Оқылым Мәтінді түсініп оқып, тапсырмаларды орындаңыз.
Қазақ тілі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып саналады. Қазақ
тілі – әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай тілдердің бірі. Қазақ халқының ана тілі. Тіл
әрбір азаматқа ана сүтімен беріледі. Ана сүтімен берілген қасиеттер тілдің
арқасында дамиды. Туған тілге деген құрмет пен сүйіспеншілік бала кезден
басталуы керек. Отанға деген ерекше сезім де туған тіліңді білуден басталады. Тіл –
халықтың рухани, мәдени байлығын дамыту құралы. Қазақ тілі – халқымыздың
рухани байлығы, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалып отырған асыл
мұра. Азаматтың қолындағы барлық асыл заттары ескіреді, жоғалады, ал тіл –
ескірмейтін ең қымбат мұра. Қазақтың ақыны М.Жұмабаев: «Ұлтқа тілінен қымбат
нәрсе болмақ емес, бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмыс-тіршілігі,
мінезі айқын көрініп тұрады» - деген. Тіл байлығы - әрбір ұлттың мактанышы.
1-тапсырма. Мәтін мазмұнына сай берілген сұрақтарға толық жауап жазыңыз.
1. Қазақ тілі қандай тіл?
2. Сенің ана тілің қандай тіл?
3. Тіл қандай құрал?
4. Тілді неге ескірмейтін мұра деп айтады?
5. Әрбір ұлттың мактанышы не?
1-Ұлттық тіл; 2-Қазақ; 3-Сөз; 4-Себебі ол атадан балаға аманат ретінде қалатын мұра; 5- Тіл
Объяснение: