Ана жайлы ойыңды, айтып тауса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді. Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана — әрбір а үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. А алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.
Елімізде табиғат сыйлаған ғажайып орындар жетерлік. Исі аңқыған гүлдерге толы құлпырған далалар мен биіктігі бұлттарға жетіп бірақ тоқтайтын жұмбақ таулар әрдайым жұртшылық қызығушылын арттырып келе жатқандығы көңіл қуантады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанға қатынайтын туристер саны жыл өткен сайын артып келе жатыр. Атап өту керек, бұлардың көпшілігі табиғатты тамашалауға келгендер. Бұл қарқынмен алдағы жылдары, туристік державаларды қуып жетуіміз бек мүмкін. Тек жаратушы сыйлаған бұл ғажаптарды бағалай білген жөн.
Қосымша ақпарат:
Қазақстанда туризм негізінен жергілікті халыққа, сондай-ақ шетелдік резиденттердің іскерлік және кәсіптік сапарларына негізделетіні байқалады. 2016 жылы Қазақстанға келген барлық шетелдік резиденттердің жалпы саны 6 509,4 мың адамды құрады, бұл 2015 жылға қарағанда 1,2 %-ға артық. Шетелдік резиденттердің көпшілігі көршілес үш елден: Өзбекстан Республикасынан (37,8 %), Ресей Федерациясынан (24,4 %) және Қырғыз Республикасынан (20,7 %) келген. Келудің негізгі себептері жеке (75,4 %) сапарлар болды, ал қызмет бабындағы іссапарлар (16,2 %), туризм мақсатында шамамен 1 %-дай болды.
Ана жайлы ойыңды, айтып тауса алу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз ойымды аз да болса жеткізгім келеді.
Ана! Ана! Ана! «Ана» дегенде толқымайтын жүрек, толғанбайтын жан жоқ. Осы үш қана әріптен тұратын «ана» сөзінің астарында ұшан теңіз ой жатыр. Ана — әрбір а үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. А алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.
Ақпарат: