Оқылым Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыздар.
Данияр Маратұлы Елеусінов (13 наурыз 1991 жылы, Березино ауылы, Казталов ауданы, Батыс Қазақстан облысы) — Қазақстандық әуесқой-боксшы, 2016 жылғы Бразилиядағы Олимпиада ойындарының чемпионы, Азиада-2010 жеңімпазы, 2013 жылғы Алматы қаласында өткен Әуесқой бокстан 69 кг салмақта әлем чемпионы, халықаралық спорт шебері.
Бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, 2006 жылы кадеттер арасында әлем чемпионы, 2008 жылы Мексикада өткен жастар арасында әлем чемпионатының финалисті, 2009 жылы Қазақстанның Жастар ойындары жеңімпазы. 2010 жылы Қазақстан және Гуанчжоуда өткен Азия ойындары чемпионы, ҚР Кубогы-2012 чемпионы. 2012 жылғы Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы.
Орал қаласында оқушыларға арналған Данияр Елеусінов атына бокс орталығы ашылмақ.
перевод нужен
Ұлттық дәстүр – ұлтқа рух беріп, оның ішкі, сыртқы келбетін өрнектеп көрсетіп тұратын сипаттардың бірі. Дәстүр – адамдардың ғасырлар бойы қалыптастырған құндылығы, әлеуметтік-мәдени мұрасы. Әдет-ғұрып салт-дәстүрлер арқылы халық өзін-өзі тәрбиелеп отырады. Олар қоғамның, отбасының барлық саласында көрініс табады. Дәстүріміз бұзылса, қоғамның тарихи дамуының сабақтастығы да бұзылады.Ұлттық құндылықтарымызды сақтау үшін дәстүрдің озық үлгілерін насихаттап, ұлттық тәрбиеміздің іргетасы етіп тұрақтандыруымыз керек. Қазақ тұрмысында ұрпақты қоғамға, отбасына бейімдеп, адамгершілікке, отансүйгіштікке, ержүректілікке, имандлыққа тәрбиелейтін әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз жеткілікті. Қазақ халқының терең тамырлы өнегелі әдет – ғұрпы, салт-дәстүрін балалар бойына дарытып, имандылық, адамгершілік рухында тәрбиелеу. Ұлттық әдет ғұрып, салт-дәстүрлер арқылы-қазақ халқының өзіндік дәстүрлерін бойына сіңіре білетін, салт-дәстүрлерімізді ұғына білетін, оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыра білетін, ұлттық рухпен қаруланған тұлғаны қалыптастыруға мүмкіншілік аламыз. Халқымыздың тәрбие негізі, асыл қазынасы –салт-дәстүрлерді дұрыс жеткізе білсек, ұлтжанды азаматты қалыптастырдық деп нық айтуға болады.
ортамен тығыз байланыстамыз. Біздің айналамыз көзімізге көрінетін, көрінбейтін, ұстай алатын, сезе алатын, сезе алмайтын заттар мен құбылыстардан тұрады . Адам қоғамда, табиғатта, болып жатқан өзгерістерден үнемі хабардар болуы керек. Мұны түсіну үшін болып жатқан құбылыстарды дұрыс қабылдап, саралап, әлемнің ақпараттық бейнесі туралы түсінік қалыптастыра алуымыз қажет.
Біз мынадай түсініктермен танысамыз:
Мегаәлем: бұл топқа галактика, жұлдыздар, ғаламшарлар, яғни үлкен көлемді нысандар кіреді.
Макроәлем: адам өлшемдерімен салыстыруға болатындай тірі және өлі табиғаттан тұрады.
Микроәлем: өлшемдері өте кішкентай нысандардан – молекула, атом сияқты нысандардан тұрады. Ал барлық нысандар заттардан тұрады. Зат дегеніміз бізді қоршаған нәрселер – ауа, жер, су, адам және т.б.
Микроәлем, макроәлем, мегаәлемдерді келесі параметрлермен өлшеп салыстыруға болады:
1) арақашықтықты өлшеу бірліктері (м, км, см, және т.б),
2) салмақты өлшеу бірліктері (г, кг, т, фунт және т.б)
Сонымен қатар, бұл түсініктер бір –бірімен тығыз байланысты және бірі –бірінен соң шынжыр (цепочка) тәріздес келеді. Олар бір –бірін құрайды. Табиғатта бұл құрылым былай сипатталады: дене – зат – молекула - атом – электрон – протон. Егер де бір электрон бірдеңеге ұшыраса, онда оның атомы қирайды да (машинаның бір болты түсіп қалса, не болар еді?), ол өз кезегінде молекуланың бұзылуына әкеліп соғады. Мәселен, қантты өртесе, ол қант емес көмірге айналады. Осылайша, қарапайым мысалдан-ақ, зат құрамындағы өте кішкентай электрон деген бөлшектің табиғатта атқаратын қызметінің аса маңызды екенін түсінуге болады. Айналамыздағы кез-келген зат туралы осыны айтуға болады.
1911 жылы ағылшын ғалымы Э. Резерфорд ұсынған атом құрылысының моделі планетарлық жүйені еске түсіреді. Күнді айналған ғаламшарларға ұқсайды. Сондықтан оны «Атомның планетарлық моделі» деп те атайды. Күнді айнала қозғалған планеталар сияқты, оң зарядты ядроны теріс зарядты электрондар айналады. Атом көлемі күн жүйесінің аса кішірейген көшірмесі сияқты. Атом құрылысы мен аспан денелері арасындағы ұқастық таңғажайып. Бұл ұқсастық - әлемнің біртұтастығының өте айқын дәлелі.
Табиғатта кездейсоқтық жоқ, әр заттың өз орны, өз реті, өз жолы, өз қызметі бар. Яғни, барлық нәрсе өз ішінде көзге көрінбейтін атомдар дүниесінің ішкі заңына бағынады. Сыртқы әлем түгел ғарыш дүниесінің жолымен жүреді. Бұған қарағанда, макроәлем мен микроәлем ұқсас. Өйткені олардың негізі бір, заңы бір.
жүктеу/скачать