ОҚЫЛЫМ Мәтінді түсініп оқыңыз
Ана тілі
Ана тілі - бұл атаңның, анаңның тілі, туған халқыңның тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізге, әжеміз бен атамызға, басқа ересектерге еліктеп жүріп біле бастаймыз. Ананың ақ сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз. Өзіміз өсіп, ержеткен сайын халықтан, мектептен, кітаптан, газет-журналдан, радио-теледидардан, кино-театрдан үйреніп, ана тілін тереңірек біле береміз. Ол - біздің өмір бойы өзгелермен ұғынысатын негізгі қатынас құралымыз.
Әр халықтың жер бетінде жасағаннан бергі басынан кешкен өмірі ерлік істері, аңыз-ертегілері, өлең-жырлары, кітаптары, табиғат пен қоғам құбылыстары атаулары, жалпы дүние жайындағы ұғымдары, ойы, сезімі – бәрі-бәрі де ана тілінде сақталады. Ана тілі арқылы атадан балаға ауысып отырады.
Ана тілін жақсы білмейтін адамды шын мәніндегі мәдениетті адам деуге болмайды.
2-тапсырма. Мәтіннен теріп жазыңыз.
Тілдің қатысына қарай жуан дауысты дыбысы бар 2 cөз жаз.
Тілдің қатысына қарай жіңішке дауысты дыбысы бар 2 cөз жаз.
Жақтың қатысына қарай ашық дауысты дыбысы бар 2 cөз жаз.
Жақтың қатысына қарай қысаң дауысты дыбысы бар 2 cөз жаз.
Жаз келді. Күн шығып, дала жасыл кілемге оранып, әдемі гүлдер шығып жайқалуда.
Баларда демалысқа шығып, ауылдағы ата- әжелерінің үйлеріне барады . Күн сәулесі адам денесін ысытады.Көп отбасылар енді теңізге барады. Қалың киімдерін салып, жеңіл киімдерін шығарады. Далада көп деген шыбын- шіркейлер, көбелік, инеліктер шығады. Жаз өте ыстық болады, сондықтан отбасылар далаға жатады. Төрт-түлік малдар төлдейді. Балалар қошақан, бота ,күшік солармен күні- түні қызық көріп ойнайды. Жас балалар қолдарына ермексаз байланған жіп ұстап, инеліктерді ұстайды. Жазымызда осындай қызықтармен өтеді. Жаздан кейін желді, жаңбырлы, алай-дүлей күз келеді.