І. Оқылым Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыздар.
Данияр Маратұлы Елеусінов (13 наурыз 1991 жылы, Березино ауылы, Казталов ауданы, Батыс Қазақстан облысы) — Қазақстандық әуесқой-боксшы, 2016 жылғы Бразилиядағы Олимпиада ойындарының чемпионы, Азиада-2010 жеңімпазы, 2013 жылғы Алматы қаласында өткен Әуесқой бокстан 69 кг салмақта әлем чемпионы, халықаралық спорт шебері.
Бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы, 2006 жылы кадеттер арасында әлем чемпионы, 2008 жылы Мексикада өткен жастар арасында әлем чемпионатының финалисті, 2009 жылы Қазақстанның Жастар ойындары жеңімпазы. 2010 жылы Қазақстан және Гуанчжоуда өткен Азия ойындары чемпионы, ҚР Кубогы-2012 чемпионы. 2012 жылғы Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы.
Орал қаласында оқушыларға арналған Данияр Елеусінов атына бокс орталығы ашылмақ.
1. Мәтінге атау беріңіз. (1)
2. Мәтіндегі негізгі ойды жазыңыз. (1)
3. Мәтіндегі сан есімдерді сөзбен жазыңыз. (3)
1) 13 наурыз 1991 –
2) 2012 –
3) 2016 –
4. Мәтіндегі септік жалғауларына жауап беретін сөздерді тауып жазыңыз. (3)
1) Ілік септік (кімнің? ненің?):
2) Барыс септік (кімге? неге?):
3) Табыс септік (кімді? нені?):
5. Мәтін мазмұны бойынша 3 сұраулы сөйлем құрастырыңыз. (3)
1)
2)
3)
ІІ. Жазылым (4)
"Күш – білімде, білім – кітапта» деген пікірмен келісесіз бе? Келіссеңіз, немесе келіспесеңіз пікіріңізді дәлелдеңіз. 35-40 сөз
ІІІ. Айтылым (5)
Ұсынылған тақырыптардың ішінен біреуін таңдаңыз да, мазмұндап айтыңыз. 35-40 сөз
1) «Жер-ана – ортақ үйіміз»
2) «Мен ұнататын мамандық»
Мәтін мазмұны бойынша жұмыс
Мәтінге атау береді
1
Мәтіндегі негізгі ойды жазады
1
Мәтіндегі сан есімдерді сөзбен жазады
3
Мәтіндегі септік жалғауларына жауап беретін сөздерді тауып жазады
3
Мәтін мазмұны бойынша 3 сұраулы сөйлем құрастырады
3
2
Жазылым
Ұсынылған пікір бойынша көзқарасын дәлелдейді
Ұсынылған сөз мөлшерін ұстанады
1
Пікірін тұжырымды бере біледі
2
Грамматикалық ережелерді сақтайды
дам лучший) до 18 .00
Ендеше қазіргі кезде әлем елдері назарын өзіне аударып отырған осы су айдынын зерттеу сол ерте заманан бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді деуге болады. Міне, сондықтан да көне зерттеулер мен қазіргі жаңа мәліметтерді салыстыру арқылы Арал теңізі бассейнімен оның жағалауының даму эволюциясын, сондай-ақ ғасырлар бойы өзгеру сипатын анықтау қиын емес. Мысалы, ежелгі заманның өзінде Арал теңізі көп елдерге мәлім болған. Өйткені, сол IХ-X ғасырлардағы араб ғалымдары – Ибн Хордадбех, Ибн Руста, Әл-Масуди, Әл-Истахри келтірген мәліметтер аса құнды саналады. Демек, бұл еңбектерден сол кездегі Аралдың көлемі мен жағаларының пішіні туралы мағлұмат алуға болады.
Ибн-Хордадабех «Китаби-ал-масалик Вал-мамлик» саяхаттар мен мемлекеттер кітабы атты еңбегінде Амударияны -Жейхун, Арал теңізін - Күрдер көлі деп атайды. Ал Ибн-Рустеннің Амудария мен Арал теңізі туралы жазғандары неғұрлым нақты, оның мәліметтері бойынша, Арал теңізінің көлемі 80 фарсах (бір фарсах-6 шақырым). Теңіздің басты жағалауындағы Жоталары Сиякух (қара таулар) деп аталады. Ал оң жақ жағалауы батпақты, онда қалың орман өскен. Демек аталмыш Сиякух – үстіртің тік жарлы құздары болуы мүмкін. Өйткені оның батыс жағалауы қазір де биік келеді, кейбір нүктелердің биіктігі 190 метрге жетеді.