Оқылым. Мәтінді мұқият түсініп оқып, мәтін бойынша берілген тапсырмаларды орындаңыз. 1. Мәтіннің идеясын анықтаңыз. Көптеген адамдар, әсіресе ғаламтор қолданушылары, ғаламтордың адамзаттың ең үлкен қолжетістігі екендігімен келісері анық. Ол, қалтқысыз ақпарат көзі болуымен қатар, адамдарға қажет біліммен сусындауға, қиюы келмес мәселелердің шешімін табуға көмектеседі. Әлемдік тордың жан-жақты, білімді, көзқарасымыз кең болып, көптеген қызықты дүниелерді үйренуімізге себебі мол. Оған қоса, ғаламтордың тағы бір артықшылығы - мемлекеттер мен құрлықтар арасындағы шекараны жойып, адамдарға араларындағы қашықтыққа қарамастан бір-бірімен араласуға, сөйлесуге мүмкіндік беруінде. Тіпті, әлемдік тор арқылы әлемнің екі бұрышындағы адамдар достасып та жатады.Танымдық бағдарламаларды көру, жаңа ақпарат алу, білімімізді толықтыру, шетел тілдерін үйрену арқылы ғаламторда уақытымызды тиімді әрі пайдалы өткізе аламыз. Кей адамдар ғаламтор арқылы мамандық алып, жұмысқа орналасып жатады. Бұлардан бөлек, ғаламторды жолын білгендер табыс көзі ретінде қолдана алады. Соңғы жылдарда дәл осы ғаламтормен байланысты түрлі мамандықтар пайда болған. Сонымен ғаламтордың қол жетімділігі:1.Алысты жақындату 2.Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру. 3.Сана-сезімді жоғарылату. 4.Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру. 5.Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру. 6.Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу. 7.Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу. 8.Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету. (материалдарды және моральді жағынан болсын) Яғни мүгедек адамдарға немесе отбасы ахуалы нашар адамдарға, жетімдер үйіне, денсаулығы нашар науқастарға қаржылай қол ұшын беру. (186 сөз.)
Мәтін бойынша өз ойыңызды жазып талдау жасаңыз *
Менің ойымша ,мәтінде ғаламтор арқылы халықпен байланыс орнату туралы айтылған. Себебі , адамдардың 80% ғаламтор желісін пайдаланды. Сол себепті олармен байланыс орнату өте жеңіл. Сондықтан барлығымыз ғаламтор желісін белсенді пайдалануымыз керек.
Менің ойымша мәтінде ғаламтордың зияны туралы айтылған. Себебі ғаламтор адамдар арсындағы ауызша қарам-қатынасты жойып жатыр. Мысалы біз достарымыз бен, таныстарымызбен интернет арқылы хабарласқанды дұрыс санаймыз. Сондықтан да ғаламторды дұрыс пайдалануды үйренуіміз керек.
Менің ойымша, мәтінде ғаламтор желісінің білім алуға пайдасы туралы айтылған. Себебі, біз білім алу процессін тек ғаламтор арқылы ғана жүргізуімізге болады. Мысалы, электронды кітаптарды пайдаланып білім ала беруімізге еш кедергі жоқ. Содықтан, ғаламтор арқылы білім алған тиімді деген шешімге келдім.
Менің ойымша мәтінде ғаламтор желісінің пайдасы, тиімділігі туралы айтылған. Себебі біздің өміріміз ғаламтормен тығыз байланысты. Мысалы біз ғаламтор арқылы сабақ оқимыз, тапсырыстар береміз, қарым-қатынас жасаймыз. Сол себепті ғаламторды дұрыс пайдалануды үйрену керекпіз.
НУЖНО ВЫБРАТЬ ОДИН ВАРИАНТ ОТВЕТА
Елімізде ауыз толтырып айтып, мақтанатындай спортшылар аз емес. Солардың ішінде ең алдымен Александр Винокуровты атап айтып келеді. Ол - Қазақстанның және Астана Pro Team велокомандасының ең белгілі велошабандозы, «Vino» (Вино) деген атпен белгілі. 2012 жылғы Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы, Сидней Олимпиадасының вице чемпионы, әлем біріншілігінің қола жүлдегері, «Вуэльта» көпкүндігінің (2006 жыл) жеңімпазы. Оның есімі Қазақстанның спорт тарихына алтын әріппен жазылды десем, артық болмайды деп ойлаймын, себебі ол Қазақстаннан шыққан Олимпиада ойындарында алтын иеленген тұңғыш велошабандоз.
Еліміз Серік Сапиевті де мақтан тұтады. Ол ең танымал боксшылардың бірі, олимпиада чемпионы, халықаралық спорт шебері, Қазақстанның бокс бойынша еңбек сіңірген спорт шебері. Оның есімі Қарағанды қаласында бокс орталығына берілген болатын.
Бұл ретте Илья Ильинді атамай кету мүмкін емес. Қазақстанның есімін бірнеше дүркін әлемге танытқан әйгілі спортшы. Ол - Қазақстандық зілтемірші (ауыр атлет). Қазақстандық тұңғыш олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы (2008, 2012), әлемнің төрт дүркін чемпионы (2005, 2006, 2011, 2014) және Қазақстан чемпионы. Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері.
Әрине, спортшылар тізімі осымен шектелмейді, бірақ өзім осы тұлғаларды ерекше мақтан тұтамын.
-Сәлем!
-Сәлем!
-Жақында наурыз мерекесі болады.Сен ол мереке жайлы білесің бе?
-Жоқ. Маған Наурыз жайлы айтып берші.
-Наурыз қазақ халқының ұлттық мейрамы. Оны Ұлыстың Ұлы күні деп те атайды. Туыс-ағайын бір-бірін қонаққа шақырады, ақсақалдар батасын беріп наурыз-көжеден бәрі ауыз тиеді. Сен наурыз-къженің дәмін татып көрдің бе?
-Жоқ. Ол қалай дайындалады?
-Наурызда әрбір қазақ үйінде наурыз-көже дайындалады.
Оған жеті түрлі бидай түрін, сүрленген ет,су,тұз қосады.Ммм, шіркін тіл үйіретін дәмі естен кетпейді!
-Дәмі керемет шығар, менің Наурыз мейрамын енді күні-түні күтетін болдым.
-Сен әлі бәрін естімедің ғой! Бұл күні тойдың көкесін көрерсің! Палуандар күресі, көкпар,асық ату деген қазақтың ұлттық ойындары өткізіледі. Қазақ халқы ерте заманнан келген Наурызда ағаш отырғызу дәстүрін де ұмытқан жоқ.
-Мәссаған! Қандай тамаша! Мен осы жылы Наурызды өткізіп алмаспын!
-Ендеше мен сені біздің үйге Наурызды қарсы алуға шақырамын!
-Қонақжайлығыңа рахмет!
-Келесі кездескенше,сау бол!
- Сау бол!