Оқылым Мәтінді мұқият оқып шығыңыз. Төмендегі тапсырмаларды орындаңыз. Ғаламтор тарихы Интернет сөзі ағылшынша «байланысқан желілер» деген екі сөздің туындысы. XX ғасырдың 50-жылдарының соңында АҚШ-тың әскери зерттеулер агенттігі соғыс болған жағдайда жылдам ақпарат алмасатын желінің қажет екендігін айтып, компьютерлер желісін құру жайлы ұсыныс жасайды. Мұндай желіні жасау 3 университет пен 1 зерттеу орталығына тапсырылады. Жобаны АҚШ қорғаныс министрлігі қаржыландырды. АҚШ-та жасалған желі ARPANET деп аталды. ARPANET желісіндегі алғашқы сервер 1969 жылы 1-қыркүйекте Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде орнатылды. Ол оперативті жадысы 24 Кб болатын Honeywell DP-516 компьютері болатын. 1969 жылы желіні жасауға қатысқан төрт мекеменің арасында өзара байланыс орнатылды. Уақыт өткен сайын танымалдылығы артқан желіні басқа саладағы ғылыми қызметкерлер де пайдалана бастады. 1971 жылы алғаш рет желі арқылы электронды хабарлама жөнелту бағдарламасы жасалды. Бағдарлама бірден танымал болды. 1973 жылы желіге Атлант мұхиты арқылы өтетін телефон желісі қосылды. Телефон желісі арқылы Ұлыбританиямен және Норвегиямен байланыс орнатылды. Осылайша ғаламтор желісі халықаралық деңгейге жетті. 2008 жылғы статистика бойынша интернетті пайдаланатындар саны 1,5 млрд. адамды құрайды екен. (Ғаламтор материалдарынан. 150 сөз) 21. Желіні жасау неше университетке тапсырылды? A) 1 B) 2 C) 3 D) 4 E) 5 22. Алғашқы сервер қайда орнатылды? A) Ұлыбританияда B) Норвегияда C) «НАСА» ұйымында D) Атлант мұхитында E) Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде 23. Ғаламтор ең алғаш қандай мақсатта қолданылды? A) тәжірибе алмасу мақсатында B) әскери мақсатта C) спорттық мақсатта D) білім алу мақсатында E) сауда-саттық мақсатында 24. «Интернет» қай тілдегі сөздердің туындысы? A) грек B) латын C) ағылшын D) француз E) итальян 25. Мәтінге қай тақырып сай келеді? A) Бұқаралық ақпарат құралдары B) Ғаламтор және біз C) Алғашқы әлеуметтік желі D) Ғаламтор тарихы E) Пошта байланысы
Шымбұлақ — Алматы маңындағы Іле Алатауы шатқалының 2510 метр биіктігінде орын тепкен тау-шаңғылық курорты. Талғар асуының бөктеріндегі бұл спорттық кешен 1954 жылдан бастап тау шаңғысы спортшыларының сүйікті орнына айналған. Алғашқыда бұл кешен кеңес тау шаңғышыларының олимпиадаға дайындық базасы ретінде құрылған. Жарыс жолының ені 25 метр, еңістігі 11-29 градустардың аралығында, сондықтан шаңғышылардың ең жақсы жылдамдық көрсетуіне қолайлы. Техникалық сипаттамасы жағынан Еуропаның ең жақсы жарыс жолдарынан кем емес, көп жағдайда (қарының сырғанақтық сапасы бойынша) олардан артық.
Кешенді жаңа жөндеу бойынша жалпы ұзындығы 6 шақырымнан екі есеге ұзартылды. Ал ені ең негізгі бөліктерінде 10-20 есеге кеңейтілген. Тау шаңғы трассаларының бойына қар зеңбіректері орнатылған, аспалы жолдардың болат арқандары жаңартылған. Алдағы күндері шаңғы жолдарын Қарлытау мұздығына дейін ұзарту көзделген. Осы шаралар іске асқаннан кейін шаңғы трассасының ұзындығы бойынша Шымбұлақ әлемдік жетекші курорттарымен теңесетін болды. Сондай-ақ, қонақ үйлер қайта жасақталып, мейрамханалар мен дүңгіршектер, боулинг, спа-орталықтар құрылады. Осы жұмыстардың барлығы 2011 жылғы Азия ойындарының қарсаңында аяқталмақ
ответ:Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады.
Студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында университетте тұрақты түрде «Таза сессия» штабы жұмыс істейді. Штаб қызметінің негізгі идеясы жастармен кездесулер өткізу және оларға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, студенттер арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу.
Жастардың алған білімдері оларды өмірде туындаған кез келген жемқорлық атаулымен кездестірмейтіндігіне сенгіміз келеді.
Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!
Елдің болашағы – жас ұрпақтың қолында
Объяснение:адамдарға көмектескенді жақсы көремін