Оқылым. Мәтінді оқып,тапсырмалары орындау. Қазақ халқының қолөнері – халық тұрмысымен бірге келе жатқан, тарихи ежелгі өнер. Қазақ халқында қолөнерінің сәндік қолданбалы өнерінің көп ғасырлық тарихы бар. Халық қолөнерінің бай мұралары бүгінгі күннің алтын қорына айналып отыр. Қолөнер түрлері көп. Жүннен, киізден жасалатын бұйымдар, өрмек тоқу, тері өңдеу, ши тоқу, кілем тоқу, ер-тұман жасау, ағаш бұйымдары, кесте тігу, зергерлік өнер, т.б. Қазақ қолөнері ғасырлар бойы көркем ой, халық талғамымен үздіксіз дамып келеді. Халық шеберлерінің тынымсыз еңбектерінің нәтижесінде өз жалғасын тауып келген. Көне дәстүрлерді көздің қарашығындай сақтап және байыта отырып, халықтың көркем қолөнер кәсібі қазіргі мәдениеттің айқын құбылысы болып, үй тұрмысының маңызды және бөлінбес құрамына айналған.
4-тапсырма: Мәтінге тірек сөздерді анықтаңыз:
Д) мәдениет, еңбек, шебер, ағаш
А)үй, жүн, көп, дамып келеді
Б) қолөнер, ежелгі, халық, шебер
С)бай, киіз, тарих,маңызды
Әбілхан Қастеев (1904 —1973 жж.) — қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері — Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956).«Колхоздағы сүт ферма», «Мақта жинау», «Колхоздың тойы», «Қыз алып қашу», «Сатып алынған қалыңдық», «Алтын астық», «Ақсай карьері», «Медеу мұз айдыны», «Түрксіб», «Талас жағалауы», «Қапшағай даласы». Сонымен қатар Кенесары Қасымов, Абай, Шоқан Уәлиханов, Жамбылдың портреттері; ерекше танымал болып табылатын портреті – «Амангелді Иманов» портреті сияқты танымал суреттері бар.
Объяснение:
Қазақ тілінде осы қосымшылардың бір тобы соңғы буынның жуан-жіңішкелігіне қарамастан, не жуан, не жіңішке қалпында қосылады.
Көмектес септік жалғаулары: - мен, - бен, - пен (доп-пен, дос-пен т.б.)
-нікі, -дікі, -тікі (апам-дікі, қойшы-нікі)
-тай, -тал, -дар, -еке, -тар ( шеше -тай, білім - дар, ата - еке, сезім - тал т.б.)
-хана, -стан, -кент, -күнем (дәрі - хана, Пәкі-стан, Шым - кент, пайда - күнем т.б.)
-кер, -гер, -қор, -паз, -қой, -ғой, -гөй,- кеш -уар (қалам - гер, пәле - қор, өнер - паз, кәсіп - қой, сөз-уар т.б.)
-ов,- ова, -ев,- ева, -ин,- ина (Cейсенбеков - тің, Aлмабаев - тың). Мұнда қосымша түбір сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады.
Мысалы:
Бұл қызыл көйлек апамдікі болу керек.
Аружан - өте сезімтал болып өсіп келеді.
Ертеңгі концертте өңіріміздің өнерпаздары өз өнерлерін көрсетеді.
Сөзуар адамдарды ұнатпаймын.