Оқылым. Мәтінді мұқият оқыңыз. 1-мәтін
Қарадырдың қарағанды сайы елсіз. Айналада қабат-қабат шұбар адырлар. Жақын төбелерді тобылғы басқан.
Сай бойында май айының салқын лебі еседі. Маңайдан жуалардың, жас шөптердің иісі келеді.
Ұзын кең өлкені қаптай басқан қарағаннаң ортасында терең құр жар бар. Соның бас жағында итмұрынды қалың жыныстың арасында қасқыр іні бар. Жақын елге мәлім, ескі ін. Жазға салымнан бері соны екі қасқыр келіп мекен етті.
... Күшіктерді жоталарынан тістелеп, індерге тығып-тығып тастап, ақ қасқыр қараған ішіне кірді.
Ін аузына екі аяқтылар жыбырлады. Көргіш көздер ін түбіне қадалды. Жеті күшіктің бесеуін көздеріне қарап отырып өлтірді де, екі кішкенесін тірі қалдырды. Кетерде бұның біреуінің тірсегін қиып қалдырды да, екінші біреуін – ең кенжесін алып жүріп кетті. Қалған жалғыз күшікті тістелеп алып, екі қасқыр жоқ болды. Ін қаңырап қалды... .
Осыдан соң бір жұма бойы маңайдағы ел күндіз-түні у-шу болып жатты. Қой жараланды. Қозы алып қашылды. Бұзаулар өлтірілді. Далада құлындаған биелердің бірнеше құлындары желінді.
Тұтқын болып кеткен көк күшік ауыл тұрғыны болды.
2-мәтін
Көзін ауылға келгесін екі күннен соң ашты. Жұрт асырауға көнеді десті. Кішкене Құрмаш «Көксерек» деп ат қойып алды. Ертеңді-кеш айналасынан шықпайды. Өзіне жеке асқұйғыш-итаяқ әзір болды. Баурын көтеріп, тырбанып, жүруге айналған соң, мойнына жіп тағылды.
Үй ішінен шықпайды.Түн баласында Құрмаш қасына алып жатады.Сол үшін кәрі әжесінің қойнынан да шығып кетті. Бөлек жатады. Қасында не аяқ жағында, көрпенің астында Көксерек жатады.
Жаз ортасында жақындаған кез болды. Көксерек үлкейді. Семіріп, жонданғандай да болды. Бірақ үлкейісі даладағындай емес, бәсеңдеу. Ауылдағы өзіғұрпы күшіктерден сонша үлкен емес.
Бұл уақытқа шейін Көксерек ауыл итінен көресіні көрді. Бірде-бір ит мұны дос көрмейді, маңына жақындатпайды. Қасқырға шабатын батыл төбеттер бұны талап та тастайды.
Құрмаш қасында болғанда таяқ жемейді.
⦁ Сұрақтарға жауап беріп, кестені толықтырыңыз.
⦁ Оқиға қай жерде болады?
⦁ Тұтқыншы болып кеткен не?
⦁ Тазыны кім асырап алды?
⦁ Қарадыр еліндегі мазасыздық ? (ауыл адамдарының зардабы)
⦁ Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтаңыз.
«Көксерек»
Тақырыбы: Идеясы
-
⦁ Екі мәтіннен мына сөздердің синонимін және антонимін табыңыз.
а. тұтқын -
ә. семіру -
4. Мәтіндерді салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын анықтап, кестені толтырыңыз.
Екі мәтіннің ұқсастығы
Айырмашылығы
Әдеби жанры
Авторы
Жазылым(80 сөз)
⦁ Берілген екі мәтінге ортақ тақырыпқа эссе жазыңыз. «Қоршаған орта – тіршілік көзі»
Менің досым.
Дос адам жанының айнасы тәрізді. Себебі адам өзі қандай болса, дәл сондай өзі сияқты жанына жақын жанды іздейді. Ойы, арман - тілегі, мақсат, ең бастысы өмірдегі құндылығы бір адамдардың шынайы дос болып, өмір бойы араларынан қыл өтпейді.
Менің ең жақын досымның есімі – Аружан. Екеуміз ата – аналарымыз арқылы танысқан болатынбыз – біздің аналарымыз мектептен бері жақын құрбылар. Енді міне сол достықтары бүгінгі күнге шейін ұласып, өз балаларында жалғасын тапты. Біздің достығымыздың өзі он жылға жуық жалғасып келеді, Аружан екеуміз осы уақытқа дейін еш ренжісіп көрмеппіз, себебі менің құрбымның мінезі сабырлы, байсалды, бәрін ақылмен шешуге тырысады, ашуға жол бермейді. Бірақ бір ренжіген соң қатты ренжиді. Сондықтан мен оның көңілін қалдырмауға тырысамын.
"Дос тұтқанды қадірле" демекші, мен өз досымды бағалаймын, екеуміздің достығымызды мақтан тұтамын.
Аружан - оқу озаты әрі мектепте үлгілі, сыпайы оқушы.
Үйінде бауырларына қамқор, ата - анасына көмекші.
Өмірде осындай, Аружан сияқты досым бар мен бақыттымын. Өмірде дос таңдаудан жаңылмадым деп есептеймін. Достығымыз мәңгілік болып, біздің балаларымыз да өзіміз секілді жақын дос болсын деп тілеймін!
Фастфуд (жылдам даярланатын тағамдар) туралы.
Уақыт пен заман ағымына қарай, бүгінгі күні қоғамымызда «фастфуд», яғни жылдам даярланатын тағамдар аса үлкен танымалдыққа ие болып отыр. Менің ойымша, оның бірден - бір себебі: бүгінгі күні адамдар материалдық құндылықтарды жоғары бағалағаннан кейін және «уақыт - ақша» деген түсінік қоғамда етек жайғаннан бері, сол уақытты үнемдеу мақсатында фастфуд өте үлкен танымалдыққа ие болып отыр деп есептеймін.
Ғалымдардың ойынша, мұндай жылдам даярланатын тағам адам ағзасына кері әсерін тигізіп, тіпті кейбір аурулардың себепшісі де болып жатады. Ең басты зияны – ол асқазанға тигізетін кері әсері. Сонымен қатар, бұл тағамдар әуестік туғызады. Ал үнемі біркелкі тамақтану – ол да зиян.
Денсаулық мамандарының айтуынша, жылдам даярланатын тағам құрамында майлар мен консерванттар өте. Сонымен қатар, бұл тағамдарды дайындау барысында маргарин өте көп қолданылды, ал оның құрамында трансмайлар көп, ол да адам ағзасына зиян келтіреді. Және де фастфуд әзірлеушілер оның құрамына арнайы дәмін күшейтетін арнайы дәмдеуіштер қосып, осының салдарынан адамдарда тәуелділік пайда болады.
Сондықтан, менің кеңесім: мұндай тағамдардан шама келгенше бас тартып, дұрыс тамақтанып, өз денсаулығымызды сақтайық!