В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
arifmametov1
arifmametov1
29.03.2023 23:55 •  Қазақ тiлi

Оқылым Тапсырма Берілген сұрақтарға жауап беріңіз. [10]

А мәтіні

Достығымыз әлемге әйгілі

Қазақстан көпұлтты Республика екені бұрыннан белгілі. Кеңестік дәуірде ҚСРО- дағы жалғыз интернационалды ел аталғанымыз тегін емес. Ежелден бауырмал, қайырымды қазақ халқы тағдыр-тәлкегіне ұшырап, әлемнің әр тарапынан келген ұлттарды жатсынбай, оларды туған-туыстарындай жақсы көрді. Міне, сондықтан, қазір Қазақстан көпұлтты мемлекет атанып отыр. Дәл Қазақстан сияқты ұлттар достығы өнеге, халықтар достығы үлгі – дүниежүзінде ел жоқ. Біздегі халықтың ынтымақ, бірлігіне, жарастығына тәнті болған шетелдік саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері «Қазақстаннан үйрену керек» дегенді жиі айтады. Барлық ұлттардың терезесі тең, мүдде-мақсаты бір және олардың еркін еңбек етуіне, кәсіппен шұғылдануына, саясатпен айналысуына барлық жағдай жасалған ғой. Ең ерекшелік сол – кейбір ұлт өкілдерінің балалары мектепте өз ана тілінде оқиды. Мысалы, Ресейде мұндай үрдіс жоқ.

Қазір адал еңбектерінің арқасында кәсіппен шұғылданып, байып жатқан отбасылар көбейіп, қауымға айнала бастаған ұлт диаспоралары бар. Ұлттық салт-дәстүрлерін сақтап, өз діндерін ұстанып, бір шаңырақ аясында тату-тәтті өмір сүріп жатқан халық тек Қазақстанда жасап жатыр. Бұған әрине, қуанасың және мақтанышпен айтасың. Осындай ел бірлігі мен тұтастығы жолында өз бағдарламасы мен мақсаты бар Қазақстан Халық Ассамблеясының жұмысына дүниежүзі риза десек артық айтпаймыз. Әрине, оның басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұрғаны айтпаса да түсінікті.

1. Өзге ұлт өкілдерінің балалары өз ана тілінде қай мемлекетте оқытылмайды ?

A.Қазақстан B. Қырғызстан

C. Ресей D.Өзбекстан [1]

2. Ұлт қауымдастығы туралы айтылған абзацты белгілеңіз.

A. І B. Екеуінде де C. ІІ D. Ешқайсысында [1]

3. Қазақстан ұлттық қауымдастықтардың дамуына ерекше ықпал ететін ел, сіз осы тұжырыммен келісесіз бе? Келісу немесе келіспеу себептерін 4-5 сөйлем арқылы жеткізіңіз. [3]

Ә мәтіні

Кең байтақ еліміз – Қазақстанда 120-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әрине, бұл деген қазақ халқының ұлылығынан, кеңдігінен, кеңпейілділігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар.

Қазақ осы – айтатұғын желге сыр,

О, ағайын, халық емес ол кесір.

Қазақ осы – аңғал-саңғал жабусыз,

Қазақ осы – ағыл-тегіл, көл-көсір.

Қазақ осы – дала дейтін, күн дейтін,

Қазақ осы – өнер алды тіл дейтін.

Қазақ осы – қарасың ба, ақсың ба,

Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін, - деп Қадыр Мырзалиев ағамыз жырлағандай, ұлы қазақ даласында басқа да ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатыр. Сонымен қатар, олардың әрқайсысының қайталанбас діни және материалды мәдениеті, тарихы, салт–дәстүрі бар.

Қазақ Халықтарының Ассамблеясы Президенттің жарлығы бойынша 1995 жылы 1 наурызда құрылған. Ассамблея ұлтаралық достықты сақтау, мемлекеттік саясатпен ұштастыру, бірыңғай шешім қабылдауды қарастырады.

1990 жылы басталған халықтардың ұлттық салт-дәстүрлерін қалыптастыру жұмысына байланысты Қазақстанның түкпір-түкпірінде 352 бөлімшелер бар, 27 республикалық және аймақтық ұлттық мәдени бірлестіктері ашылды.

Алғаш рет республикалық көлемде кәріс, неміс, поляк, ұйғырлардың съездері болды. Татарлар мен башқұрттардың құрылтайы, өзбек, ұйғыр, түрік, дүнген, күрт, немістердің мәдени фестивальдары болып, онда олардың мәдени күндері белгіленген. Міне, осы шаралардың арқасында көп ұлтты қазақ халқының экономикасы жақсарып, халық саны өсіп, түнгі ұйқылары тыныш болуда. (180 сөз)

4. Өлең үзіндісінде қазақ халқының ұлылығын, кеңдігін, кеңпейілділігін қалай көрсеткен?

A. Қазақ осы – өнер алды тіл дейтін.

B. Қазақ осы – дала дейтін, күн дейтін.

C. Қазақ осы – қарасың ба, ақсың ба

D. Қазақ осы – ағыл-тегіл, көл-көсір.. [1]

5. Қазақстан Халықтарының Ассамблеясының атқарған жұмыстары туралы ақпараттар қай абзацта айтылған.

A. I-V B. ІІІ-ІV C. І-ІІ D. IV-V [1]

6. Қазақстан көп ұлтты ел болғандықтан экономикасы жақсарып, халық саны өсіп, түнгі ұйқылары тыныш болуда, сіз осы тұжырыммен келісесіз бе? Келісу немесе келіспеу себептерін 4-5 сөйлем арқылы жеткізіңіз. [3]

Показать ответ
Ответ:
krisdenya2005
krisdenya2005
28.10.2022 11:10
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТI — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады. Халық фольклоры мен поэзиясының негiзi сол тайпалар шығарған ертегi, аңыз, мақал-мәтелдерде жатыр. Батырлардың отаншылдық сезiмi, туған халқының азаттығы жолындағы күрестерiн жырға қосқан батырлық эпостар («Қобыланды батыр”, «Алпамыс”, «Ер Тарғын”, «Қамбар батыр”, т.б.), халық арасына кең тарап, сүйiктi шығармасына айналған, жастардың адал махаббаты, алмағайып тағдыры жырланған лиро-эпик. дастандар («Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, «Қыз Жiбек”, т.б.) қазiргi Қ. ә-нiң өз алдына мол мұрасы болып саналады; қ. Ауыз әдебиетi.
Ежелгi түркiлердiң арғы ата-тегi саналатын сақтардың батырлық жырлары арасындағы мазмұн, түр, стиль бiрлiгi көркемдiк дәстүр жалғастығы тұрғысынан ғыл. негiзде дәлелдендi. Сол себептi б.з.б. дәуiрлерде шығарылған «Алып Ер Тоңға”, «Шу” батыр, «Атилла”, «Көк бөрi” және «Ергенеқон” дастандары бүгiнгi Қ. ә-нiң қайнар-бастаулары болып табылады. Сондай-ақ аталған қаһармандық дастандар өзiнен кейiнгi тарихи кезеңдердегi — Түрiк қағандығы тұсындағы (8 ғ.) әдеби жәдiгерлердiң («Күлтегiн”, «Тоныкөк”, «Бiлге қаған” жырлары) жазылуына үлгi-өнеге, негiз болды. Түрiк қағандығы тұсындағы жазба әдебиет өзiнен бұрынғы сақтар мен ғұндардың ауыз әдебиетi үлгiлерiмен генезистiк, типол., дәстүрлiк үндестiкте дамыды.
Түрiк қағандығы дәуiрiнде шығарылған ерлiк эпосының бiрi — «Қорқыт ата кiтабы”. Ал, бұдан кейiнгi Қарахан мемлекетi тұсындағы немесе ислам дәуiрi (10 — 12 ғ.) деп аталатын тарихи кезеңдегi түркi халықтарының қоғамдық-мәдени даму тарихындағы Қайта өркендеу — Ренессанс дәуiрi деуге болады. Бүкiл түркi қауымын әлемге танытқан Әбу Наср әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұт Қашқари, Жүсiп Баласағұни, Ахмед Иүгiнеки, Қожа Ахмет Иасауи, Сүлеймен Бақырғани, т.б. осы Қайта өркендеу дәуiрiнде тарих сахнасына шықты. Олар өзерiнiң ғыл. және көркем туындыларында гуманистiк идеяларды, адамгершiлiк пен қайырымдылықты, т.б. iзгi қасиеттердi көтердi. Бұған әл-Фарабидiң «Риторика”, «Поэзия өнерi туралы”, ибн-Синаның «Даныш-намесi” («Бiлiм кiтабы”), әл-Бирунидiң «Хикметтерi” («Даналық сөздерi”), Махмұт Қашқаридiң «Диуани лұғат ат-түрiк” («Түркi сөздерiнiң жинағы”), Баласағұнидiң «Құтты бiлiгi”, Иасауидiң «Диуани хикметi” («Ақыл кiтабы”), Бақырғанидың «Бақырғани кiтабы”, т.б. толық дәлел бола алады.
0,0(0 оценок)
Ответ:
saha174zxcvb
saha174zxcvb
10.01.2020 21:39
Олимпиада ойындары ежелгі а ң өткен тарихының дамуымен байланыстырады. Осы күнге дейін ойынның пайда болу мерзімі нақты айтылмаған. Олимпиада ойындарының пайда болу себебі нақты болмаса да, олимпиада ойындарының пайда болуы жайында эллиндерде бірнеше қызықты аңыздар бар. Алғашқы ойындар Зевс құдайының құрметіне б.з.д 776 жылдан бастап төрт жылда бір рет Олимпия қаласында өткізілетін. Кейін б.з. 394 жылы Византия императоры Федосий І-нің бұйрығы бойынша тоқтатылды. Бұл ойындарда әскери дайындық, дене шынықтыру өнерін көрсету байқаулары, дәстүрге айналған ақындар мен шешендер айтысы, әр түрлі өнер көрмелері ұйымдастырылған. Олимпиада ойындары кезінде соғыстар тоқтатылып, қасиетті тыныштық орнайтын дәстүр қалыптасқан. Осы кезде бір айдан үш айға дейін бүкіл Эллада жерінде қару жұмсауға, тіпті ойынды тамашалаушыларға қару-жарақпен келуге тыйым салынған.І
0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота