Оқылым. Мәтінді оқып шығып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Алғаш рет жануарларды қорғау 1948 жылы қолға алынды. Комиссия төрағасы Питер Скотт «Қызыл кітап» -деп атау ұсынып, 1963 жылы жарыққа шығарды. «Қызыл кітаптың» ішінде «Қара кітап» та болады. Оның ішінде мүлдем жойылып кеткен жануарлар мен өсімдіктер тіркеледі. Кітапқа алғашқы енген жануар- қасқыр. Бұл Жарлық Германияда қабылданды. Қазақ халқының ұғымында зиянкесті жануар қасқырдың табиғатта алған орны ерекше. Қазақстанның Қызыл кітабы – Қазақстан Республикасы аумағында жойылып кету қаупі төнген және сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктердің сипаттамасы берілген арнайы басылым. 1978 жылдан шығарыла бастады. Оның омыртқалы жануарларға арналған бірінші бөлімі жеке кітап болып 1978 ж. жарық көрді. Қазақстанның қызыл кітабына сүтқоректілер мен қосмекенділердің бірнеше түрі енген. Сүтқоректілерге елік, бұлан, құлан, сілеусін, жолбарыс жатады. Бұлан бұғылардың ең ірі түрі. Түсі қыста қоңыр, жазда қоңырқай болады, басы мен аяғы ақшылдау. Қазақстанның Жайық пен Ертіс маңында, Алтайда кездеседі. Аталықтарының үлкен күрек тәрізді мүйіздері болады, аналықтарында мүйіз болмайды. Жазда шөптен, қыста бұтақ, ағаш қабықтары, бұталармен қоректенеді. Бұландардың саны аса көп емес. Бұланның мүйізі өте бағалы. Шипалық қасиеті бар. Ол қолға үйретіледі.
«Балапан» журналы - Омбыдағы «Бірлік» жастар ұйымының 1916-1918 жылдары жариялап тұрған қолжазба әдеби журналы. Редакторы - Қ.Кемеңгерұлы. М.Жұмабайдың «Балапан» қанат қақты» атты аллегориялық әңгімесі осы басылым туралы. Бұл журнал жөнінде С.Садуақасұлы «бірыңғай беллетристика жариялайтын басылым» деп көрсетеді. Қ.Кемеңгерұлының «Қазақ тарихынан» атты зерттеуінде «Балапанның» 1917 жылғы 5-санынан үзінді келтірілген. Мұнда коғамның ауыр халі ащы сыналады. Бұл журнал Алашқа тыныс болған жас толқынның қалам тәжірибесін шындаған мектеп болып тарихқа енді.
Әкесі баласына достарының шынайы дос еместіктерін қанша айтып жүрсе де, баласы онымен келіспей «Сіз оларды білмейсіз – олар менің шын достарым» деп үнемі қарсылық көрсетеді. Бір күні әкесі: «Олай болса достарыңды сынап көрелік. Бір қойды сойып, оны бөлшекте дағы, қан-қан күйінше етті бір қапқа салып кел» – дейді. Бозбала айтқанды жасайды. «Енді», – дейді әкесі – «осы қапты алып достарыңа бар да «біреуді өлтірдім, сүйегі мына қапта… маған көмектес», – деп сұра. Достарыңның саған адал болғанын, болмағанын сонда көресің», – дейді. Бозбала бір досының үйіне барады да, біреуді өлтіріп қойдым деп, одан өлікті тығуға көмектесуін сұрайды. Бірақ досы келіспейді. «Менен алыс жүр!» бәледен аулақ деп есігі алдынан қуып жібереді. Тағы бір досына барса, ол да көмектеспей қайтарып жібереді. Басқалары да солай. Көңілі түсіп әкесінің алдына келеді. «Айтқаныңыз рас екен. Шын дос емес екен олар маған. Ешбірі көмектескісі келмеді», – дейді ол мұңая. Әкесі «Айттым ғой, саған», – деп, енді пәлен жерде тұратын, пәленше деген кісіге сәлемімді айтып бар да, достарыңнан сұрағанды одан да сұра дейді. Бозбала айтылған жерге барып, әкесінің досына жолығады. Әкесінің сәлемін айтып, «Біреуді өлтіріп қойдым, әкем сізді маған көмектеседі деп айтқан», – дейді. Әкесінің досы дереу оны үйге кіргізіп, өзі үйдің артқы бақшасынан бір ор қазады. Қапты сол орға көміп, үстінен қызғалдақтарды егіп тастайды. Бозбала үйге қайтып келіп әкесіне досының көмектескенін, қапты бақшасына көміп, үстінен қызғалдақ еккенін айтып береді. Бұл жолы әкесі: «Енді сол досыма қайтып бар да, ел-жұрттың алдында бүлік шығарып, оны мазала», – дейді. Баласы таң қалады, бірақ әкесінің айтқанын орындайды. Қайтып барып әкенің досына түрлі жаман сөз айтып, ел-жұрттың алдында бүлік шығарады. Сонда да ол кісі балаға: «Әкеңе сәлем айт. Мен бір боғауыз сөз үшін қызғалдақтары бар бақшамды қопаратын адам емеспін», – дейді.