Оқылым. Мәтінді оқыңыз. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Дүниенің сырын білуге есік ашатын алтын кілт – білім. Дана бабаларымыз: «Күш білімде, білім - кітапта», «Мұхит басы – бұлақ, білім басы – кітап», – деп бекер айтпаған. Ел болып еңсесін көтерген Егеменді еліміздің ертеңі – жас ұрпақ.
Ерінбей оқып, талмай іздену арқылы адам рухани тұрғыдан жетіліп, білім нәрімен сусындайды. Мұндай адам қашан да халқының ықыласына бөленеді. Асыл мұратына, арман – мақсатына білім арқылы жетеді. Жас жеткіншектер данышпан бабаларымыз жазып қалдырған кітаптарды көп оқулары керек. Осындай ғибрат пен өнегеге толы кітаптарды, ақын - жазушылардың шығармаларын оқыған адам білімді, тәрбиелі, өнерлі болып өседі.
Ағылшын философы — Френсис Бэкон: «Кітап оқу адамды білімді етеді, жазып отыру әдеті сауатты етеді», – дейді. Ал Конфуций: «Білген адам өкінбейді, мейірбан адам мазасызданбайды, батыр адам қорықпайды», – дейді.
1.Мәтін не туралы?
2.Дүниенің сырын білуге есік ашатын не?
3.Адам мұратына жету үшін не істеу керек?
4.Кітап, білім туралы бір мақал-мәтел жаз.
5.Мына сөздердің синонимін мәтіннен тап.
Өмірдің -
Тәуелсіз –
1) Білім туралы.
2) алтын кілт-білім.
3)Талаптану керек.
4)кітап-білім бұлағы,білім өмір- шырағы.
5)өмірдің-ғұмыр, тіршілік, дүние
тəуелсіз-мемлекет, саяси.