уақыт күтпейді.
Ойланамын, бір шешімі табылар
Қазақ спортында осы бокстен жеңімпаздар көп, ия?
Оның рас.
Ал футболдан ойдан шыға алмай жүрміз бе?
Мен футболға қызықпаймын, сондықтан білмеймін.
Осы олимпиада жүлдегері болған қыздар қайда?
Майя ма?
Ия, сол
Жүрген болу керек, білмедім
Қазақстан табиғаты тамаша, жанға жайлы, қаншама ақын жазушылардың туындыларына себепкер болды десеңші?
Әсіресе, Көкшетау туралы көп айтылады емес пе?
Жұмбақтас, Оқжетпес табиғаттың тамаша өнері.
Сенің туған жеріңнің табиғаты қандай?
Бізде орман жоқ. Көбіне ашық дала. Қыста қар аз, бірақ жел қатты. Жаз өте ыстық.
Бұл Қызылорда ма?
Бірден таптың.
Қазақта қолөнері дамыған. Ағаштан түйін түйетін ұсталар болған
Домбыраны қолдан жасаған ба?
Домбыраны, киіз үйлерді ағаштан жасаған
Әжелер текемет басып, өрнек, кілем, алаша тоқыған.
Біздің үйде әдемі тоқылған кілем бар
Ал, бізде жазда тігеміз, қараша үй бар
Бізде домбыра бар.
Жамбыл Жабаев атамыз ақын ба?
Өте танымал ақын
Қазіргі Жамбыл облысы Жамбыл Жабаев құрметіне аталған ба?
Жамбыл атамыздың құрметіне аталған
Соғыс кезінде Ленинградтық өрендерім деген өлең шығарған ба?
Сол өлеңі көп адамға қуат берген
Жамбыл атамыз көп жасаған ба?
Көп жасаған.
Отбасылық дәстүр сендерде бар ма?
Ол халықтық дәстүрдің негізінде барлық отбасында бар шығар?
Соның бірі әкем қызға қырық үйден тыю деп кешке бізді қыдыруға жібермейді
Тағы қандай дәстүр бар?
Қысқа көйлек кигізбейді.
Дастархан басында асты жеуді үлкендер бастайды.
Ал, біздің от басында астан кейін атам әрдайым бата береді.
Ұлы Отан Соғысының Батырлары қазір қалмаған шығар?
Біздің облысымызда қалмады
Бізде де қалған жоқ
Бізде Ұлы Отан соғысы Батырларына көше берілген, сендерде ше?
Әрине, бізде де берілген, Мәңгілік от алаңы бар.
Бізде де, батыр қалалар мен Батырлар аты жазылған алаң бар
Павлодар солтүстік облыстарының бірі ме?
Ия, ол менің туған қалам
Ол жақ өте суық болар?
Ия, сендер шыдамайтын суық
Қалаларың әдемі ме?
Өте әдемі