Оқылым. Мәтінді оқып, тапсырмаларын орында. Әкем екеуміз жолсапарға шықты. Ауылда тұратын атам мен әжеме барамыз. Анам екеумізге жолазық дайындап берді. Жолшыбай Түркістан қаласында тұратын ағамның үйіне барамыз. Теміржол бекетіне пойыздың жүруіне жарты сағат қалғанда келдік. Кассаға барып, билет сатып алдық. Билеттің құны екеумізге 11 400 теңге болды. Біз отыратын 64-інші жүрдек пойыз вокзалға келе жатыр. Бұл пойыз «Көкшетау – Қызылорда» бағыты бойынша жүреді.
Оператор қыз: Құрметті жолаушылар! «Көкшетау-Қызылорда» бағытындағы пойыз екінші жолға келіп тоқтайды. Пойыз толық тоқтағанша вагондарға жақындамаңыздар!» - деп қайта-қайта хабарлап жатыр.
Пойыз тоқтағаннан кейін әкем екеуміз вагонға кірдік. Вагонның іші таза екен. Заттарымызды вагонға қалдырып, далаға шықтық. Анықтама бюросындағы қыз: «Құрметті жолаушылар! 64-інші жүрдек пойыз жүргелі тұр, сақ болыңыздар!» - деп хабарлады.
Жолаушыны жол сынайды,- демекші әкем екеуміздің жолымыз болып, діттеген жерге аман – есен барып келсек. Жолға шыққан барлық жолаушыларға «Ақ жол!» тіледім
1-2. Мәтіннің стилі мен жанрын анықтап, себебін дәлелдеңіз.
[2]
3.Мәтіннің негізгі идеясы
[1]
4.«Жолаушыны жол сынайды» мақалын қалай түсінесің?
[1]
5. Қарамен жазылған сөйлем мәтінде не үшін қолданылған?
[1]
Жазылым. Берілген екі сұрақтың қайсысына жауап жазатыныңызды көрсетіңіз.
І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясын оқығаннан кейін, мектеп журналына «Ұлы дала-көшпенділер мәдениеті» тақырыбында мақала жазуға шешім қабылдадыңыз. Афоризмдерді орынды қолдана отырып, шағын мақала жазыңыз. Өздік, өзгелік етісті қолданыңыз.
«Жазу ауыстыру қалай жүзеге асады?» деген тақырыбында эссе жазыңыз. Афоризмдерді орынды қолданыңыз. Өздік, өзгелік етісті қолданыңыз. [10]
Қазақ тілі – батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады. Бұл тармаққа кіретін тілдер – қарақалпақ, ноғай, татар, башқұрт, қырғыз, қырым татары, қарайшай, балқар, құмық және тағы басқа тілдер. Қазақ тілі - өзіндік әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл. Қазақ тілінің тарихы әртүрлі тарихи кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты.
Оның қалыптасуға бет алуы ХІ-ХІІ ғасырлардағы Түрік қағанатының пайда болу кезеңінен басталып, ХҮ ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден қалыптасып болған еді. Басқа түркі тілдерімен салыстырғанда, сөздік қоры жөнінен, қазақ тілі – ежелгі таза қалпын тұтас сақтап келе жатқан тілдердің бірі. Ғалымдардың пайымдауынша, қазақ тілінің ауыз әдебиеті және жазба әдебиеті сияқты екі қайнар көзі бар.
Қалыптасудың барлық сатыларын бастан кешірген ана тіліміз – мейлінше жетілген ұлттық тіл.
Ана тілімізде әдеби шығармалар, ғылыми-бұқаралық, техникалық, құқықтық, педагогикалық, саяси, өнертанушылық әдебиеттер жарияланады. Тіліміз еліміздегі азаматтардың өзара қарым-қатынас тілі болумен ғана шектеліп қалмайды, оның мұрағаттық, ақпараттық қасиеттері де мол. Қазақ тілі – бай да құнарлы тілдердің қатарына жатады. Ежелгі бабаларымыздың тарихы, шежіресі және түрлі әдеби мұралар бүгінгі ұрпаққа өзіміздің осы ана тіліміз арқылы жетіп отыр. Тіл тарихы халық тарихына ұқсас. Қоғамның жылжып, өзгеруіне байланысты тіл де дамып, өзгеріп отырады.
Қазақ тілі тарихында орын алған түрлі қиындықтар мен дағдарыстардың объективті себептері бар. Біріншіден, қазақ халқы үш ғасырға жуық орыс отаршылдығының қыспағында болып, ұлт ретінде жойылып кетудің бірнеше сатыларын бастан кешірді. Екіншіден, Жоңғар шапқыншылығының халқымызға тигізген зардаптары да орасан зор болды. Үшіншіден, Кеңес өкіметі жетпіс жылдан астам уақыт бойы ұлттардың жақындасуы деген желеумен ұсақ ұлттардың тілдеріне қысым жасап келгені белгілі.
1989 жылы 11 қыркүйекте қабылданған “Тіл туралы” Заңда “Тіл - халықтың ұлы жетістігі, әрі оның ажырамайтын және бөлінбейтін белгісі”делінген. Ал бірінші баптың бірінші тармақшасында “Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады” деп жазылған.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев “Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде” деген тұжырымдаманы үнемі айтып келеді. Қазақ тілі мәселесі мемлекеттік деңгейге көтерілген кейінгі жылдары бұқара жұртшылық та ана тілі үшін белсенділік танытуда. Бірақ әлі шешілмей жатқан түйінді мәселелер де баршылық.
Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан, кез-келген мемлекет өзінің аумақтық салт-дәстүрін, ана тілін ерекше қорғайды.
Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз – өз ана тілінде таза сөйлеу және оны жақсы біліп, туған анадай сүю.
Сүйемін туған тілді – анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін, - деп С.Торайғыров ағамыз жырлап өткен.
Ана тілінің күші мен құдіретін туған халқымыз әуелден-ақ бағдарлап, сөз өнерін бар өнердің басы деп санаған. Мысалы: “Өнер алды – қызыл тіл”, “Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады”, “Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні бар” сөздері халқымыздың орынды сөзге қандай мән бергенін көрсетеді. Абайдың даналығына, Махамбеттің батылдығына, Бұқардың ақылгөйлігі мен халқына деген жанашырлығына, Абылайдың данышпандығына, Бөгенбай мен Қабанбайдың ерліктеріне сүйсініп, рухани өмірімізге азық етеміз.
С.Бегалин атындағы Мемлекеттік республикалық балалар кітапханасы назарларыңызға
“Қазақ тілім, өркенде,
Бола бер күшті, көркем де!” атты әдістемелік құралды ұсынып отыр.
Құрал мұғалімдер мен оқушыларға ғана емес, ұрпақ өсірер, оның келешегін ойлар исі қазаққа арналады