Оқылым Прочитайте текст и ответьте на вопросы:
Жастардың отбасылық ұғымына бұқаралық ақпарат құралдарының жағымды
жақтарымен бірге жағымсыз, кері әсері де қоғамда алаңдаушылық туғызуда. Теледидар,
радио, кинотеатр және интернет сияқты БАҚ әлеуметтік жүйелерді қалыптастыру және
күшейтуде зор ықпалға ие екендігі даусыз. Алайда бұқаралық ақпарат құралдарының жеке
өмірге де тигізетін әсерін жоққа шығаруға болмайды. Қатігез бағдарламалар, ойындар мен
кинолар, жарнамалар адамның рухы мен жанына кері әсер етеді. Бұлардың бәрі қоғамдағы
адамдардың тұрмыс тәсілінің өзгеруіне әкеп соғады. Әрине, дәл осындай ақпараттар адамның
адами құндылықтарының жойылуына себепші болады.
Отбасы ең маңызды әлеуметтік мүше ретінде БАҚ ықпалынан көп зардап шегеді.
Теледидар жастардың отбасын құру туралы пайымына, отбасында қарым-қатынас құруына,
жас ұрпақты тәрбиелеу сапасына әсер етеді. Бала санының азаюы, әйелдердің қоғамдағы
рөлінің өзгеруі және тағы басқа әлеуметтік факторлар отбасы құрылымын өзгерткен. Түрлі
телебағдарламалар, әлеуметтік желілер мінез-құлық үлгілерін, кино, телехикая және жарнама
түрінде ұсынады. Осы үлгілер бала кезден адамның ішкі жан дүниесінен орын алып, ерлізайыптылар мен перзенттерінің қарым-қатынасында белгілі бір бейне қалыптастырады.
Мәселен, осы қалыптар әйелдердің еркекке ұқсауы, ер адамның әйелге үстемдігі түрінде, ерлізайыптылар арасындағы ұрыс-керістер, ата-ана мен бала арасындағы жағымсыз байланыс
түрінде көрініс табады.
Ерекше тоқталып өтетін тағы бір ортақ мәселе бар. Ол – жастардың ғаламторға
тәуелділігі, ойынқұмарлығы. Бұл адамның әлеуметтік өмірден, мәдениеттен алшақтауына
әкеп соғады. Ондай адам үшін компьютер ойындарынан басқа қасиетті ештеңе қалмайды.
Ойынға тәуелді болудың да себептері бар – жұмыссыздық, көңіл-күйдің болмауы, көңіл
бөлінбеу және т.б. Қатігез ойын ішінде кейіпкер өзінің барлық ой-тәсілін іске асыра алады,
адамдарды жазалау немесе проблемадан қашу және т.с.с. Бұндай іс-әрекеттерден
бойымызды аулақ ұстау үшін жақындарымызға көбірек көңіл бөліп, баланың қандай іспен
айналысып жүргенін қадағалау керек. Балаларымызды барлық нәрседен шектей алмаймыз,
дегенмен қадағалап, дер кезінде көмек беруге болады.
2. Мәтінде қандай мәселе көтеріледі?
3.Мәтіннің негізгі тақырыбы
4. Мәтін бойынша 1 сұрақ құрастыр.
Ана тілі - әрбір адамның бойына анасының ақ сүтімен дарыған тілі. Менің ана тілім - қазақ тілі.Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, қазақ халқының ана тілі, шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты, көркем, дана, сұлу, рухани бай, Абай әрлеген, Жамбыл жырлаған, Мәңгілік елдің Мәңгілік тілі!Қазақ тілі әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, келбетті тілдердің бірі. Қазақ тілі қазақ халқының ана тілі. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не? Себебі, тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз қазақ тілі.Тіл қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғап, оның орынсыз шұбарлануының қарсы тұруы тиіс. Себебі, ана сүтімен дарыған тіл - ең басты байлығымыз.Тіл халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.
Су- баға жетпес байлық. Жер бетінде барлық тіршілік суға байланысты.
Дүние жүзіндегі барлық халықтар сияқты қазақ халқы да ерте заманда өзен,көл,бұлақ,әсіресе құдық суының тазалығына қатты көңіл бөлген. Ата-бабамыз ұлттық дәстүрімізде суды қадырлеу,суды лайламау,суды ластамау туралы өсиет сөздерді көп айтқан. Балаларға ата- анасы «Суды сабама,балығын шошытасың», «Бұлақты лайлама,құсын кетіресің» деген тоқтау сөздер айтып,тәрбилеген. «Бұлақ көрсең,көзін аш» деп өсиет айтқан.Бұдан қазақ халқының суды қалай қастерлеп,қорғайтынын көреміз.Өзен,көл-табиғат көркі.Ондай жерде жайқалған өсімдік,қаптаған жануарлар тіршілік етеді.Өзенді,көлді жерде құс көп болады.