Оқылым Тапсырма Мәтінді оқып, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз, (10] Ел ішіндегі тұрақтылық пен тұтастықтың бірқалыпты дамуының шегуші факторы болып табылатын ұлттық бірлік қоғамдық келісімге бастайды. Ал бұл құндылықтар «Мәңгілік ел» жалпыхалықтық идеясында көрініс тапқан. Мәңгілік елге айналу үшін тәуелсіздікті сақтап, елдігімізді нығайту басты мақсат болып табылады, өйткені тәуелсіздік ұғымы халқымыздың мұраты, ғасырлар бойғы арманына айналған, сонау алаш тұлғаларының зердесі мен онегесімен келген аманат дүние болатын. Бұл Елбасымыздың: «...біздің бір ғана Отанымы тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. Осы идеяны әрқайсысымыз сезініп, өмірлік сабак ретінде түйсек, осы жолда бар әлеуетімізді салсак, 2050 жылы мұрат еткен «Мәңгілік Елге» жететінімізге сенімдімін..., ...өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бағытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел», деген сөздерімен толыға түседі, «Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. 1. Кестені толтырыңыз. Тілдік құралдар Мәтіннен 2 мысал Қоғамдық-саяси терминдер мен сөздер Эмоционалды-экспрессивті сиз орамдары 3 Ой салу мағынасында қолданылған сөздер 2. Мәтінді құрылымына сай боліктерге бөліп, жанрын, стилін анықтаңыз. Мәтін болiктерi Мәтін бөліктері басталатын сойлем Жанры, стилі Кіріспе Негап болим Қорытынды 3. Сұрақтарға жауап беріңіз. • Мәтінде қарамен берілген сөйлемдерде автор көпшілікке бағытталған қандай сөздерді қолданады? • «Мәңгілік Ел» сөзін сипаттауда Елбасы қандай бағалаушы сөздерді қолданған? 4. Қарамен берілген мәтін бөлігі қай қатарға сай екенін анықтаңыз. А. Очерк В. Шешендік толғау Шешендик арнау д Баяндама
Міне, қыркүйек туды, күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Аспаннан бұлттар қаптап, сіркіреп жаңбыр да жауып тұр. Күн сирек көрініп, аз жылытады. Анда-санда таңертең салқын болып қояды. Өткір суық жел арық малды, жұқа киімдіні тоңдыра бастады. Жұрт күземін алған, киізін де басып алды. Маса, шыбын, құрт-құмырсқа жоқ болып кетіпті, құстар да жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар көптен көрінбейді. Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады. Ағаштардың жапырақтары сарғайып түсіп шөптер де қурап қалған. Егіншілер астығын жинап алып, шашындыда әр жерде ғана жаңбырға сарғайған шошақтар тұр, оларды де иелері тасып алуға шана жолын күтіп отыр. Ел тегіс биесін ағытып, пысық қатындар желі-ноқтасын кептіріп алды. Жаз күні көп байлағаны есіне түсіп, қымызшыл шалдар арық құлынын жаңа аяп отыр. Ер азамат қыстауды түзеп, кемпір мен шал, борбай балалар от басында отыр. Жаз рақат болса да, киіз үйдің күзді күні суығы-ай! Әне-міне дегенше күз де келді. Оны мен күнтізбеден ғана емес, ауа-райынан байқадым. Күн лезде суытты, ертең тіпті қар жауады деген болжам да бар. Көрерміз... Ауа райының өзгеруі адамдардың көңіл-күйіне қаншалықты әсер етеді екен. Бәлкім терісі қалың, тоңмойын адам суықты да, жапырақтардың сарғайып құлап түсіп жатқанын да елемеуі де мүмкін. Бұл рухани тұрпайылық па, әлде күштілік пе? Бұл туралы өте көп ойлар айтуға болады. Дегенмен де өз басым соңғы кезде ғана ауа-райының өзгерістеріне, тек ауа райы ғана емес, жалпы дүниедегі, өмірдегі өзгерістерге назар аудара бастадым. Адам қандай болсын бірібір кез-келген адамның ойларында қазір күздің сарыны байқалады. Сөйтіп табиғат адамға осылай да әсер етеді екен-ау.