Оқылым МӘТІНМЕН ЖМ -тапсырма. 3 Диалогті рөлге бөліп оқыңдар. Әлібек, сенің электронды поштаң бар ма? Әрине, бар. Сенің ше? Менің электронды поштам жоқ. Маған пошта ашып берші. Оны қалай ашады Оны ашу оңай. 10-15 минут уақыт кетеді Шын ба? Қалай ашуға болады? Бірінші пошталық серверді таңдаймыз. Екінші, апошта ашу» жазуын тауып, жағын басамыз. Пошта жәшігі ашылды ма? Жоқ. Үшінші, ашылған терезеге аты-жөніңді, логиніңді жазамыз. Электрон құпия сөз қоюың керек. Қандай сөзді таңдайсың? Ол не үшін керек? Сенің поштаңды басқа адамдар ашпау үшін құпия сөз қажет. - Менің туған күнімді жазайық! - Төртіншіден, соңғы терезеге сенің телефон нөміріңді жазамыз. «Тіркелу тінтуірмен басамыз. Болды, енді сенің жеке электронды поштаң бар. Өзіңнің жа хабарлама жаза бер. Құттықтаймын! Рақмет, Әлібек! Сен нағыз доссың. Надо составить вопросы
Сәлеметсіз бе, Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагері. Сұрапыл соғыстың аяқталғанына 9 мамыр күні 70 жыл толады. Ұлы Жеңіс күні құтты болсын! Отан алдындағы, келешек ұрпақ алдында жасаған ерлігіңізді, батылдығыңызды ақ жүректен жарылып шыққан шынайы, таза, ақжарқын алғыс сөздермен қалай жеткізсем деп ойлаймын.
Қанша алғыс айтсақ та, көп болмас еді. Біз әрқашанда сіздің ерлік, батырлығыңызды, неміс фашистерімен бетпе-бет келіп, тайсалмай шайқасқан күндеріңізді мақтан етеміз. Ол күндерді жадымызда сақтап, сізге бас иеміз. Осындай бейбіт өмір, тыныштық, молшылық, бізге сыйлаған бақытты балалық шақ, тек қана сіз және майдандастарыңыздың арқасында келген жеңіс. «Жеңіс! Жеңіс! Жеңіс!» - деп, ашық аспан астында қуанышымды айқайлап айтқым келеді. Ұлы Отан соғысына қатысқан Кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов, Төлеген Тоқтаров, Нүркен Әбдіров.
Павлодарлық жерлестеріміз: Қанаш Камзин, Садықов Темірболат, Кепешев Мүбарәк, Сексенбаев Тәуекел, Құсайын Бүркітбаев т.б жеңіс күніне жеткізген аға, апа, аталарымызға басымызды иіп тағзым етеміз, мәңгілік от алауына гүл шоғырларын қоямыз. Ұрпақтың парызы – бұл күнді есте сақтау. Сіздердің арқалаларыңызда бейбітшілікте, Тәуелсіздікте бақытты өмір сүріп жатырмыз. Елімізде мәңгі бейбітшілік болсын, Елбасы жасасын, Еліміз жасасын!
Қаңқа немесе скелет – адам мен жануарлар денесіне тірек және оны сыртқы зақымнан қорғайтын қатты тіндерден құралған, бір-бірімен байланысқан дене сүйектерінің жиынтығы. Қаңқа организмде тірек, қимыл және қорғаныш қызметтерін атқарады; минералдық заттар алмасуына қатынасып, кальций, фосфор, т.б. тұздардың жиналатын қоры болып табылады. Сондай-ақ организмдегі қан түзілуі процесі де осында өтеді. Қанның тірек қызметі: бұлшық еттер, шандырлар, ішкі органдар сүйектерге бекітіледі. Қаңқа сүйектері ұзын және қысқа рычагтар қызметін атқарып, бұлшық еттердің жиырылуы нәтижесінде қозғалысқа келеді. Қаңқа органдарды сыртқы әсерлерден қорғайды. Мысалы, бас сүйек қуысы – миды, омыртқа бағанасы өзегі – жұлынды, кеуде торы – жүректі, өкпені, ірі тамырларды қорғайды, ал жамбас астауы – несеп және жыныс мүшелеріне қорғаныш болады.